Нұра ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Қ. Жұмановтың тұрғындармен есепті кездесудегі баяндамасы

Құрметті аудан тұрғындары!
Нұра ауданындағы атқару органдарының есептік кезең ішіндегі барлық жұмыстары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», 2018 жылдың 5 қазанындағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты халқына Жолдауларын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін, «Ұлы даланың жеті қыры» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаларын басшылыққа ала отырып, ауданның аумақтық даму бағдарламасын, мемлекеттік бағдарламаларын орындауға бағытталған.
Қадірлі Нұра ауданының тұрғындары!
Біз бүгін 2018 жылы Нұра ауданы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сараптама жасап және алдағы уақыттағы жұмыс ауқымын айқындау, жобалау мақсатында халықтың тілегі мен сұранысын, талабын тыңдап, алдымыздағы мерзімді кезеңге арналған міндеттерді белгілегелі отырмыз.
Бұл, біріншіден, ауданымыздың гүлденуіне әр салада аянбай еңбек еткеннің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз. Сондықтан жыл бойы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар және алда тұрған мақсаттарды назарларыңызға ұсынамын.
Қаржы және экономика саласының жоспарларын жүзеге асыру нәтижесінде барлық қаржылық көрсеткіштер сапалы орындалып, әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өзгерістері байқалады.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы -101,9%. Салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 1048,9 млн. теңге көлемінде орындалды (жоспар -1029,6 млн. теңге).
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99,6% құрады (жоспар бойынша – 6202,1 млн. теңге, орындалуы – 6176,5 млн. теңге).
Бюджеттегі шығыстардың негізгі үлесі - білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік төлемдерді дамыту салаларына, сондай-ақ басқа да әлеуметтік бағдарламаларға жатады немесе аудан бюджетінің жалпы 50,3% құрайды.
Аудандық бюджеттен «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы аясында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» басымдығы бойынша ауданның елді мекендерін жарықтандыруға, балалар ойын алаңдарына қосымша элементтерді сатып алуға -16,9 млн. теңге бөлінді.
«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған. 2018 жылы 31 маманға 5,2 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, 19 маманға  64,9 млн. теңгеге бюджеттік несие берілді.
Кент және ауыл әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару Бақылау есеп шоттарына бөлінген трансферттердің есебінен 30,5 млн. теңге сомасында қаражат келіп түсті, оның ішінде жұмсалғаны – 18,8 млн. теңге және 2018 жылғы 1 желтоқсан күніне бақылау есеп шоттарындағы қалдық қаражат – 26,2 млн. теңгені құрайды.
Жергілікті қауымдастық мүшелерінің хаттамалық шешімдеріне сәйкес, қаражат жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл - ауылдарды көгалдандыру, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары.
Жалпы «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы бойынша ауыл округтеріне бөлінген қаражат толығымен игерілді. Бұл деген жақсы көрсеткіш.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғындар саны 22639 адамды, немесе 2017 жылғы ұқсас кезеңнің 99,1% деңгейін құрады.
Тұрғындардың көші-қоны есебіне сәйкес, ауданның халық саны жыл сайын төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, табиғи өсудің оң динамикасы 6,07 промиллеге, тұрғындардың туу деңгейінің өсуі негізінде 16,2 промиллеге, өлім көрсеткіші негізінде 10,1 промиллеге өсіп отыр.
2018 жылы 1 қарашаға орташа айлық еңбекақы, 2017 жылдың деңгейінен 3,1%-ға өсіп, 143,4  мың теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде ең жоғары деңгей – 202,1 мың теңге, құрылыста – 167,3 мың теңге, ауыл шаруашылығында – 132,2 мың теңге. Мемлекеттік  басқаруда орташа айлық жалақы – 90,0 мың теңге, білім беруде – 92,7 мың теңге, денсаулық сақтау саласында – 77,1 мың теңге.
Экономика саласында экономикалық өсуін қамтамасыз етті:
-өнеркәсіпте 2018 жылға 1,5%-ға өсіп, 112,5 млрд. теңгеге дейін;
-ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі - 27,1 млрд. теңге, немесе 2018 жылға 101% жоспарланып отыр;
-бөлшек тауар айналымының көлемі - 5% артып, 1,4 млрд. теңгені құрады;
2019 жылға арналған аудандық бюджет 5265,4 млн. теңгені  құрайды, аудандық бюджеттің кірісі 947,7 млн. теңгеге жоспарланып отыр.
Салық базасын кеңейту және салық түсімдерін арттыру жұмыстарын жалғастыруымыз қажет.
Өнеркәсіп
Ауданымызда экономиканың нақты саласы бойынша “Шұбаркөл көмір” АҚ, “Шұбаркөл Премиум” АҚ және “Казмарганец” КБ “Тур” кеніші, «Горнорудные Технологии» серіктестігі жұмыс істейді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың негізгі саласы өнеркәсіп көлемі -109,6 млрд.теңге күтілуде, немесе 143,3 % 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда. Нақты көлем индексі – 110%.
Жоспар
- 2019 жылғы жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 111 млрд. теңгені құрайды, немесе 101,3 % өсім 2018 жылмен салыстырғанда.
2018 жылдың тау-кен өндірісінің көлемі – 105,7 млрд.теңге, немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 175% . Нақты көлем индексі – 112%.
“Шұбаркөл көмір” АҚ көмір өндіру көлемі – 11494 мың. тонна, немесе 109,5 % (2017 ж -10495,8 мың.тонна). 2017 жылмен салыстырғанда – 998 мың тонна көмір артық өндірілді.
Кокс өндіру көлемі – 180,2 мың тонна құрады, орындалуы - 89 % 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2017 жыл – 201,7 мың тонна). Жоспардың орындалмау себебі - кокс шығаратын зауыт маусым-шілде айларында ағымдағы жөндеу жұмыстарына тоқтады.
“Шұбаркөл Премиум” АҚ көмір өндіру көлемі – 2,0 млн. тоннаны құрайды. Жоспардың орындалуы -100 %. Кәсіпорында 2017 жылы – 600 мың тонна көмір өндірілді, 2016 жылы – 500 мың тонна көмір өндірілді. Кәсіпорын жұмысы қарқынды даму үстінде.
“Қазмарганец” кен басқармасының “Тур” кенішінде марганец қоспасын өндіру көлемі 146,5 мың тоннаны құрады, немесе 118 % 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2017 жыл – 123,8 мың тонна).
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауыл шаруашылығы - халықтың әл-ауқатын көтеретін, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін   маңызды сала.
Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  ерекше  көңіл бөлуі мен қолдау көрсетуі арқасында  экономиканың бұл секторы  белсенді түрде дамып келеді. Жыл сайын бұл салаға қомақты қаржы бөлініп, ауыл экономикасы мен тұр-ғындардың әлеуметтік тұрмысы айтарлықтай даму үстінде.
Биылғы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы жылында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін аса табысты жыл болды.
Өткен жылы ауданымыздың диқаншылары мемлекеттік қолдау, жаңа технологиялар мен агротехникалық мерзімдерді сақтау арқылы өсімдік шаруашылықтары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. 235,7 мың гектар жерден астық жиналып, орташа түсім гектарына  13 центнерді құрады.
306,4 мың тонна бидай орылды. Қажетті тұқым көлемі – 29,1 мың тонна толығымен қамбаға құйылды.
Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлем индексі 110,7% құрады (2017 жылы 91,9 %). Өндірілген өнімнің жалпы көлемі - 25,4 млрд. теңге (2017 жылы 24,2 млрд. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласындағы өндірілгені - 13,8 млрд. теңге (2017 жылы 11,2 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 117,0% . Мал шаруашылығы – 11,5 млрд. теңге (2017 жылы 13,4 млрд. теңге), нақты көлем индексі – 101,3%.  Инвестициялар 2,3 млрд. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің арасында жасалған 2017-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егістігі алқабының құрылымын әртараптандыру жөніндегі меморандумға сәйкес, ағымдағы жылы барлық егістік алқабы өткен жылмен салыстырғанда 6,8 мың гектарға ұлғайтылып, жаздық егіс 258,6 мың гектарды құрады. Оның ішіндегі дәнді-бұршақты алқаптары 245,0 мың гектарды құрады.
Биыл 32 ауыл шаруашылығының иелері 33,8 млн. теңгеге субсидия алып, 3,5 мың тонна элиталық  және бірінші репродукциялы тұқым сатып алды. Сондай-ақ, ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері 16 мың гектар алқапқа 1,3 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізді.
Дала жұмыстарын жүргізуге құны жеңілдетілген 10,2 мың тонна дизель отыны бөлінді. Яғни, көктемгі егіс жұмыстарына – 5,5 мың тонна (литрі – 163 теңге), орақ науқанына – 4,4 мың тонна (литрі – 169 теңге) және кептіруге – 0,2 мың тонна.
Биылдан бастап облыстың агроөнеркәсіп кешенінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға қабілетті сандық технологияларды енгізу басталды. Бұл – «нақты егіншілік» және «смарт-ферма» элементтері.
«Нақты егіншілік» элементтерін енгізу нысаны ретінде пилоттық шаруашылық «Шахтерское»  серіктестігі болып анықталды.
Бұл шаруашылықта ANT компаниясының «Ауыл шаруашылығы өндірісін сандық форматта басқару» ақпараттық жүйесі енгізілуде. Техника мен дрондардан алынған барлық ақпарат, яғни, жанар-жағармай шығыны, техниканың жұмыс уақыты, дақылдардың пісуі, астық өнімділігі, ылғалдылығы және тағы басқа ақпарат агрономның планшетіне және шаруашылықтың негізгі компьютеріне түседі.
Бұл аталған цифрлық технологияны ауданымыздың барлық шаруа қожалықтарында қолданысқа енгізуіміз керек.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңартылған бағдарламасында ерекше көңіл бөлінген мал шаруашылығы саласы да тұрақты дамып келеді. 2018 жылдың қорытындысына сәйкес, аудан бойынша  тірі салмақта 9,8 мың тонна ет, 40,4 мың тонна сүт және 6,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді, 101,1 %  құрайды. (2017 жылы 100% )
Ірі қара мал саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама артып, 38,6 мыңды (2017 жылы 38,4 мың бас), жылқы 29,3 мың бас (2017 жылы 27,5 мың бас), қой – 71,5 мың бас (2017 жылы 71 мың бас) және құс 63,6 мың бас (2017 жылы 62,1 мың. бас) құрады.
Мал шаруашылығы саласында өткен жылы етті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы қабылданды. Оның негізгі басымдығы – ет экспортын арттыру. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында алғаш рет «ҚазАгро» АҚ тауарлық мал басын сатып алуға жеңілдетілген несие берілді.
Бүгінгі күні аудан бойынша 9 шаруашылық 252,2 млн.  теңге сомасында несие алды. Оның ішінде: Баршын ауылының «Ақпан» фермерлік шаруашылығы  20 млн. теңге алып,  Беларусия Республикасынан 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелді.
Құланөтпес (Теңіз) ауылының «Боқаев» фермерлік шаруашылығы  10 млн. теңге алып, 279  бас ұсақ мүйізді мал  әкелді.
Қалған 7 шаруа қожалықтары бүгінгі танда асыл тұқымды ірі қара және ұсақ мүйізді мал іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан бойынша «Агро Продукт» серіктестігіне экспортқа 97 тонна етті салмақта ет өткізу жоспарланған болатын, бүгінгі күнге 105.3 тонна ет өткізілді (жоспардың 109%).
