Отдел правового обеспечения

 

Нұра ауданы әкімі аппаратының
құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің ережесі

1. Жалпы ережелер


1. Осы ереже Нұра ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімнің (бұдан әрi – бөлім) қызметін ұйымдастыруға және оның қызметiне қойылатын бiрыңғай талаптарды белгiлейдi.
2. Бөлім заңнамаға сәйкес бекiтiлген штат санының лимиттерi шегiнде дербес құрылымдық бөлiмшелер ретiнде аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады.
3. Бөлімнің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
ауданның атқарушы органдардың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
Аудан әкімдігінің, әкімінің және ауыл және кент әкімдерінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысу.

2. Бөлім ұйымдастыру туралы

4. Тиiстi лауазымдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен заңгерлiк бiлiмi бар адамдар тағайындалады.
5. Аудан әкімінің аппараты өзiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, бөлімді таратуға жол берiлмейдi.
6. Бөлім өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы ереженi басшылыққа алады.
7. Бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде бөлімде тиiмдi және сапалы қызметi үшiн мыналарды қоса алғанда, тиiстi жағдай жасалады:
жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегi мерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;
бөлім қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру, оның iшiнде әдiлет органдарында бөлім қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу үшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыру.

3. Бөлім қызметi туралы

8. Бөлім қызметтері:
сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi;
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi;
Аудан әкімдігінің, әкімімен әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын, оның iшiнде оларды аудан әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлiмшелерi әзiрлеген жағдайда келiсу жолымен дайындауға қатысады;
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және аудан әкімдігінің және әкімінің құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын дайындайды;
Аудан әкімі аппаратында, бөлімдерде және ауыл мен кент әкімдер аппаратарында Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады;
заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайда жергілікті атқарушы органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының атынан түсiнiктеме дайындайды;
аудан әкімі аппаратына келiп түсетiн Қазақстан Республикасының, Қарағанды облыс әкімдігінің және әкімінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады;
Аудан әкімдігінің, әкімінің және ауыл мен кент әкімдерінің норма жасау қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша аудан әкіміне оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

9. Бөлім:
осы ереженiң 8 тармағына сәйкес өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттарды және мәлiметтердi аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнен, ауыл және кент әкімдерінен сұратуға;
Аудан әкімінің келiсiмiмен аудан әкімдігінің және әкімінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын және аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен аудан әкімі аппаратында, бөлімдерде және ауыл мен кент әкімдері аппаратарында жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн басқа құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерiн тартуға құқылы.

10. Басқа құрылымдық бөлiмшелер әзiрлеген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары оларды бөліммен алдын ала келiспестен аудан әкімі аппаратына келiсуге жiберiлмейдi.
11. Осы ережеге сәйкес бөлімге оның қызметiне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.

Новости района

Архив

Новости региона

Государственные программы

Опрос пользователей

Курсы валют

Погода

Как Вы оцениваете информационный портал? ОТВЕТИТЬ
Доллар 384.87
Евро 432.52
Рубль 6.11
В Нуринске сейчас: 30°C малооблачно
  • Влажность: 29%
  • Давление: 704
  • Ветер: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»