Отдел контроля и документационного обеспечения

 

Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттама
қамтамасыз ету бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер

1. Бақылау және құжаттама қамтамасыз ету бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің және әкімдіктерінің құқықтық актілерін, тапсырмаларын жүзеге асырылуын қадағалау және атқару органдардың қызметін қамтамасыз ететін аудан әкімі аппаратының уәкілетті бөлімі болып табылады .
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Бөлімнің негізгі қызметі және бағыттары
3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері,облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларының толық орындалуы туралы қажетті мәлімет, ақпарат талап етіп, орындалу туралы баяндамалар және есептерді талқылап, бақылау жасауды жүзеге асырады.
4. Аудан әкімінің жергілікті атқару органдарымен ұйымдастыру және ақпарат байланысын жүзеге асырады.
5. Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындау жөнінде түскен мәліметтердің дәрежесі мен сапасын анықтау үшін, орындау кезінде шегіну болуын, бақылаудан алу немесе мерзімін ұзарту, орындамаған үшін нақты қызметкерді жауапкершілікке тартуын талдау.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерімен, өкімдерінің орындалуын және бақылау ұйымдастыруына қатысты бөлiгiндегi ауданның кент және ауыл әкімдері аппараттары, бөлімдерінің жұмыстарын талдау, олардың қызметтерін жетілдіру және нәтижелі жұмыс істеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу .
7. Келіп түскен хат-хабарлардың сипаты мен сапасын жүйелі түрде зерделейді,уақытында өтуін бақылайды, құжат айналысының және құжаттардың орындалу мерзімінің қысқаруына шаралар қабылдайды,осы мәселелер бойынша талдау материалдарын әзірлейді.
8.Кент, ауыл әкімдері аппараттарына, бөлімдеріне практикалық көмек көрсету:
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерімен, өкімдерінің орындалуына бақылау ұйымдастыру.
9. Бөлімге түскен хаттар мен өтініштерді қарау.

3. Бөлімнің өкілеттігі
12. Бөлім өз құзыретi шегiнде негізгі міндеттерін атқару мақсатында құқықты:
1) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктеме, аудан әкімінің немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, аудандық бөлімдерінен, кәсіпорындардан, мекемелерден және басқа да меншікті түрлерінен қажетті ақпарат, құжат және басқа мәлімет сұрауға;
2) аудан әкіміне және әкімдікке материалдар дайындау жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерін, мамандарды тарту;
3) бөлім қызметкерлерін әр түрлі жиындарға қатысу үшін аудан әкімінің немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша жіберу;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері , облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерімен, өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, орындалмаған мәселесі және жағдайы, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;
5) мемлекеттік органдардың өкілдерін тексеруге қатыстыру;
6) өткен тексерістерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері орындамаған және тиісті орындамаған атқару органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру;
7) кент және ауыл әкімдеріне, бөлім және басқарма басшыларына тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар беру;
8) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
9) аудандық атқару органдарының ақпараттық банкі мәліметтерімен пайдалану;
10) ұсынылған талаптарға сәйкес емес құжаттарды қайта даярлау жөнінде бекітілген тәртіп бойынша басшылыққа ұсыныс беру, басқа органдардың және ұйымдардың құзыретіне жататын құжаттарды қарауға беру.

4. Бөлім құрылымы және қызметкерлердің функционалдық міндеттері
1) бөлім басшысы
2) бас маман-2 бірлік