Ауданымыз «Ауыл береке» атты ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысып, Астана, Қарағанды, Шахтинск қалаларына жоғары сапалы өнімдерін мол көлемде апарды. Атап айтқанда, ірі қара мал еті - 21,5 тонна, жылқы еті - 7,8 тонна, ұсақ мүйізді мал еті - 6,8 тонна, шошқа еті - 5,9 тонна, құс еті - 300 кг, сүт өнімдері -  3,0 тонна, картоп - 125 тонна және 5,0 тонна көкөніс.
Сонымен қатар, бүгін ауыл шаруашылығында адал еңбек етіп келе жатқан диқаншылар сарқылмас несібесі мол     қасиетті де    киелі    нұрлы Нұрамыздың 90 жылдығын абыроймен атап өтуге өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Олар  - «Шахтерское», «Қайнар», «Пржевальское», «Жараспай» серіктестіктерінің басшылары Г.Прокоп, С.Нығметов, С.Қоңырбаев, Ы.Таттыбаев.
Ірі шаруа басшылары мол табысты ауыл тұрғындарының жағдайын әрі қарай жақсартуға көп қаражат бөліп отыр. Өткен жылы «Нұра ауданының 90 жылдығына  90 игі іс-шара» бастамасы аясында Г.Прокоп Көбетей ауылының ескі тойханасын қалпына келтіруге 20 млн. теңге, Шахтер ауылының орталығын көркейтуге – 127 млн. теңге қаржы бөлді. С.Қоңырбаев ауылының екі көшесіне асфальт төсеп, спорт алаңын орнатты. «Пржевальское» серіктестігінің басшысы Ы.Таттыбаев  ауыл жастарына  спорт алаңын сыйға тартты. “Қайнар” серіктестігінің басшысы С.Нығметов дәрігерлік амбулатория ғимаратының сыртын заман талабына сай қаптап, тұрғындардың жағдайын әрі қарай жақсартуда. Теңіз өңірінің шаруа басшылары  осы мақсатта көп іс-шаралар атқарды. «Сарыөзен» серіктестігінің басшысы Р.Әбильдин ауыл клубын 7 млн. теңгеге  жөндеп, тұрғындардың ақ батасын алды.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2019 жылы алда тұрған мақсаттары:
- 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік көлемі 2018 жылдың егіс алқаптарымен салыстырғанда 7,5 мың га ұлғайту;
- мал шаруашылығында 2019 жылы «Алтын Таға» ЖШС-і 200 бас бордақылау алаңын салу;
- «Шахтерское» ЖШС-нің 12 мың тонналық көкөніс сақтайтын қоймасының іске қосылуы.
Ветеринария саласы
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын халыққа Жолдауында елді сапалы азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық саласын, фермерлік шаруашылықтарды дамыта отырып, мал шаруашылығы өнімдерін көбейтуге аса көңіл бөліп отыр.
Ауыл шаруашылық саласын дамытуда түрлі бағдарламалар қабылданып, жаңа бағдарламаларда ветеринарияны дамыту, жоғары сапа стандарттарына қол жеткізу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері ерекше орын алады.
2018 жылы  ветеринария саласын дамыту бойынша  жалпы бөлінген қаражат соммасынан 118 млн. 196 мың теңге қаржат бөлінді, оның ішінде :
-эпизоотияға қарсы шараларды өткізуге 75 млн.теңге, бөлінген қаржы 100% игерілді;
-ветеринария бөлімін қаржыландыруға 20 млн. 061 мың теңге;
-ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруге 11 млн. 192 мың теңге;
- қаңғыбас иттерді аулап жоюға 1,0 млн. теңге;
- энзоотиялық ауруларына қарсы шараларды өткізуге 0,943 млн. теңге;
- бруцеллезге оң нәтиже берген ірі қара мал иелеріне санитарлық союдың қорытындысымен мал иелеріне 10 млн. теңге.
Ветеринариялық іс-шаралар:
Ветеринариялық іс-шаралар облыс әкімінің орынбасарымен 2018 жылға бекіткен жоспарына сәйкес жүргізілді.
Ветеринариялық профилактикалық шаралардың орындалысы төмендегіндей:
Сібір жарасына жоспарланған
ІҚМ - 52000 бас,
ҰММ - 107550 бас,
жылқы - 24400 бас,
шошқа-  5700 бас. Барлығы толық егілді.
Қарасанға  ІҚМ 36000 бас немесе 100%.
Туберкуллезге аллергиялық зерттеу жоспарланған ірі қара мал 20720 бас 100% зерттелді.
Диагностикалық зерттеулер: ірі қара мал бруцеллезіне жоспарланған 50034 бас, ұсақ мүйізді мал бруцеллезіне жоспарланған 107214 бас мал зерттелді, орындалу пайызы - 100 %.
Нодулярный дерматитке 40 000 бас ірі қара мал, пастереллез ауруы бойынша 5000 бас ірі қара мал 100 % егілді.
Жыл басынан бруцеллез ауруына оң нәтиже бергені ірі қара мал 142 бас, барлығы мал иелеріне нұсқау беріліп, малдар уақытында оқшауландырып, мал сою пунктінде сойылды.
Бруцеллез оң нәтиже берген 32 ірі қара мал санитарлық союдың қорытындысымен, 1 млн. 516 мың 197 теңге ақша қаражаты мал иелеріне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары.
Нұра ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге бағытталған іс-шаралардың 2018 жылдың жоспарына сәйкес ірі қара мал 17665 бас, 95% ұсақ мүйізді мал 44799 бас, 92% шошқа - 4467 бас немесе 100%, жылқы 8093 бас бірдейлендірілді немесе 100% орындалды және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қоры базасына енгізілді.
Сауықтыру іс-шаралары бойынша.
2018 жылы жылқының сальмонеллезі бойынша (Ахмет селолық округіне қарасты «Жер» шаруа қожалығы сауықтырылды.
Бруцеллез ауруы бойынша 1 қолайсыз пункті (Изенді селолық округінде тіркеліп, шектеу іс-шаралары толық жүргізіліп аяқталды).
Ірі қара мал арасынан құтыру ауруының анықталғанына байланысты Пржевальское ауылының аумағында шектеу іс-шаралары Пржевальское ауылы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашада шектеу іс-шараларын қою жөніндегі шешімі қабылданып, сауықтыру жұмыстарының жоспары бекітіліп орындалуда.
Сібір жара көмінділері бойынша
ҚР 1948-2002 жылдары аралығында Сібір жарасынан қолайсыз-стационарлы пунктерді «Кадастр» бойынша аудан бойынша 13 (он үш) сібір жарасы қолайсыз-стационарлы пунктерінде тіркелген (Қызылтал а/о-1 ошақ, Нұра кенті-3 ошақ, Көбетей а/о -1, Ахмет а/о -2, Байтуған а/о -1 ошақ, Майоровка а/о -1 ошақ, Кенжарық а/о -1 ошақ, Жараспай а/о -1ошақ, Донской а/о -2 ошақ тіркелген).
2015-2018 жылдар аралығында аталған ошақтардан комиссиялық жер сынамалары алынып, сібір жарасына зерттеліп, теріс нәтиже деген сараптамалары алынды. Анықталған екі сібір жара көмінділерінің орындарына тиісті жер актілерін рәсімдеу шаралары жасалды және осы көмінділердің жер телімдері мемлекеттік жер кадастрі автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді. Санитарлық талаптарға сәйкес қоршау жұмыстары жүргізілді.
Мал қорымдары бойынша
Аудан бойынша 10 мал корымы бар, оның ішінде 3 типтік «Беккари қоры» (Киевка кенті, Изенді ауылы, Баршын ауылы) 7 қарапайым мал қорымдары К. Мыңбаев, Кертінді, Тассуат, Ақмешіт, Көбетей, Ахмет ауылы және Киевка кенті әкімдері аппараттарының теңгерімінде.
Нұра аудандық ветстанцияның теңгерімінде КР-500 инсинераторымен жыл басынан 305 ит ауланып жойылды.
Мал сою алаңы бойынша
Аудан бойынша 18 мал сою нысаны (17  мал сою алаңы және 1 мал сою пунктісі) тіркелген, оның 10 мал сою алаңы және 1 мал сою пунктісі жұмыс атқаруда.
Ветеринариялық-профилактикалық, диагностикалық іс-шараларды дерек қор жүйесіне енгізу бағытындағы жұмыстар аудан бойынша:
ІҚМ профилактикасы бойынша 202224 манипуляция орындалғаны 207447 манипуляция тіркелген немесе 100 %.
ҰҚМ профилактикасы бойынша 204594 манипуляция орындалғаны 212283 манипуляция тіркелген немесе 100 %.
Профилактикалық, диагностикалық іс-шараларды дерекқор жүйесіне тіркеу жұмыстары толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Жыл басынан шаруашылық нысандарға 12 ветеринариялық санитариялық қорытынды беру және 2067 ветеринариялық анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын нысандарға  2018 жылы ветеринариялық санитариялық ережелерді бұзған үшін 74 нұсқама берілді және 96200 теңгеге 2 әкімшілік айыппұл салынды.
Аса қауіпті нодулярный дерматит, бруцеллез, құтырма ауруы бойынша халық арасында насихаттау жұмыстары бойынша 22 жиын өткізілді, бруцеллез ауруынан сақтандыру жөнінде тұрғындарға 168 ескертпе қол қою арқылы таныстырылды және ауылдық жиындарда түсініктеме жұмыстары жүргізіледі, ауданнын «Нұра» газетіне 6 мақала берілді.
Жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар әрдайым бақылауда.
Осыған байланысты ауданда 2019 жылға мынадай атқарылатын іс-шаралар жоспарланған:
- аудан бойынша эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру барысында 2019 жылы пилоттық жоба ретінде Ахмет ауылында ветеринариялық пункт салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 2019 жылға 4805 000 мың теңгеге бюджеттік өтінім жасалды.
- Жараспай, Изенді, Тассуат ауыл әкімдерімен ауылдарында мал қамайтын расколдарын жасату бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
- Ахмет, Көбетей, К.Мыңбаев, Кертінді,Тассуат, Ақмешіт ауылдары және Нұра  әкімі аппаратының теңгерімдерінде тұрған  қарапайым мал қорымдарының нормативті-құқықтық құжаттарын дайындатып,  «Ветстанция» КММ-нің теңгеріміне беру.
Жер қатынастары саласы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылдың 5 қазанындағы "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" Жолдауында бесінші міндет ретінде  Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.
Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту екенін атап өтті.
Аталған міндетті орындау барысында еліміздегі ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және жерлерді толық игеру басты жұмыстар болып табылады.
Елбасымыздың 2018 жылдың қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы аграрлық секторға қатысты тапсырмасына сәйкес жерді тиімді пайдалануды арттыру мақсатында нарықтық айналымға енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануына  тұрақты мониторингті жүргізу қажет және пайдаланбай отырған алқаптарды болашақта айналымға енгізу үшін мемлекеттік қорға өткізу талаптары қойылған.
Нұра ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қарашасына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша, жер балансының деректеріне сәйкес ауылшаруашылығына пайдаланатын айналымдағы жалпы жер көлемі – 2 068 369 га құрайды. Оның ішінде егістік жерлер - 291 535 га (2017 жылы егістік- 281 537 га), шабындықтар – 38 616 га (2017 жылы- 39 499  га шабындық), жайылым – 1 664 399 га (2017 жылы жайылым - 1 747 646 га), тыңайтылған жерлер – 44 410 га (2017 жылы тыңайтылған жерлер – 56 799 га). (2017 жылы осы кезеңде- 2 173 мың га),
Аудан бойынша жерді айналымға енгізу, түгендеу жұмыстары 2017-2019 жылдары белгіленген жоспар сәйкес жалғасады.
2018 жылдың аудандық бюджеттен бөлінген 3,5 млн. теңгеге барлығы 62 жер учаскесін жалға беру туралы конкурс өткізу жұмыстарының рәсімдеулері жүргізілді. 2018 жылдың 13 қазанында, өздеріңіз білесіздер, "Нұра" газетіне хабарлама да берілді.
Алайда 2018 жылдың 3 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2018 жылдың 3 қазанындағы № 366 "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес конкурс өткізу тоқтатылды.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурсы туралы жаңа Ереже қабылданғаннан кейін аталған конкурс қайта жарияланады.
2018 жылы жалпы жер көлемі 40 450 га нақты қайтарылған жерлер.
2018 жылы тыңайған, пайдаланбай жатқан 33 жер пайдаланушыға тиесілі 63465 га жерлер анықталды,оның ішінде 2068 га - егістік жерлер.
Құлантпес а/о, Тассуат а/о, Жараспай а/о, Захаровка а/о, Карой а/о,Кенжарык а/о, Корганжар а/о, Черниговска а/о, Новокарповка а/о,Балыктыкөл а/о,
Аталған жерлер бойынша жер пайдаланушылармен жүргізген жұмыстар бойынша айналымға егістік жерлерді күзде жыртумен барлығы 1168 га енгізілді, мал басы 3 шаруашылық бойынша тіркелінді.
