Ашық облыстық турнир Нұра өңірінде


13 Мая 2013 Ашық облыстық турнир Нұра өңірінде

5 мамырда аудан орталығының «Нұра» стадионында 1998-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында NOMAD MMA стилі бойынша Нұра ауданының әкімі сыйлығына 1-ші ашық облыстық турнир ұйымдастырылды.
Облыстық турнирді ашу рәсімін Нұра ауданының Құрметті азаматы, Парламент Сенатының депутаты О.Әбдікәрімов пен Нұра ауданының Құрметті азаматы Д.Құсайынов, аудан әкімі Қ.Бексұлтанов өткізді.
Қ.Бексұлтанов өз сөзінде «Әр азаматқа өнімді еңбек ету үшін, терең білім алу үшін мықты денсаулық керек. Өз денсаулығын сақтау үшін әркім өзі қамқорлық жасау қажет. Елбасы  жастарды біліммен бірге  спортпен  шұғылдануға, өз денсаулығын шынықтыруға шақырды. Өйткені дені сау, сыртқы тұлғасы келісті болып өсу үшін спорттың маңызы күшті. Денсаулықсыз ешбір азамат көздеген мақсатына жете алмайды. Бұл үшін елімізде денешынықтыру мен  спортты  дамытуға үлкен маңыз беріліп отыр. Азиада ойындарын өткізуге арналып, көптеген  спорт  құрылыстары салынды. Енді осы  спорт  алаңдары мен ғимараттардың бос тұрып қалмауы керек. Оларды жастар тиімді пайдаланулары қажет»-дей келе, жиналған қауымды алда келе жатқан айтулы мерекелермен құттықтап кетті.
Облыстық турнирге аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары бір кісідей қатысып, жарыстан жақсы әсер алып қайтты.
Турнирге Астана, Қарағанды, Шахтинск, Абай қалалары мен Нұра ауданынан 7 команда қатысты. Айта кетер болсақ, «АВС Астана» (Астана), «Бейбарыс», «Арлан», «Медведь» (Қарағанды), «Бүркіт» (Шахтинск), «Жолбарыс» (Абай) және өзіміздің Нұра командалары. Жалпы қатысқан 148 спортшының ішінде Нұра өңірінен 56 тарландарымыз бақ сынасты.
Қорытынды есеппен 1 ашық облыстық турнирден жалпы командалық 1 орынды Нұра командасы қанжығасына байлады. Қарағанды қаласының «Бейбарыс» клубы 2 орынды, ал Абай қаласының «Жолбарыс» командасы 3 орынды жеңіп алды. Жалпы Нұра ауданы бойынша жарысқа түскен 56 жас спортшыларымыздың ішінен 33 жүлделі орын иегерлері атанды. Спорт әлеміне қанат қаққан жас өрендерімізге талмай еңбектеніп, жеңіс биігінен көрінулеріне тілектеспіз.


Вернуться назад

Новости района

Архив

Новости региона

Государственные программы

Опрос пользователей

Курсы валют

Погода

Как Вы оцениваете информационный портал? ОТВЕТИТЬ
Доллар 412.55
Евро 468.66
Рубль 5.79
В Нуринске сейчас: 27°C ясно
  • Влажность: 27%
  • Давление: 713
  • Ветер: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»