13. Бөлім басшысы:
1) бөлімнің қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруына жауапты, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз етеді;
2) бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді бөледі, ұтымды жұмыс ұйымдастыру және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3) тексеріс өткізу және бақылау жүргізуге байланысты өзінің құзыретіне жататын мәселелерді шешеді;
4) аппарат басшысына бөлім қызметкерлерін тағайындау немесе босату, оларды көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аппарат басшысы қарауына ұсыныс енгізеді;
6) аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы өткізетін жиналыстарға қатысады ;
7) аппаратта қолданыстағы нұсқаулық және регламент құжаттарымен жүктелген басқа да функционалдық міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
8) келесі ақпарат дайындайды және ұсынады:
-апта сайын аппарат басшысы, әкім орынбасарларына бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімінің бұзылуы туралы;
- тоқсан сайын әкім, аппарат басшысы үшін кент және ауыл әкімдері аппараттарында, басқармалар мен бөлімдерде бақылау құжаттарының орындалу жағдайы туралы жинақталған ақпарат;
- айына екі рет 1 және 5 күндері әкім аппараты бөлімдеріне,басқармаларға бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімі туралы еске салулар.
9) азаматтардың өтініш-шағымдарын қарауы және олардың орындалуын бақылайды;
10) аудан әкімі аппаратының мөрлердің сақталуына және пайдалануына бақылау жасайды;
11) «Электорндық Үкімет» бағдарламасын жүзеге асырады;
12) аудан әкімі аппаратында іс жүргізуін қамтамасыз етеді;
13) аудан әкімі жанындағы жиындарын ұйымдастыру-техникалық дайындығын жүзеге асырады;
14) аудандық әкімдік жиындарына құжаттар дайындауына, хаттама жүргізуіне қатысады;
15) аудан әкімінің, оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауын белгіленген күндерде және сағатта жүргізуін жүзеге асырады.

14. Бас маман:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
2) аудандық атқару органдары, кент және ауыл әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін дер кезінде және толық орындалуын жүзеге асыруына жауапты;
3) бақылауға алынған Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін дер кезінде орындалуына бақылау және есеп жүргізеді;
4) тоқсан сайын ауыл және кент әкімдері аппараттарына, бөлімдерге, басқармаларға, бақылауға және бақылаудан алынған мемлекеттік органдарының актілерінің тізімін дайындап дер кезінде таратады;
5) апта сайын бақылауға алынған құжаттардың орындалуы, орындау мерзімінен ауытқушылығы болғаның анықтау жөнінде талдау жасайды;
6) бақылаудағы құжаттарға жинақтаушы бақылау папкалары (іс) ашылады және тіркеу-бақылау кәртішкелерін толтырады.
7) аудан әкімінің,оның орынбасарларына азаматтарды жеке қабылдауға жазылуды жүргізеді;
8) аудандық әкімдік жиындарына құжаттар дайындауына, хаттама жүргізуіне қатысады;
9) №1-ОЛ статистикалық есебін мерзімімен тапсыру жұмысын ұйымдастырады;
10) электрондық құжат айналымы мен жұмыс ұйымдастырады;
11) азаматтардан бөлімге түскен хаттар мен өтініштерді қарап, жауап дайындайды.
12) Азаматтарды қабылдау есебін жүргізу және талдау.

15.Бас маман:
1) бюджеттік қаржылардың шығын сметасын және олардың есептеуін құрастыру
2) штаттық кестесін құрастыру
3) айлық, тоқсандық баланстарды құрастыру,нышан,салықтар және аударымдар бойынша есеп жүргізу
4) кіріс және шығын ордерлерді тіркеуін жүргізу
5) зейнетақы аударымын аудару
6) бухгалтерия бойынша есептерді құрастыру
7) Түгендеу жүргізу.
16. Аудан әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес бөлімнің қызметкерлері аудан әкімдігінің, аппараттық , бөлімдердің және басқармалардың жиындарына, аудан әкімі аппаратында өтетін шараларына қатысуына құқықты.
17. Бөлім басшысының қарауы бойынша бөлім өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін мүдделі бөлімдерінің өкілдерін шақырып, өз еркімен жиындар мен басқа да шаралар өткізеді.

Новости района

Архив

Новости региона

Государственные программы

Опрос пользователей

Курсы валют

Погода

Как Вы оцениваете информационный портал? ОТВЕТИТЬ
Доллар 378.90
Евро 422.74
Рубль 5.87
В Нуринске сейчас: 15°C облачно
  • Влажность: 27%
  • Давление: 709
  • Ветер: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»