Сонымен қатар, өз еркілерімен жерлерін түгелдей немесе ішінара азайту арқылы мемлекеттік жер қорына 17 шаруашылықтың 994 га жер учаскелері тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбайтын жер телімдерін анықтайтын жұмыс тобы осы бағытта әрі қарай да жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық «Нұра» газетіне нысаналы мақсатындағы пайдаланбайтын жерлер иелеріне заңнамада көрсетілген жауапкершіліктер туралы мақала жарияланған.
Сонымен, жер қатынастары бөлімінің алдағы уақыттағы атқарылатын өзекті мәселелеріне тоқталар болсақ:
-  Нұра ауданы жер қатынастары бөлімі 2019 жылы аудан бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы мемлекет иелігіндегі жерлерді жалға беру конкурсын ұйымдастыру;
-ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланбайтын немесе дұрыс пайдаланбайтын жер пайдаланушыларды анықтау және оларға қатысты құжаттарды жерді қорғау және пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын өкілетті органға жолдау жұмыстарын жүргізу.
Шағын және орта бизнес
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарынан орын алатын 7 негізгі бағыттарында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауды белгілеп берді. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екенін мойындау керек. Ең бастысы ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.
Статистикалық деректер бойынша Нұра ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылы 1 қаңтарға 1499 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істейтін субъектілерінің саны - 1271 бірлік. 2018 жылы тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1563 бірлік күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 104,3% жоғары. 2018 жылы жұмыс істейтін субъектілерінің саны 1380 бірлік күтілуде, өткен жылмен салыстырғанда - 108,6% жоғары.
2019 жылға жоспарлы тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 1594 бірлік, жұмыс істейтін субъектілерінің саны - 1400 бірлік.
2018 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін қызметкерлер саны 3670 адамға жетті. 2018 жылға шағын орта кәсіпкерлік жұмыс істейтін қызметкерлердің күтілетін саны - 3747 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102%-ға жоғары. 2019 жылға жоспар - 3825 адам.
2018 жылы 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ұсынған өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемі 8956,0 млн. теңгені құрады. 2018 жылға күтілетін шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері - 9475,0 млн. теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 105,8% өсті немесе 519 млн.теңгеге артық орындалды. 2019 жылға жоспар - 10030,0 млн.теңге.
2018 жылы 1 қаңтарына бөлшек сауда айналымының көлемі 1338,8 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі - 99,5%. 2018 жылға күтілетін бөлшек сауда айналымының көлемі 1579,4 млн. теңге, нақты көлем индексі 101,5% немесе өткен жылмен салыстырғанда 118% көп. 2019 жылға бөлшек сауда айналымының көлем жоспары 1731,6 млн.теңге, нақты көлем индексі - 101,9%.
Тауар айналымын ұлғайту және тұрғындарды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалалары мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен жыл бойы әр аптаның жұма күндерінде тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізіліп тұрады:
2018 жылы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 53 жәрмеңке өткізілді, сатылған өнім көлемі - 39,2 млн. теңге.
2017 жылы қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 48 жәрмеңке, өнім көлемі - 33,6 млн. теңге.
Нұра ауданында 2018 жылы өз қаражаты есебінен 11 жаңа сауда нысаны ашылды, инвестиция көлемі - 153,0 млн.теңге, 31 жаңа жұмыс орны ашылды.
Нұра кенті орталығында 2 дүкен/ ЖК Сидельникова ИП «Антарес», ЖК Греф В «Восток».
Жараспай ауылында азық-түлік дүкені - ЖК  Карымсакова Ж.
Шахтерское ауылында азық-түлік дүкені-  ЖК Сулейменова Ж.
Жанбобек ауылында азық-түлік дүкені - ЖК Абилов А.
Заречное ауылында 1 шағын наубайхана - ЖК Щуров Ю
Нұра кентінде тігін цехы - ЖК Назимбекова Л, көлік жуатын бекет - ЖК Рахимжанов А, 300 орындық «Qazaq Eli» мейрамханасы - ЖК Аркенов А  және туризм саласында  ашылған ЖК Греф “Восток” шағын қонақ үйі.
Бұл деген ауданымызға жақсы көрсеткіш.
Қазіргі кезде Нұра кентінде 4 көтерме сауда нысаны бар / ЖК Кудебеков И, ЖК Абильдина Г, ЖК Аубакиров Н, Савко А/ бұл дүкендерде  әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары 10-12%-ға төмен.
Нұра ауданында 2019 жылы 10 жаңа сауда нысаны және 1 туризм саласында нысан ашылатын болады. Жалпы инвестиция көлемі - 163,0 млн. теңге, 36 жаңа жұмыс орны ашылады деп кутілуде.
2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімі 6 млн. теңге грант бөлді, 15 үміткер өз бизнесін ашуға грант алды.
Тротуарлық плиткалар мен брусчатка өндіріру цехы, құм кірпіш өндіру цехы, 4 шаштараз, фотосалон, монша, автоэмальдар іріктеу цехы.
2018 жылы аймақтық конкурс көрмесінде «Қазақстанның ең үздік тауары», үздік жоба «Бастау-Бизнес» номинациясына ие болған ЖК «Алдияр» басшысы Нурабай Алибек.
2017 жылы жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімі 5 млн. теңге грант бөлді, 6 ауылдық елді мекеннен 12 үміткер өз бизнесін ашуға грант алды:
-дизайнерлік және жарнамалық студия;
-тігін шеберханалары;
-шағын наубайхана;
-құс өсіру.
Қазіргі таңда кәсіпкерлердің бәрі де жұмыс істейді.
2018 жылы желтоқсан айында «Жергілікті дамудың инклюзивті жоспарлануы» шеңберінде Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен, азаматтық қоғамды дамыту «Арго» Ассоциациясы, жергілікті өзін-өзі басқару орталығы, Нұра ауданының 6 үміткеріне 6423 мың теңгеге өтеусіз қаржылық қолдау көрсетілді:
-балаларға арналған шағын орталық;
-дәріхана;
-дөңгелек жөндеу станциясы;
-дәмхана;
-жаттығу залы.
«Бизнестің Жол Картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында алынған несиелер
«Бизнестің Жол Картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты «Екінші деңгейдегі банктерге берілген несиелер бойынша бір бөлігін сыйақы ставкасымен субсидиялау» құралы бойынша “Шахтерское” серіктестігінің жобасы «Картоп өнімдерін жинау, сақтау және өндеуге қажетті техника мен құрал-жабдықтар алуға» 286,0 млн. теңге көлемінде несие алды. Жаңа 15 жұмыс орны ашылды.
«Кәсіпкерлікті колдау мақсатында, шағын және орта бизнесті қаржылық көмек емес қолдауды қамтамасыз ету бағдарламасының төртінші бағыты аясында Нұра ауданы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бекітілген жоспарға сәйкес барлық елді мекендер тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Онда шағын және орта бизнес, агробизнес, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша кеңестер өткізілді.
Аудан әкімі сайтында және «Нұра» газеті беттерінде «Бизнестің Жол Картасы - 2020» және «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» туралы материалдар жарияланды.
20 ауылдық елді мекендерде негізінен мал шаруашылығын дамыту және көктемгі дала жұмыстарына техника алу үшін «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша «Нұра-Астық» агро-кредиттік корпорациясынан 15 адам 156 млн. теңгеге қаржыландырылған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 73 адам 431,6 млн. теңгеге несие алған.
Кәсіпкерлікті қолдау картасы
Аудан бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау картасына» екі жоба енгізілген:
1.      «Шұбаркөл көмір» АҚ «Спецкокс зауытының
құрылысы».
Қуаты – 350 мың тонна, жобаның жалпы құны - 9,7 мрлд.теңге, 180 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Іске асыру кезеңі - 2017-2021 жылдар, жобалық қуаттылыққа шығу - 2022 жыл.
2.      «Интеррин» серіктестігінің «Өндірістік жарылғыш заттар өндіру және жарылғыш материалдарды сақтау үшін базистік қойма бойынша шағын зауыт құрылысы».
Жобаның құны - 579,2 млн.теңге, 95 жұмыс орны ашылады. Жоспарлы қуаты - 8000 тонна, сату көлемі – 894. млн. теңге. Іске қосылуы - 2019 жыл. Жобалық қуаттылыққа шығу мерзімі - 2021 жыл.
Ел тұрақтылығын және экономикалық өсуін анықтайтын басты факторы - жоғары инвестициялық белсенділік.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13 млрд.теңгені құрайды, немесе 67,4%  өткен жылға қарағанда төмендеу байқалады.  Себебі өнеркәсіп кәсіпорындарына әлемде болып жатқан дағдарыстар және теңгенің төмендеуі өз әсерін тигізді.
Өнеркәсіп кәсіпорындары – 8,2 млрд. теңге.
Ауыл шаруашылығы – 2,5 млрд. теңге
Бюджеттік инвестиция – 1,3 мрлд. теңге
Жалпы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің – 13 млрд.теңге (бюджеттік қаражат -1,3 млрд.теңге, меншікті қаражат – 9,5 млрд.теңге, банктердің кредиттері – 2,2 млрд. теңге).
2019 жылға қойылған жоспармен міндеттер
- 2019 жылғы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,3 млрд теңгені құрайды, немесе 102,3% өсім 2018 жылмен салыстырғанда.
Сонымен қатар,  жаңа инвестициялық жобалар іздестіріліп, инвестиция қажет ететін жобалар тізбесі облыстық басқармаға және Сарыарқа әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұсынылды.
- Ойпат кенінде темір қоспаларын барлау жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбалар қорларын анықтау. Жобаның құны -101,5 млн.теңге, марганец.
- Сарыөзен кен орнында тас көмір өндіру. Жобаның құны - 442,0 млн. теңге  Geo Sarj TS жобасымен айналысады.
Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысының негізгі бағыттары  аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 2018 жылы 25597,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:
-республикалық бюджеттен 17789,0 мың теңге;
-жергілікті бюджеттен 7808,0 мың теңге.
2018 жылғы мәліметтерге сәйкес, жаңа форматтағы АӘК 137 отбасыға тағайындалып төленді. Оның ішінде 674 жәрдемақы алушыға 25287,1 мың теңге.
Шартсыз ақшалай көмек 25 отбасыға, оның ішінде 102 жәрдемақы алушыға 5259,4 мың теңге көлемінде.
Шартты ақшалай көмек - 112 отбасыға, оның ішінде 572 жәрдемақы алушыға  19941,3 мың теңге көлемінде.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Нұра ауданында аз қамтылған отбасылардың саны 89, оның ішінде 438 адам.
Тіркелген кедейшілік шегі - 1,9%.
Жыл сайын жергілікті бюджеттен тұрғын үй жәрдемақысына қаражат бөлініп отырады. 2018 жылға жәрдемақы төлеу үшін 5630,0 мың теңге бюджеттен бөлінді (2017 жылы - 6401,0 мың теңге).
2018 жылы жалпы тұрғын үй көмегі 172 отбасыға, оның ішінде 398 адамға 5630,0 мың теңгеге тағайындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарында ауданда 1049 мүгедек тіркелген. Оның ішінде І топтағы мүгедектер саны – 97 адам, ІІ топтағы мүгедектер саны – 519 адам, ІІІ топтағы мүгедектер саны – 361 адам, 16 жасқа толмаған мүгедек-балалар саны – 72 адам.
Мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік–экономикалық, әлеуметтік-құқықтық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетіліп отырады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттен 2018 жылы 37120,5 мың теңге бөлінген (2017 жылға 35653,9).
Оның ішінде:
-53 адамды гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 3348,8 мың теңге, республикалық бюджеттен 2361,0 мың теңге бөлінді (2017 жылы 55 адамға жергілікті бюджеттен 3257,2 мың теңге, республикалық бюджеттен 2492,4 мың теңге);
- 47 жеке көмекшілерге 5128,0 мың теңге бөлінді (2017 жылы 51 адамға 5553,9 мың теңге).
Егде жастағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бөлімшесінде 71 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді, оның ішінде:
-егде жастағы жалғызбасты қарттарды – 176 адам,
-мүмкіндігі шектелген балаларды – 31 адам.
Мүгедектерге толық және сапалы қызмет көрсету мақсатында бөліммен ай сайын, мүгедектердің әлеуметтік қызметкерлерімен кеңес өткізіліп отырады. Сондай-ақ ай сайын мамандар қызмет түрін алатын азаматтарға хабарласып қызмет көрсету сапасын бақылайды.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2018 жылы:
-санаторлы-курорттық емделуге 1 мүгедек бала жолданды;
-ІІ және ІІІ тотпағы 73 мүгедекке Шортанды қаласындағы «Алмаз» шипажайына жолдама берілді;
-ІІ және ІІІ топтағы 11 мүгедек азамат «Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы» мүгедектерді оңалту орталығына жіберілді;
-5 адам (зейнеткер-ардагер, жалғызбасты зейнеткер) «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №2 медициналық-әлеуметтік мекемесі»  КММ-не жолданды.
2018 жылы мүгедектерге техникалық көмекші құралдарын қамтамасыз ету қызметі бойынша протездік- ортопедиялық құралдарға 49 адамға жолдама берілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан 1 желтоқсан аралығында 104 мүгедек азамат жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркелді. 
Оның ішінде 61 азамат тұрақты жұмыс орнына орналасты, 1-уі әлеуметтік жұмыс орнына, 25 адам қоғамдық жұмыстарға, 16 адам кәсіпкерлік негіздеріне «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқытылды, 1 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті.
«Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша  4620,0 мың теңге қаражат бөлінді:
- 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне 167 адамға 2030,0 мың теңге;
-отбасыға немесе тұрғын үйге зиян келтірумен байланысты орын алған өмірлік қиын жағдайға бірреттік әлеуметтік көмек - 1 отбасыға 120,0 мың теңге;
- өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты 102 адамның өтінішімен бірретік материалдық көмек 2470,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Анықтама үшін: аудан халқының саны жалпы 22691адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсеңді халық саны - 12 106 адам, жұмыс күшінің үлесі 68,6% құрайды. Жұмыспен қамтылған халық саны - 11 710 адам, жалдамалы жұмысшылар саны - 8 577 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 3153 адам, жұмыссыздар саны - 396 адам, жұмыссыздық деңгейі - 3,3% (2017 жылғы ұқсас кезеңде - 4,6%), жастардың жұмыссыздығы - (15-28 жас) 4.6 %.
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2018 жылы 13418, 0 мың теңге. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 12338,0 мың теңге, жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін – 1080,0 мың теңге.
2019 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны - 19 адам.  Жұмыссыздық деңгейі 0,2 % -ды құрады.
Нақты 2018 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жыл басынан бастап  1836 адам орталыққа келді, 1587 адам жұмысқа орналастырылды.
Соның ішінде 411 жас жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 215 адам жіберілді. Кәсіптік оқытуға 62 адам жіберілді, 2 жұмыссыз азаматқа 481,0 мың теңге көлемінде грант берілді. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша.
2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру үшін жалпы 463,4 млн. қаражат жоспарланған.
Бірінші бағыт «Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».
Осы бағыт шеңберінде биылғы жылы 36 адамды оқыту үшін 20,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні аталған сомадан 8,320 млн. теңге игерілді.
2018 жылғы 1 желтоқсан күнгі жағдай бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 62 адам жіберілді.
Оның ішінде:
-компьютерлік сауаттылыққа Баршын ауылынан – 30 адам;
-тракторист-машинист – 13 адам;
-тігінші – 19 адам
Бірінші бағыт бойынша 11 680,0 мың теңге және облыстық бюджеттен бөлінген қосымша қаражат 20266,9 мың теңге, жалпы сомасы 31946,9 мың теңге үнемделді. Қаражаттар екі жобаны жүзеге асыруға бағытталды – Изенді ауылындағы Мәдениет үйін жөндеуге - 13047,9 мың теңге және Шахтерское мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына - 18899,0 мың теңге. Жұмыстарды және қызметтерді ұсынушыны анықтағаннан кейін үнемделген қаражат көлемі 13,0 млн. теңгені құрады.
Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 2018 жылға 53 қатысушыға 417,3 млн.теңгеге микрокредит беру жоспарланған.
Бүгінгі күні Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, «Бастау бизнес» жобасы негізінде 219 адам оқып, сертификаттарын алды.
«Каз Агро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ арқылы 79 адамға, 320 112 мың теңгеге несие берілді.
Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».
Аталған бағыт бойынша:
Аудандық бюджет қаражаты есебінен келесідей әлеуметтік көмек төленді:
- мүгедек балалары бар отбасыларға бала күтіміне ай сайынғы жәрдемақы - 31 отбасыға 29,891 теңгеге;
- туберкулезбен ауыратын адамдарға бірреттік әлеуметтік көмек - 29 адамға 29 тонна көмір бөлінді. 
Жалпы айтқанда бөлімнің 2019 жылға қойған негізгі міндеттерінің бірі:
-Жұмыссыздық деңгейін төмендету – 3,3 %;
-Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген адамдардың (оларға мұқтаж адамдардың жалпы санымен)  үлесін 100 % жеткізу;
-Мүгедектерге қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (паспортталған әлеуметтік, көліктік объектілердің жалпы санынан) үлесін  – 90 % қамту
-Жұмыспен қамтудың белсеңді шараларымен қамтамасыз етілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың үлесін 22,2 %  дейін жоғарлату.
Білім беру саласы
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-кономикалық дамуында жетекші рөл атқарады және оны айқындай түседі. Ал мектептің бүгіні мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденіске байланысты. Білім беру деңгейі - бүгінгі таңда экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі болып саналады.
Бүгінгі таңда Нұра ауданында 35 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Бұл 32 жалпы орта білім беру мектептері (21-орта, 5-негізгі, 6-бастауыш), 2 балабақшалар, 1 өнер мектебі. 2018-2019 оқу жылында оқушылар санының азаюына байланысты Өндіріс бастауыш мектебі жабылып, Д.Шалабеков атындағы негізгі мектеп бастауыш мектебі болып қайта құрылды.
Білім беру саласының бюджеті 2018 жылы 2 млрд. 580 млн.тенге көлемінде, оның ішінде 513 мың теңге республикалық бюджеттен, ағымдағы нысаналы трансферттер -130 млн. 893 мың теңге көзделген.
Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер жалпы сомасы 55 млн. 118 мың теңге.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру.
Ауданда 30 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс атқарады, оларда 1563 бала тәрбиеленуде. Желтоқсан айынан толық күндік шағын орталықтардын саны 14-ке дейін артады, бұл Нұра кентінің № 3 мектебінде жаңа шағын орталығы ашылып, Абай атындағы Шұбаркөл, Талжанов атындағы мектептерінде қысқа күнді шағын орталықтар толық күнге ауыстырылуына байланысты. Бұл мақсаттарға аудандық бюджеттен 3,7 млн. тенге бөлінді.
Жаңартылған мазмұндағы білім бағдарламасына көшу жалғасуда. Өткен жылдан бастап 1,2,5,7 сыныптар жаңа оқу бағдармалары және жаңа оқулықтар негізінде оқиды. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 3, 6, 8 сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша оқуға көшті. Нұра кентінің №2 қазақ мектебінде жаңартылған мазмұны бойынша оқытудың республикалық пилоттық жобасын сынақтан өткізу төртінші жыл жалғасуда. Осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Екі жыл ішінде жаңартылған мазмұн бойынша 368 мұғалім оқытылды. Педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ауданның 407 педагогы аттестацияға қатысты.
Аудандық білім беру мекемелерін жөндеуге жыл сайын облыстық және аудандық бюджеттерден қаражат бөлінеді. Ағымдағы жылы үш қазандық бөлмелері (Киевка №1, 3 орта мектебі, Шайменов атындағы орта мектебі) сыртқа шығарылды, Құланүтпес, Киевка №1, Пушкин, Абай атындағы Шұбаркөл мектептерінде ағымды жөндеу жұмыстары, Талжанов атындағы мектебінде күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл бағытта 62,1 млн.тенге игерілді.
Оқушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мектептерге асхана жабдықтары және жиһаз, жалпы сомасы 7,0 млн. теңгеге алынды (үстелдер, орындықтар, парталар, мармиттық плиталар, тоңазытқыштар, мұздатқыштар және т. б.). 2017 жылы осы мақсаттарға бөлінген қаражат 9,2 млн. теңгені құраған.
Аудан мектептерінің қазандықтарының құрал-жабдықтары айтарлықтай жақсарды. Байтуған, Жараспай, Қайнар, Құланөтпес, Асубаев атындағы мектептерінде жылу қазандықтары ауыстырылды, жалпы сомасы 7,7 млн. теңгеге, сорғылар, генераторлар мен желдеткіштер сатып алынды (2017 ж.-5,7 млн.т).
Білім сапасы көбіне сандық инфрақұрылымға байланысты: интернетке қосылу жылдамдықты қамтамасыз ету, оның қолжетімділігі, әр мұғалімнің техникалық оқыту құралдарымен (компьютер-проектор-экран), сандық білім ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз ету бағытында біршама жұмыстар атқарылды
Кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету.
Осы міндеттерді шешу үшін спутникті канал арқылы жылдамдығы 4 Мбит секундына дейін қамтамасыз ететін барлық мектептер қосылған. Интернетке қосылу жылдамдығы едәуір төмен (талап етілетін 20Мбит), бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 12 мектепте қосымша спутниктік тәрелкелер орнатылған.
Пән мұғалімдерінің жұмыс орнын компьютер-проектор-экранымен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 121 педагогтың жұмыс орны қажетті техникамен жабдықталған, биылғы жылы 10 ПИК 3,1 млн. теңге сомасына сатып алынды .
Анықтама: Асылбеков атындағы негізгі мектебіне, Жараспай аулының негізгі мектебіне,
Киевка №2 орта мектебіне, Сарыөзен аулындағы негізгі мектебіне, Қарой ауылындағы негізгі мектебіне,Пржевальское ауылындағы негізгі мектебіне, Құланотпес ауылындағы негізгі мектебіне, Заречная ауылындағы негізгі мектебіне, Сандық білім ресурстары.
“Bilimland” жоба шеңберінде сандық білім ресурстарына ауданның барлық мектептері қосылған, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 8,6 млн. теңге бөлінді.
Цифрлау білім беру жүйесі автоматтандырылған "Білімал" жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда ауданның барлық мектептері осы жүйеге қосылған.
Компьютерлік паркін жаңарту. Биылғы жылы 100 компьютер сатып алынды, бір компьютерге 4,2 оқушыдан келеді. (2017 ж.-4,7)
Биология, химия, физика, технология ұлдар мен қыздар үшін кабинеттер, зияткерлік ойындар кабинеттері алынды. Пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу пайызы 61,1% құрады. Бұл мақсатқа бюджеттен 42,9 млн. теңге бөлінді.
"Нұр Отан" партиясының бастамашылық жобалары шеңберінде Нұра кентінің екі орталық мектептерінде ІТ сыныптар ашылды. Келесі жылы ІТ-сыныптар тағы үш мектепте ашуды жоспарлап отырмыз.
"Білім беру робототехника" жобасы бойынша робототехника зертханаларының саны 9-ға жеткізілді, 11,4 млн. теңге сомасына 4 зертхана алынды. Жұмыс нәтижесі қазірдің өзінде айқын, екі жыл қатарынан Киевка №3 орта мектебінің оқушылары "Роболенд" халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға иеленді.
Басымдықтарының бірі білім беру жүйесіне үштілді білім беруді енгізу болып табылады. "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының 79-қадамында және 2016-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алдымызға үштілдік білім беруіне көшу міндет қойылды. Екі жыл ішінде ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша ұзақ курстарында 21 педагог жаратылыстану-математика циклы бойынша оқытылып, ағымдағы жылы олар үш тілдік білім беруін ауданның 9 мектебінде енгізуді бастады
"Рухани жанғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде әр мектепте мұражайлардың ашылуы міндеттелді , олар өлкетану, тарихи-мәдени "Мәңгілік ел" орталықтары болуы тиіс.  Барлығы аудан бойынша 17 мектеп мұражайлары бар, оның төртеуі 2018 жылы ашылды. Аудан педагогтарымен туған өлкені зерттеуге үлкен жұмыс атқарылуда. Өлкетану бойынша электрондық оқулық әзірленіп, тұрақты негізінде оқушылардың тарихи орындарына кездесулер өткізілді.
Ауданда 1 қосымша білім беру Өнер мектебі бар. Балаларды қосымша біліммен 42% құрайды (2017 жылы – 2,6%), мектептердегі үйірмелер саны -253 бірлік (2017 ж. - 230).  Бүгінгі күні аудан басында өнер мектебінің өзінің ғимараты бар. Еңді өнер мектебі өзінің жұмысын бұдан әрі жақсарту керек.
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін мектептердің спорттық жабдықпен жабдықталуының зор маңызы бар. Осы бағытта жыл сайын қаржыландыру артып келеді. Өткен оқу жылында өткізілген жарыстар нәтижелері бойынша спорт саласындағы оң жетістіктері бар, аудан оқушылары облыстық спартакиадасында бірінші орынға ие болды.
Ұлттық спорт түрлерінен үздік нәтижелер көрсетіп, аудан оқушылары «Асық ату» облыс чемпиондары атағына екі рет ие болды. Аудан командасы теннис бойынша Тараз қаласында және шахматтан Павлодар қаласында біздің облысты республикалық жарыстарда уәкілі болып қатысты.
2018 жылы аудандық білім беру қаржыландыру қорына 37,3 млн. теңге бөлінді. Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, олардың арасында аз қамтылған балалар және көп балалы отбасылар едәуір үлес салмағын құрайды. Тегін тамақпен барлығы 560 аз қамтылған бала қамтылды, осы мақсаттарға бөлінген қаражат сомасы - 29,6 млн. теңге, (2017 ж. - 29,1 млн. теңге). Сондай-ақ, қала сыртындағы лагерьлерге жолдама алу үшін аз қамтылған отбасылардан 60 балаға жалпы білім беру қорынан - 1,6 млн. теңге (2017 ж. - 1,2 млн. теңге, 50 бала), лагерьлерде 1050 балаға демалысты қамту үшін 4,3 млн. теңге бөлінді.
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2017 жылы ауданның оқушылары мектеп кітапханаларын қорынан оқулықтармен және оқу әдістемелік құралдарымен жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жалпы сомасы 44,7 млн. теңгеге қамтылды. 2018 жылы оқулықтар сатып алуға бөлінген сомасы 52,3 млн. теңгені құрады.
Ауданда патронаттық тәрбиелеу дамытудың Кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы ауданда бес балалар үйінің тәрбиеленушілері отбасыларға орналастырылды.(2017ж-2 бала).
Аймақтық ғылыми-практикалық "Сарыарка дарыны" орталығымен бірлесіп, дарынды балалармен жұмыс жүргізіледі. Аудан оқушылары барлық түрлі деңгейдегі сайыстарға белсенді қатысуда.
Аудан бойынша ҰБТ
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 224 оқушыдан 134-і қатысты.   "Алтын белгі" белгісіне бітірген - 8 ,  үздік аттестатқа бітіргендер – 5.
Аудандық көрсеткіштен жоғары балл жинаған келесі мектептер:
•Байтуған ЖОББМ-84,5 балл (2 түлек);
•Индустриальный ЖОББМ-78,0 б (2 түлек),  2017ж-82 б (2 түлек);
•Киевка №1 ЖОББМ -75 балл (11 түлек), 2017ж -67,8балл (10түлек);
•С.Сейфуллин ат ЖОББМ – 71,8 балл (5 түлек), 2017ж -80,7 балл;
•Р.Асубаев ат ЖОББМ  -70,8балл (9 түлек), 2017ж - 66,6балл (5 түлек);
•Заречный ЖОББМ-70,7балл (4 түлек);
•Тірек мектеп (РО) Киевка №3 ЖОББМ – 67,5 балл (22 түлек), 2017ж - 72,35 (31 түлек);
•Асылбеков ат ЖОББМ  – 66,6 балл (6 түлек), 2017ж -85 балл (1түлек);
•К.Мынбаев ат ЖОББМ -66 балл (1 түлек), 2017ж – 68балл (6түлек)
•Тірек мектеп (РО) ЩербаковЖОББМ -62 балл (2 түлек), 2017ж -69,67 (3 түлек)
Аудандық білім беру бөлімінің 2019 жылға қойған міндеттері мен жоспарына тоқталатын болсақ.
- Кұланутпес және Пржевал жалпы білім беретін мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығару үшін жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жүргізу;
- Киевка №3 жалпы білім беретін орта мектебінің жанында интернат салу үшін 16,1 млн.тенгеге  жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау;
- 2019 жылдын бюджетін нақтылауда  Нұра ауданында қосымша білім беру орталықтың ашылуына қаражат бөлінуі қажет;
- Нұра жалпы орта мектебінің интернатының күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттамаларын дайындау қажет;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 97% - ға дейін мектепке дейінгі біліммен қамту;
- 55% - ға дейін шағын орталықтарды толық күнге ауыстыру;
- Облыстық бюджеттен 37,8 млн.теңге қаражатына Ахмет ауылындағы Сейфулин атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеуден өткізілуі;
- Облыстық бюджеттен 20,4 млн.теңге қаражатына Киевка №2  жалпы орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізіу;
- Облыстық бюджеттен 31,5 млн.теңге қаражатына Киевка №3  жалпы орта мектебін ағымдағы жөндеуден өткізу;
- Индустриальный  жалпы орта мектебінің мектебінде 8,4  млн.теңге соммасына ағымдағы жөндеуден өткізу;
- Облыстық бюджетын 5,2 млн.теңге қаражатына Қарой жалпы орта мектебінде ағымдағы жөндеуден өткізу;
- Мыңбаев атындағы жалпы орта мектебінде аудандық бюджеттен 3,5 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау және мемлекетік сараптамадан  өткізу;
Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі – адамдардың денсаулығын сақтау.
Аудан аумағында орталық аурухана – 1, ауылдық аурухана– 1, поликлиника – 1, дәрігерлік амбулатория – 7, фельдшерлік – акушерлік пункттер – 6, медициналық пункт – 17 нысан тіркеліп,  жұмыс жасауда.
Жалпы халық саны – 22246 адам. Ересектер – 15683, оның ішінде ерлер – 7939 адам,  әйелдер - 7744, соның ішінде  15-49 жас аралығындағы әйелдер – 4712.  Балалар - 5681 адам, жасөспірімдер -901 адам;
Демографиялық көрсеткіш. Туу саны 2017 жылмен салыстырғанда 12 жағдайға өсті (238 -ден  2017 жылы, 250 дейін 2018 жылы), жалпы өлім саны 11 жағдайға өсті (182 тен - 193 дейін) табиғи өсім  2017 жылмен салыстырғанда өсімі байқалады. (4,82 - ден 6,61 дейін).
Аналар, балалар, өлім көрсеткіші. Балалар өлімінің динамикасы 3 жағдайға өсті (2017 жылы- 3 жағдай,  2018 жылы - 6 жағдай), балалар өлімінің көрсеткішінің жоғары болуының себебі, Оның ішінде:  туа біткен даму ақаулары  3 жағдай. Аналар өлімі 2003 жылдан кейін ауданда тіркелмеген.
Онкологиялық көрсеткіштер: 2018 жылғы алғаш анықталған  онкоаурулар саны - 34 адам, оның ішінде 80 % ерте сатысында анықталуы, Алғашқы Медициналық Көмек (АМК)-тің, профилактикалық жұмыстарымен, скринингтік зерттеу жүргізуімен  байланысты. Скрининг бойынша жатыр мойнының обыры 55 адам анықталған, колоректальдық  обыры бойынша – 17, сүт безі обыры бойынша – 17. Барлығы тексерілуден өтті, ем алуда.
Туберкулездің көрсеткіштері: 2018 жылы аурушаңдық 7 жағдайға төмендеуі байқалуда (21 - 2017 жыл, 14 -  2018 жыл). Туберкулез ауруы бойынша  9966 флюорографиялық  зерттеу өткізілді (94 пайыз). Жылжымалы  флюорогроф бүкіл ауылдарда болып шықты.
Аудан бойынша туберкулез ауруының дамуына талдау жасасақ, мынадай жағдайды байқауға болады: Туберкулез ауруы ауыл тұрғындарының  флюрографиядан толық өтпеген жерден шығып жатыр. Осындай жағдайда біз өзімізге және айналамыздарға күнделікті қауіп төндіреміз. Туберкулез ауруының алдын алу, флюорографиядан уақытылы тұрғындардың өтуін ұйымдастыру ауыл әкімдердің бақылауында болу керек!
Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, аудандық медициналық мекемелерде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуге толығымен енгізілді (поликлиника,стационар). Жүйенің мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін және автоматтандыру есебінен медициналық қызметтің барлық бағыттары бойынша сапасын арттыру.
Жүйенің мүмкіндігі: медициналық құжаттамаларды ресімдеу жөніндегі операцияларды едәуір қысқартуға медициналық құжаттарды ақпараттылығын және сапасын арттырады. Дәрігердің және мейірбикенің жүктемесін қысқартуға немесе айтарлықтай оны оңайлатуға, дәрігердің өзінің тікелей жұмысымен, науқастармен қарым-қатынас жасау, және медициналық көмек көрсетуге көп уақыт бөлуіне мүмкіншілік береді. Өкінішке орай, бүгінгі күні Тассуат, Заречное, Пржевальское ауылдарында мамандар жетіспейді.
-әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адам (жоспар – 20) жұмысқа орналасты. Жалпы жоспар бойынша 2018 жылға 6,8 млн. теңге қаражат бөлінді және игерілді;
-жастар практикасына 31 адам (жоспар – 24 адам) 23 мекемеге жұмысқа орналасты. Жоспарланған қаражат сомасы – 6,8 млн. теңге. Игерілген қаражат сомасы – 6,2 млн.теңге.
-қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жыл басынан бастап 215 адамға 12,338 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 215 адам жұмыс жіберіліп, 12,338 млн.теңге игерілді.
Сондай-ақ, 2018 жылы «Шұбаркөл-Көмір» АҚ 260 тонна көлемінде тегін көмірмен қамтамасыз етті. 1-ші топтағы мүгедектерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға, пробация қызметінде тіркелген, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға және отбасында мүмкіндігі шектеулі 2 немесе одан да көп адамы бар болған жағдайда әрқайсысына бір тоннадан көмір таратылды.
2019 жылы денсаулық сақтау саласында алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар тұр:
- Туберкулез ауруының алдын алумен жүйелі, үнемі шұғылдану.
- Аналар мен балалар өліміне жол бермеудің алдын алу шараларын жүйелі жүргізу.
- Басқарылатын себептерден (туа біткен даму ақаулары пневмония)  нәрестелер шетінеуін төмендету
- Онкологиялық ауруларды ерте анықтау жұмысын жүргізу
- Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту
- Жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа тарту.
- Шахтер ауылындағы авариялық емхана ғимаратының  проблемасын шешу.
- Кертінді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер құрылысын жүргізу.
Халықтың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын іске асыру спортты дамытумен тығыз байланысты.
Нұра ауданында спорттың 20 түрі дамыған, оның ішінде 9-ы - олимпиада ойындарына кіретін спорт түрлері. Жалпы аудан бойынша спортпен шұғылданатын адам саны - 6548 адам.
Бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын арттыру мақсатында барлық жас санаты арасында дене шынықтыру сауықтыру жұмыстары жаппай жүргізілуде. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар саны өсуде.
2018 жылы Нұра ауданында 52 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, 11659 адам қатысты, оның ішінде 3 аудандық спартакиада және 1 облыстық спартакиада.
2018 жылы Нұра ауданының 90 жылдығына орай қазақ күресі, аударыспақ, аламан бәйгеден жарыстар ұйымдастырылды;
Спорттық ғимараттар санының  динамикасы


2014

2015

2016

2017

2018

80

83

86

91

95

   Алдағы уақытта Нұра кентінде 160 орынды спорттық-сауықтыру кешенін салу жоспарымызда бар.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің алдағы уақыттағы  міндеті:
- 2020 жылға дейін аудандағы бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындардың санын 30 %-ға дейін жеткізу.
- Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі спортшылардың сапалы дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуіне көңіл бөлу.
-  Жекелеген спорт түрлерін жетілдіріп дамыту үшін жағдай туғызып, іс-шараларды өткізу.
МӘДЕНИЕТ
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлт санасын жаңғыртуға, қазақстандық мәдениетті ілгерілетуде және дәстүрлеріміз бен мәдениетіміздің нарықтық қағидалар мен жаһандық экономикадағы алдыңғы қатарлы технологиялармен синтезін қалыптастыруға қатысты мәдениет-өнер саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік  жүктеді.
Сала инфрақұрылымы. Қазіргі таңда мәдениет объектілерінің желісі 67 нысанды құрайды, мемлекеттік – 57. Оның ішінде 35 кітапхана, 21 мәдениет үйі мен клубтары, 2 демалыс саябағы.
Аудан бойынша 106 клуб құрылымы жұмыс істейді, қатысушылар саны - 1281 адам. Қазіргі таңда мәдениет үйлерінде 3175 іс-шара өткізілді, келушілер 274,0-ді құрайды. Оның ішінде 5 аудандық конкурс, 3 фестиваль өткізілді. 2017 жылмен салыстырғанда 24 шара, 200 көрерменге көп.
Ауданның көп ұлтты мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2 этномәдени орталық жұмыс істейді:
1.Тассуат ауылының орыс этномәдени орталығы.
2. Заречное ауылының украин этномәдени орталығы.
Әр орталықта салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, әдет-ғұрыптарды жаңғырту және дамыту бойынша фольклорлық-вокалдық топтар, дуэттер, трио, отбасылық ансамбльдер құрылды. Екі көркемөнерпаздар ұжымы "халықтық" құрметті атағы бар, олар: Шахтер ауылының халықтық үрмелі оркестрі, АМҮ халықтық аспаптар оркестрі.
Облыстық спартакиада өткізуге аудан қаражат есебінен 7 млн тг бөлінді. Облыстық спартакиаданың ашылу, жабылу салтанаты концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым көрсетіліп, келген қонақтардың көңілінен шықты.
Биыл Нұра ауданының 90 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді. Нақтырақ айтқанда, 90 жылдыққа 90 игі іс шара аясында мынадай жұмыстар атқарылды. Аудандық мәдениет үйінде аудан тумалары, музыканттар Нұра ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Туған жерім – тұғырым, нұрлы Нұрам» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, Нұра ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында өтетін көркемөнерпаздар ұжымдарының «Теңіз толқындары» және «Жер ұйығым-Нұрлы Нұрам» атты байқау конкурсы өткізілген болатын. Аудандық қортынды байқауға 5 ауыл (Тікенекті, Кертінді, Изенді, Байтуған, Ахмет ауылы) қатысып,
1 орын  және жүлделі 500000 тг Байтуған,
2 орын және жүлделі 300000 тг Ахмет ауылы,
3 орын және жүлделі 200000 тг Тікенекті ауылдарының көркемөнерпаздар ұжымы ие болды. Ауылдар арасында белсене қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.
Нұра ауданының 90 жылдығы мерейтойы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде Амангелді Шахарбаевтың «Арнадым елге әнімді» жеке шығармашылық ән кеші, Кәрім Мыңбаев ауылында Жазира Казимованың "Ән-қанатым" атты жеке шығармашылық ән кеші, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Қолөнер бұйымдарының көрмесі» өткізілді, аталған шараға Тікенекті, Құланөтпес (Теңіз), Кертінді, Балықтыкөл, Ақмешіт, Жанбөбек, Егінді, Заречный, Көбетей, Құланөтпес, Шахтер ауылдары белсене қатысты. Сыртта жүрген жерлестерімізді мерейтойға баулу мақсатында «Дабыл» тобының мүшесі Ералы Момышев, арфашы Диляра Қалдыбаева жетігенде ойнайтын Муханалиева Меруерт аталмыш шараға шақыртылды.
Aуданның 90 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құланөтпес, Жанбөбек, Баршын ауылдары қамтылып «Нұрлы Нұра» промо-ролигі түсіріліп, аудандық кітапханада тұсаукесері өткізілді.
Ауданның 90 жылдығына орай, кітапханаларда дөңгелек үстел, кітап көрмелері, ақпарат сағаттары т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Нұра орталықтандырылған кітапхана жүйесі аудандық орталық кітапханадан, аудандық балалар кітапханасынан және 33 ауылдық кітапханадан тұрады: оның ішінде 4 балалар, 12 үлгілі кітапхана. Интернет – 19 кітапхана, телефон 31 кітапханаға қосылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда интернет желісі -4, телефон -2 ауылдық кітапханада артты.
Кітапханаларда іс-шаралар саны-368, келушілер саны- 8775 адам. Жобалау-бағдарламалық қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оқырмандардың қызығушылықтарын арттыруда үйірмелермен жұмыс жүргізіледі. Кітапханалардың кітап қоры 352281 дананы құрайды. Биыл 162 құжат сандық форматқа ауыстырылды (2 кітап, 160 газет мақалалары). Биыл аудандық кітапхана 80 жылдық мерейтойын атап өтті.
Аудандық және ауылдық кітапханаларда Елбасының жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы Дала тарихы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері, Кертінді үлгілі ауылдық кітапханасында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының шығуына орай, М.Сүлейменов атындағы мектеп ұстаздарымен дөңгелек үстел өткізілді.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында аудандық кітапхананың жазғы оқу залында Ұлттық домбыра күніне арналған "Көнеден жеткен домбыра" атты акция өтті.
Орталық аудандық кітапхананың оқу залында Қарағанды облысының ақындары айтысының 75 жылдығына арналған "Өнердің төресі-айтыс" атты әдеби – тарихи кеш өтті.
Аудандық кітапхананың жазғы оқу залында "Ұлы Абайдың мұрасы – халықтың рухани бағдары"атты пікір-талас өтті.
2018 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға жоспар бойынша 9674,0 мың теңге игеріліп, жалпы сомасы 7183,5 мың теңгеге: 16 дана моноблоктар (Нұра-7 дана, Балықтыкөл, Баршын, Алғабас, Сарыөзен, Жаңақұрылыс, Көбетей, Мыңбаев, Кертінді, Құланотпес) - 3849,2 мың теңге, Заречное, Прежвальское, Құланотпес, Қарой, Заречное ауылдық кітапханаларына арналған жиһаздар - жалпы сомасы 7183,5 мың теңге. 1 дана - 145,5 мың теңге сомаға; циркуляциялық сорғы (Изенда) 1 дана 31,5 мың теңге сомаға, бір фазалы электр есептегіш (Мыңбаев) 1 дана 6,7 мың теңге сомаға. 1024,8 мың теңгеге салалық, көркем және балалар әдебиеті -1253 дана сатып алынды.
Мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасына – 27,940 мың тг. жұмсалды. Көбетей ауылының мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмысына -2,637 мың тг.
2018 жылы "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы"шеңберінде бос уақыт объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге -19227599 теңге бөлінді. Оның ішінде, Шахтерское ауылындағы ауылдық Мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге - 11399400 теңге, Изенді ауылындағы ауылдық Мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге-7828199 теңге.
Мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, сонымен қатар, тіл оқуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғаларды мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Осы мақсатта аудан аумағында 2014 жылдан бері мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары қызмет атқарады. 2018 ж бойынша мемлекеттік тілді 30 адам, ағылшын тілінде 33 адам оқытылды.
Ауданның мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу ұйымдастырылып, 2018 ж. бірінші жарты жылдығында 96 адам Қазтест тапсырды.
Аудандағы «Нұра» газетінде тіл саясатын насихаттау бағытындағы мақалалар үнемі жарияланады. Мәселен, баспа беттерінде жарияланған мақалалар 31 құрады.
2017 жылы аудан бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген Щербаков ауылы мен Киевка кенті Қайнар ауылы және Нұра кенті болып қайта аталды. Сонымен қатар, 11 елді мекеннің 57 көшелері мен 3 ауылдық округ атаулары заманға сай дәстүрлі атаулармен өзгертілді.
2018 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қарауына 2 елдімекен (Майоровка, Пржевал) 3 ауылдық округ (Майоровка, Пржевал, Черниговский) және 42 көшенің атауын өзгерту бойынша тиісті ұсыныстар жолданып, барлығы бойынша оң шешім шығарылды.
Сонымен қатар, ауданымыздың білім беру мекемелеріне тарихи тұлғалардың есімін беру бойынша облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыныстар жолданды.
Олар: Дон негізгі орта мектебіне Жүсіпбек Аймауытұлының, Киевка №3 орта мектебіне Ыбырай Алтынсариннің, Киевка №1 орта мектебіне Шоқан Уәлихановтың, Киевка №2 орта мектебіне Мағжан Жұмабаевтың, Пржевальское орта мектебіне Міржақып Дулатұлының, Индустриальный орта мектебіне Рақымжан Қошқарбаевтың, Заречный орта мектебіне Әлихан Бөкейханның, Щербаковское орта мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының есімдерін беру.
2019 арналған жоспарға сәйкес кітапхана қорымен жыл сайынғы жаңартылу деңгейін арттыру мақсатында 5450 данаға 3,0 млн.тг жоспарланған., баспа басылымдарына жазылу-1,76 млн.тг.
Кітапхана ортасының жайлылығын арттыру үшін 4,8 млн.теңгеге Баршын, Жанбөбек, Аққолқа, Құланөтпес, Ткенекті, Соналы және Талдысай ауылдық кітапханаларына 7 жиһаз жиынтығы сатып алу жоспарланған.
Сонымен қатар, оқырмандарға қашықтықтан қол жеткізу, әлемдік және Қазақстандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу және бірыңғай электрондық каталогқа кіру мүмкіндігі арқылы қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін Баршын, Қарой, Жанбөбек, Мыңбаев, Құланөтпес, Ткенекті, Талдысай, Көбетей, Шұбаркөл ауылдық кітапханаларын жалпы сомасы 3,58 млн.теңгеге Интернетке қосу және Аққолқа ауылындағы телефон нүктесін 0,03 млн. теңгеге қосу жоспарланған. 
2019 жылға Нұра кентінің орталық аудандық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып, облыстық бюджеттен 70 млн. тг. қарастырылуда.
2019 жылға концерттік қызметті жандандыру, жоғары шығармашылық нәтижелерге қол жеткізу, жаңа шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру мақсатында Шахтер ауылдық мәдениет үйіне 2,5 млн.теңгеге (үрмелі аспаптар жиынтығы) музыкалық аспаптар мен сахналық киімдер және Нұра аудандық мәдениет үйіне 6,0 млн теңгеге сахналық костюмдер сатып алу жоспарланды.
Сахна мүмкіндігі үшін көрермендерге көріністі толығымен көрсетуге мүмкіндік беру үшін Жараспай ауылдық мәдениет үйіне, Соналы ауылдық мәдениет үйіне және Қайнар ауылдық мәдениет үйіне 1,8 млн теңгеге сахна киімін сатып алу жоспарлануда.
Заречное, Кертінді, Байтуған,  Ахметауыл, Қайнар, Көбетей, Шахтер, Кәрім Мыңбаев, Қайнар, және Нұра  мәдениет үйлеріне 5,6 млн теңге сомаға дыбыс жабдықтарын (музыкалық аппаратуралар жиынтығы) сатып алу жоспарлануда.
Жұмыс сапасын арттыру, сценарийлерді әзірлеу үшін жұмсалған уақытты азайту үшін Құланөтпес, Жараспай, Заречное, Ақмешіт, Тассуат, Изенді, Егінді, Кәрім Мыңбаев, Құланөтпес, Кертінді, Байтуған, Жаңақұрылыс, Мұзбел, Ткенекті, Соналы, Ахмет ауылы, Талдысай, Қайнар, Көбетей, Шахтер және Нұра мәдениет үйлеріне  4,6 млн.теңгеге оргтехника сатып алу жоспарлануда.
Жайлылықты арттыру, жаңа көрермендерді тарту мақсатында Егінді, Байтуған мәдениет үйлеріне 7,4 млн теңгеге жиһаз (көрермендер залына арналған орындықтар) сатып алу жоспарлануда.
2019 жылға арналған қажеттіліктің жалпы сомасы аудандық бюджеттен 32,4 млн. теңге.
2019 жылға Қайнар, Жанбөбек, Соналы ауылдық клубтарына күрделі жөндеуден өтуге сметалық құжаттар әзірленіп, 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.
2019 ж Нұра ауданы бойынша өткізуге жоспарланған іс-шаралар: Тамыз айында Ауғанстан Республикасында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгер-интернационалистер Петр Резник и Анатолий Дымнич еске алуға 35 жыл, қазан айында  Қазақ жазушысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, сонымен қатар қараша айында ақын, филология ғылым кандидаты Бүркіт Ысқақовтың 95 жылдығы аталып өтілмек.
Жергілікті полиция қызметі
Бүгінде ішкі істер органдарын оңтайландыру жолымен жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметін ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша Нұра ауданының аумағында жол апаттарының 16,6 %  (6 ден 7-ге) дейін жоғарлауы байқалады. 2018 жылғы есептік кезеңде жол апаттарынан қайтыс болғандардың саны-3, 2017 жылы жол апаттарынан қайтыс болған жоқ. Жол апаттарынан дене жарақаттарын алған адамдардың саны 8, 2017 жылы жол апаттарынан 11 адам дене жарақаттарын алған 37,5 % төмендеді.
Нұра ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен Нұра ауданының аумағында жол апаттарын алдын алу бойынша 26 жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіліп 685 құқық бұзушылық анықталып әкімшілік хаттама салынған, (2017 жылғы 746 құқық бқзушылық) оның ішінде мас күйінде көлікті жүргізгені үшін 29 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 2017 жылы 39 әкімшілік бұзушылық.
Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша халықпен түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тұрақты жұмыс жүргізіледі, 2018 жыл бойы «Нұра» жергілікті газетінде қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жауапкершілікке тарту бойынша ақпарат жарияланды.
Осы жерде Елбасының сөзін мысалға келтіргім келеді. Ол: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам» деген болатын.
Ендеше, Біз, құқық бұзушылықты жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек.
Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуы тиіс.
Көп жағдайда қылмыстық істер куәгерлердің болмауынан ашылмай жатады. Алыстағы туғаннан жақындағы көршім артық демекші, осы ретте «Көрші бақылауы» қағидасы полиция қызметкерлерінің қылмыстың ізін суытпай, әшкере етуіне көп көмек тигізетіні сөзсіз.
Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыс пен құқық бұзушылықты ашуда белсенді көмек көрсетететін азаматтарды материалдық тұрғыда ынталандыру қарастырыру қажет.
Нұра ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан ауқымды шараларына қарамастан, жұмыстарына кедергі келтіретін бірқатар жетіспеушіліктер бар. Атап айтсақ, кейбір әкімшілік учаскелерде материалдық техникалық базасы бүгінгі күнде қанағаттанарсыз (автокөлік, жанар-жағар май компьютер, жихаз жоқ,) Сонымен қатар Мұзбел, Шахтер, Байтуған, Ахмет, Кобетей, Изенді, Кертінді, Шұбракөл ауылдарынан басқа әкімшілік учаскелерде учаскелік полиция инспекторларының баспана мәселесі шешілмеген. Қалай дегенмен, осы факторлар полиция қызметкерлерінің ұтқырлығына әсер етпей қоймайды.
Ішкі саясат, әлеуметтік саладағы
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінің басым бағыттарының бірі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Аудандағы әлеуметтік шиеленіс факторларының алдын алу, жою бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру үшін қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтап, бекіте түсу үшін ауданда кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар, этномәдени орталықтары, саяси партия, дін өкілдері қатысып, өз үлестерін қосып отырады.
Ауданымызда қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты.
Ішкі саясат саласындағы  атқарушы органдардың жұмысы ішкі саяси үрдістерді нығайтуға және Нұра ауданының азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға негізделді.
Ауданның ақпараттық топтарының мүшелері Елбасымыздың жаңа Жолдаулары мен мақалаларын талқылау үшін Нұра ауданында жыл басынан басынан бастап аудандық топ мүшелерімен барлық ауыл тұрғындарымен, мекемелер мен ұйымдарда, ауыл арасында 135 кездесу өткізіліп, онымен 11620 адамды қамтыды.
Нұра ауданында Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2018 жылы 7 жоба республикалық реестірге кіргізілген.
Аудан бойынша мемлекеттік мерекелер және оқиғалар қатары аясында (Астананың 20 жылдығы, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы, Нұра ауданының 90 жылдығы) іс-шаралар жоспары әзірленіп, өткізілді.
Ауданда ақпараттық саясатты үйлестіру мақсатында арнайы кент, ауыл әкімдерімен және азаматтық қоғамдармен дара іс – әрекет жасаудың арнайы алгоритмі жүзеге асырылды. Жалпы осы бағыттағы жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы, сонымен қатар ақпараттық топтардың жұмысын ұйымдастыруыменен  өтті.
Мемлекеттік саясатты ақпараттық қамсыздандыру, маңызды қоғамдық – cаяси, мәдени, экономикалық шаралар фейсбук, инстаграм, вконтакте сияқты әлеуметтік желілер арқылы, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда», облыстық, аудандық «Нұра» басылымдар арқылы, «Сарыарқа», (22 сюжет),  «24 KZ», «Хабар», «Қазақстан» телеарналары арқылы жарияланды.
Мемлекеттік рәміздер қолдану мен насихаттау жұмыстары бойынша аудандық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 3 отырыс өткізіліп, 25 кент және ауыл әкімдіктері, 42 мемлекеттік мекеме, 32 мектеп тексерілді. Тексеріс қортындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың дұрыс діни санасын қалыптастыру және қолданыстағы заңамаларды түсіндіру мақсатында, дін мәселелрі бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жыл басынан бері 110 кездесу өткізіп 4680 адамды қамтыды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, діни экстремизмді алдын алуға бағытталған іс-шараларға «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігімен  1,2 млн. тенгеге (2017 ж –1 млн.тенге) келсімшарт жасалып, толықтай игерілді (жалпы 2 8профилактикалық іс-шаралар, жеке – адрестік арнайы кездесулер өтті).
Аудан аумағында діни себептер бойынша қақтығыстар тіркелмеген.
Анықтама:
Нұра ауданы бойынша қазіргі уақытта  заңды түрде тіркелген екі дәстүрлі конфессия бар. Олар:  ислам – 13 мешіт (Нұра к.,  Байтуған, Шахтерское, Көбетей, Ақмешіт, Қуланөтпес, К.Мынбаев, Кертінді,  Ахметауылы,  Изенді,  Қайнар, Жараспай, Шұбаркөл) және православиелік христиандар – Свято – Сергиевский Приходы (Киевка к.).  Одан бөлек – тіркелмеген протестанттық (СЦ ЕХБ) «Евангелдік христиан – баптистер» қауымы бар.
Аудан аумағында діни радикализм мен экстремизм көріністері тіркелмеген.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды жетілдіру жұмыстары саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аудандық маслихатта: «Нур Отан» партиясынан 12 депутат, «Ауыл» партиясынан 1 депутат жұмыс істеуде.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2018 жылы 2,0 млн. теңге (2017 ж. 2,0 млн. теңге ) бөлініп, екі жоба іске асырылды: 1) Азаматтық келісімді, отбасылық құндылықтарды нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ісшаралар; 2) Діни қарым-қатынас саласындағы қызметтерді, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Төтенше жағдайлардың алдын алуы күн тәртібінен түспейтін мәселе.
2018 жылы көктемгі су тасқыны кезенінде халықты қорғау бойынша және біраз жұмыстар атқарылды, оның ішінде:
Майоровка  ауылында  ұзындығы 1 км, биіктігі 2 метр болатын қорғаныс бөгеті жасалынды және ұзындығы 300 метр болатын габиондар орнатылды.   Қантай ауылында ұзындығы 2550 метр, биіктігі 4 метр 20 см және ені 5 метрге жететін қорғаныс бөгетін  тұрғызу бойынша жер жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды-Шахтинск-Қайнар-Нұра облыстық маңызы бар Нұра кенті мен Қарой ауылы арасындағы автомобиль жолында темір-бетон тюбингті су өткізгіш құбыры орнатылды. «Матан» серіктестігі мердігерлік ұйымымен жұмыстар толығымен аяқталды.
Баршын ауылдық округіндегі «Қарасай» плотинасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Автокөлік жолдарын жөндеу
Нұра ауданының аумағы арқылы 1037 км жолдар өтеді. Оның ішінде:  478 км облыстық жолдар, 422 км өңірлік маңызы бар және 137 км республикалық жолдар.
Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетеді КОФ РМК «Қазақавтожол» ДЭУ - 48 н Нұра.
Аймақтық жолдар
«Нұр Азамат» ЖШС, «Семир-2009» ЖШС, «Нұржол Қарағанды» ЖШС Аймақтық жолдар «НұржолҚарағана» ЖШС Нура-Ай & КП ЖШС. Су тасқыны кезінде жойылған жол учаскелерін қалпына келтіру үшін Теңіз өңіріне қосымша қаражат 15600 мың теңге бөлінді.
Нұра кентінің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 152981 көлемінде қаражат бөлінді.
Облыстық бюджеттен 120120 мың теңге қаржы қаражаты бөлінді.
Бөлінген қаражат бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
1. Ағымды жөндеу Вольфа көшесі - 41151,04 мың теңге, ұзындығы 2,250 км;
2. Ағымды жөндеу Ақпасова көшесі - 14816,96 мың теңге, ұзындығы 0,8 км;
3. Ағымды жөндеу Мира көшесі - 14544,32 мың теңге, ұзындығы - 0,697 км;
4. Ағымды жөндеу Абай көшесі - 24277.12 мың теңге, ұзындығы 1,4 км;
5. Нұра ауылының көшелерінің кішігірім жөндеуі - 5846,4 мың теңге, жалпы ұзындығы 4,0 км;
6. Мыңбаев көшесін ағымдағы жөндеу - 9742,08 мың теңге (500 метр);
7. Қонаев көшесін ағымдағы жөндеу - 9742,08 мың теңге (500 метр).
Аудандық бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінді.
Балабиев - 18256 мың теңге (1050 метр)
Уалиханов - 14605 мың теңге (616 метр)
«Соналы-Изенді» жол учаскесінде Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда.
2015 жылы көктемгі су тасқыны кезінде қираған Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қайта қалпына келтіру үшін, 2017 жылы облыстық бюджеттен 11,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді. «Сапа Жол Строй» серіктестігімен келісім шарт жасалды. Көпірдің реконструкциясының жалпы құны - 476,5 млн теңге. 2018 жылы 364,9 млн теңге игерілді. Жұмысты 2019 жылы толық аяқтау үшін 100,5 мың теңге қарастырылған.
Облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу:
- Нұра-Шахтер-Пржевал автожолының орташа жөндеуі, 20-23,6 км (2017 жылдан бастап жылжымалы құрам) -125920 мың теңге;
- «Нұра-Шахтер-Пржевал» автокөлік жол учаскесін қайта құру жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу 0-20 - 47545 мың теңге;
- «Нұра-Шахтер-Пржевал» суқұбырларын жөндеу - 4996 мың теңге;
- 2018 жылы Республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 120 000 мың теңге бөлінді;
- облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға - 119989 мың теңге бөлінді;
- аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 37,461 мың теңге бөлінді.
Жол белгілерін алу
«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Нұра көшелерінде, сондай-ақ ауданның ауылдарында орнатылған 512 мың теңгеге есептегі 52 жол белгілері сатып алынды.
Ауыз-сумен қамтамасыз ету
Қарой ауылына 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын сараптамадан өткізілуі жоспарланған.
2018 жылы Жанбобек ауылдарының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңартуға  -7432 мың теңге, Талдысай аулына - 10878 мың теңге, Изенді аулына - 6000 мың теңге және Жараспай аулына - 6000 мың теңге жобалық сметалық құжаттамалары дайындалды. Сонымен қатар, Жараспай және Изенді елді мекендерінде қуаттылығы жоғары тұзсыздандыру қондырғыларын орнату жоспарланған.
Осы жобаларды 2019 жылы бірінші жартыжылдығында сараптамадан өткізу жоспарланған.
Су тарифі бойынша, жоғары сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы ҚКП Қарағандының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне су беру желілеріне сумен жабдықтау тарифін арттыру туралы өтініш берді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2017 жылғы 18 қазандағы № 264-ӨД бұйрығымен Қаратал тарату желісі арқылы сумен жабдықтау қызметтеріне жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді.
К.Мыңбаева, Жанақұрылыс, Тассуат, Байтуған ауылдарына - 1 текше метрге 155,33 теңге.
Тарату желілері арқылы сумен жабдықтау қызметтеріне тариф Майоровка, Мұзбел, Ахмет-Ауыл, Жараспай, Көбетей, Соналы, Изенді, Қайнар, Баршино, Алғабас, Құланөтпес, Тікенекті ауылдарына -1 текше метрге 145 теңге.
2018-2019 жылдардағы жылу маусымына атқарылған жұмыстарды айта кетсек: Шұбаркөл кентінің жылыту жүйесіндегі қазандықтарын ауыстыру жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп, бүгінгі күні қалыпты жұмыс істеуде. 2018-2019 жылу маусымы үшін Шұбаркөл қазандығы бойынша қызмет көрсету үшін 30 млн. теңге сомасына меморандум жасалды (көмір беру, қазандықты күтіп ұстау). 2018 жылы облыстық бюджеттен Шұбаркөл кентіндегі қазандықты қайта жаңғырту үшін қаражат бөлінді.
Қазандықты жөндеу құны 90,7 млн теңгені құрады. Қайта жаңғырту шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілді:
- Барнаул машина жасау зауытының КВР-1,86 МВт маркалы 4 қазандықты орнату;
- Қазандық жабдықтарын бөлшектеу;
- Қазандық ғимаратын күрделі жөндеу;
- Қатты отын қоймасының құрылысы;
- Қазандыққа арналған жабдықты орнату;
-250 кВ трансформаторды ауыстыру;
-Металл қоршауларын орнату;
- Резервтік су сақтау резервуарын орнату.
Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, қазандық қалыпты жұмыс істейді. Жылыту маусымы кестеге сай басталды.
Коммуналдық меншіктегі пәтерлерді сатып алу
Аудандық бюджеттен қаражат есебінен ауылда 2 пәтер сатып алынды. Құланотпес ауылында (қызметтік қолданысқа) және Байтуған қаласы (авариялық үйдің тұрғынына). Сатып алынған тұрғын үйдің жалпы құны 2 млн теңгені құрады.
Көше жарықтандыруы
Биылғы жылы Нұра аудан орталығында Вольфа және Плешаков көшелерінде 8904 мың теңгеге жарықтандырудың 75 жарықтандыру тірегі орнатылды, 28 LED шамдары сатып алынды.
Шахтер ауылында 9000 мың  теңгеге 36 дана көше жарықтандыру тірегі орнатылды. Сондай-ақ басқа 23 елді мекендерде 595 жарық шамдары сатып алынып орнатылды. 
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі - 3 млрд. теңге, тұрғын үйдің іске қосылуы – 9,9 мың шаршы метр.
2018 жылдың құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық жоспары – 6 619,9 млн. теңге, 2017 жылға қарағанда 107% құрап тұр.
Тұрғын үй көрсеткішінің жылдық жоспары – 8 902 шаршы метр, 2017 жылға қарағанда 134% құрап тұр.
Нұра кентінде су құбыры желілерін қайту құру. Мердігер – ПК «АСПАП». Шарт бойынша құны – 636 155,511 мың теңге. 2019 жылға ауысатын объект, 2018 жылы 50 млн теңге игерілді
2017 жылдан ауыспалы объектілердің құрылысы жалғасты:
1)Нұра кентінде 24 пәтерлі №1 тұрғын үйдің құрылысы. Мердігер – ЖШС «Нур-Кад и К». Шарт бойынша құны - 195 188,236 мың теңге., 2018 жылдың желтоқсан айында тапсырылуы көзделуде;
2)Нұра кентінде 24 пәтерлі №2 тұрғын үйдің құрылысы. Мердігер - ЖШС «Элоим ЛТД». Шарт бойынша құны - 154 481,805 мың теңге. Жалпы ауданы 1221 шаршы метр, бір үйдің ауданы 51 шаршы метр. Объекті 3 қыркүйекте тапсырылды. 2019 жылға 250 000 мың теңге бөлу керек;
3)Нұра кентінде 10 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы. Мердігер – ЖШС «Нур Инвест Групп». Шарт бойынша құны – 184 800 мың теңге. Жалпы ауданы 1354 шаршы метр, 1 үйдің жалпы ауданы 135,4 шаршы метр. Объект 25 қыркүйекте тапсырылды.
4)Нұра кентінде 10 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы. Мердігер – ЖШС «Каздорстройтех». Шарт бойынша құны – 199 383,748 мың теңге. Жалпы ауданы 1354 шаршы метр, 1 үйдің жалпы ауданы 135,4 шаршы метр. Объекті 25 қыркүйекте тапсырылды.
Нұра ауданы Байтуған, Шахтерское, Пржевальское, Изенді, Қайнар, Тассуат, Баршын, Соналы, Талдысай, Жанбөбек, Құланөтпес, Тікенекті ауылдарында 2 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы (жобаға байлау) бойынша жобалау әзірленіп, сараптама қорытындылары алынды. Үйдердің құрылысы 2019 жылы жоспарлануда.
«Ақмешіт ауылының су құбыры желілерін қайту құру» жобасы бойынша сараптама қорытындысы алынып «Қарағанды облысы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына» сомасы 374 600 мың теңге құрайтын бюджеттік өтінім тапсырылды. Су құбырының құрылысы 2019 жылда жоспарда тұр.
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет етудің синонимі». Бұл – ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев енгізген басты қағидаттардың бірі.
Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бір сөздерінде: «Қазір 25-30 жас аралығындағы жастардың заманы. Оларды қолдау керек, оларға жол беру керек, жұмыс істесін. Жастарға бөгет жасамайық», - деп айтылған. Сондықтан, біздің кадрлық саясаттағы басты мақсатымыз жастарды қызметке кеңінен тарту.
Жоғарыда айтылып кеткен жұмыстардың бәрін атқаратын, жүзеге асыратын, реттейтін - кадрлар. Біздің кадрлық саясаттағы басты мақсатымыз жастарды қызметке кеңінен тарту. Ауданның 25 кент және ауыл әкімдерінің аппараттары және 13 бөлімдерінде әкімшілік қызметкерлерінің штат саны - 204 бірлік. Қазіргі уақытта 34 бос орын бар.
Жалпы жыл басынан 25 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс өткізіліп азаматтар жұмысқа қабылданған. Оның ішінде:
1.Мемлекеттік қызметкерлер арасында 21 ішкі конкурс.
2. Жалпы 4 конкурс. Оның 14–і 25 – 30 жас арасындағы жастар.
2018 жылы ауыл және кент әкімдерінің 3 сайлау науқаны өткізіліп, жалпы 6 әкім сайланды. Ауыл және кент әкімдерінің орташа жасы екі жылда 47 жастан 42 жасқа дейін төмендеді.
Жастар демекші, бүгінгі күні бір шешімін таппай кележатқан жастар туралы бір мәселе, жас мамандарды ауылға тартуға бағытталған «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасын кеңейту.
Бағдарламаға мемлекеттік қызметке орналасатын жастарды да қосқан дұрыс деп есептеймін. Себебі оларға көтермеақы төленіп, баспана берілмейді. Көтермеақы төленіп, баспана берілсе сонда барлық ауылдарда жас мамандар жұмыс істеп, ауданымыздың гүлденуіне зор үлесін қосар еді.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір сергітіп, бойына жігер сыйлағандай. Cебебі еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды.
Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп аталатынына екпін түсірді.
Осыған байланысты 2019 жастар жылын өткізу үшін көптеген іс-шаралар жоспары бекітілді:
- Аймақтық спорттық іс-шараларды өткізу;
- Жастар арасында суицидтік мінез-құлықты болдырмауға бағытталған шаралар кешенін жүргізу;
- Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және жұмыспен қамтамасыз ету, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру;
-Ауылдардағы жұмыссыз жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту;
- Жастар өзін-өзі басқару жүйесін дамыту
және т.б.
Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау мақсатында өтініштер мен шағымдарды есепке алу және қаралуын қадағалау жұмысы үнемі «Айқын» бағдарламасында жүргізіледі.
Барлық мемлекеттік органдарда және ауыл кент әкімдері аппараттарында  азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған.
2018 жылдың қорытындысына сәйкес Нұра ауданы бойынша жеке тұлғалардан 537 өтініш және заңды тұлғалардан 204 өтініш түсті, былтырғы жылмен салыстырғанда 11 өтінішке төмендеді. (2017 ж. – 752 өтініш).
Жоғары және басқа органдардан түскен өтініштердің саны – 23. Оның ішінде облыс әкімі аппаратынан – 9 өтініш түсті, аудан прокуратурасынан – 11, басқа органдардан – 3, бұл көрсеткіштерді былтырғы жылмен салыстырғанда – 11 өтінішке көбейді. (2017 жылы – 12 ).
Нұра ауданы бойынша түскен 741 өтініштерден 572 - жер мәселесі бойынша, 24 – халықты жұмыспен қамту және еңбек мәселесі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй кезегіне тұру  мәселесі және коммуналдық шаруашылығы бойынша – 50,   ауылшаруашылығы туралы –8, мемлекеттік басқару сұрақтары – 8, білім беру туралы – 31, қаржы мәселесі бойынша – 11, басқа сұрақтар – 37.
Өтініш шағым және арыздарда қойылған сұрақтар бойынша 570 - азаматтар қанағаттандырылды, 137 – түсініктеме берілді, 23 - бас тартылды, 7 - «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын 14-бабының 7-тармағына сәйкес тоқтатылды (өтініштің қаралуын тоқтату туралы қолдаухатымен автордың өтініші түскен жағдайда) 4 - бағыныстылық бойынша жіберілді. Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мерзімдеріне сәйкес қарастырылды,  бұзылған мерзімдері анықталмаған.
Бүгінгі күні аудан әкімінің қабылдауында – 18 адам, аудан әкімінің орынбасары М. Жұмановтың қабылдауында – 89 адам, аудан әкімінің орынбасары М.Тұраровтың қабылдауында – 20, аудан әкімінің орынбасары У. Оспановтың қабылдауында - 19, аппарат басшысы                 Д. Серіковтің қабылдауында – 35 адам қабылданды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде сұрақтардың 70% тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер бөлу және жұмысқа тұру мәселелеріне қатысты.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз, шағымдарын қарау тәртібі үнемі бақылауда.
Соңымен қатар, тікелей ауыл кент тұрғындарының (жеке тұлғалар) атынан аудан әкімініе түскен өтініштер де бар:


Кент, ауылдың атауы

Өтініш саны

1.    

Ақмешіт

11

2.    

Ахметауылы

7

3.    

Байтуған

12

4.    

Балыктыкөл

7

5.    

Жараспай

7

6.    

Заречное

12

7.    

Мыңбаев ауылы

9

8.    

Изенды

1

9.    

Қарой

7

10. 

Кертинды

5

11.     

Көбетей

10

12.     

Құланөтпес

4

13.     

Майоровка

8

14.    

Пржевальское

4

15. 

Тассуат

19

16. 

Шахтер

2

17.      

Қайнар

0

18.     

Баршын

5

19.          

Жанбөбек

5

20.   

Құланутпес

1

21.    

Соналы

2

22.   

Талдысай

0

23.  

Ткенекты

3

24.   

Шұбаркөл

2

25.

Нұра

64

 

 

 

26.

Басқа

9

 

Барлығы

216

Құрметті Нұралықтар    
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қойған міндеттерін іске асыру мақсатында, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыстарды саралап алдағы істелер жұмыстарды талдадық.
Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы жолында жоспарға қойылған бірқатар іс-шаралардың алдағы уақытта өзіндік шешімін табуы жолында тынымсыз қызмет атқаруға тиіспіз.
Сондықтан келешекте ұйымдасқан еңбек үлгісін көрсетіп, қол жеткізген табыстарымызды сақтай отырып, еңселі еңбек етуге жұмыла еңбек етуіміз қажет деп санаймын.
Жергілікті атқарушы және өкілетті мемлекеттік органдар ғана емес, Нұра ауданының барлық тұрғындары да Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді табыспен шешуге барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды деп сенемін.
Осы мақсаттағы тынымсыз еңбектеріміз әрдайым жемісті болсын, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.

 

Назарларыңызға рақмет!

Новости района

Архив

Новости региона

Государственные программы

Опрос пользователей

Курсы валют

Погода

Как Вы оцениваете информационный портал? ОТВЕТИТЬ
Доллар 384.87
Евро 432.52
Рубль 6.11
В Нуринске сейчас: 30°C малооблачно
  • Влажность: 29%
  • Давление: 704
  • Ветер: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»