Отдел организационно-кадровой работы

 

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру- кадрлық бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер
1. Ұйымдастыру- кадрлық бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі, аудан әкімі, әкімдігінің қызметін қамтамаыз ететін уәкілетті болып табылады. Ауданның жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіруін қамтамасыз етеді, бақылау міндетін орындайды.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бөлімнің негізгі қызметі және бағыттары
3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрдің актілері, Президент әкімшілігінің және Премьер-Министрдің кеңсесінің құжаттары,облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін толық орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
4. Аудан әкімінің жергілікті атқару органдарымен ұйымдастыру және ақпарат байланысын жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындауына ауданның кент және ауыл әкімдері аппараттарына практикалық көмек көрсету.
6. Ауданның кент және ауыл әкімдері аппараттары , бөлімдері , мекемелері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауы жөнінде тексеру өткізу.
7. Ауданның кент және ауыл әкімдері аппараттары, бөлімдерінің жұмыстарын талдау, олардың қызметтерін жетілдіру және нәтижелі жұмыс істеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу .
8. Аудан аймақтарындағы істердің жағдайын талдау. Түйінді мәселелерді анықтауы мен шешуін, аудан әкімінің қатысуымен шаралар өткізуін қамтамасыз ету.
9. Кент және ауыл әкімдері аппараттарының қызметінің мониторингін тоқсан сайын қамтамасыз ету.
10. Атқару органдарының құрылымдарын жетілдіру, ұстауына шығындарды азайту мен басқаруын ықшандау мақсатымен оларды өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындау.
11. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, басқа бөлімдерінің,басқармалардың ұсыныстары бойынша негізгі шаралардың айлық және тоқсандық жоспарлар жинақтауын жасау.
12.Әкімшілік- аумақтық құрылғы мәселелері бойынша материалдарды дайындау.
13. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауына, референдумдарды өткізуіне техникалық және ұйымдастыру жөнінде құжаттарын дайындау, және оның орындалуын бақылау.
14.Мемлекеттік бағдарламалардың, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық өзгерістері бағыттары орындалуына бақылауды қамтамасыз ету бойынша атқару органдарымен өзара үйлестіру, іс-қимыл жасау.
15.Аудан әкімі, оның орынбасарларымен апталық аппараттық жиындарын, жиналыстарын үйымдастыру және өткізу бойынша жұмысын үйлестіру.
16. Ауданның елді мекендерінің тұрғындарының алдында аудан әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу және дайындау.
17.Аппарат қызметкерлері ішкі тәртібінің ережесін сақтауын қадағалау.
18. Кенттер мен ауылдар әкімдері қызметін рейтінгті бағалаудың есептік кестесін жүргізу
19. Кент,ауыл әкімдері аппараттарына, бөлімдеріне практикалық көмек көрсету:
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері , тапсырмалары орындалуына бақылау ұйымдастыру
20. Бөлімге түскен хаттар мен өтініштерді қарау.

3. Бөлімнің өкілеттігі
21. Бөлім өз құзыретi шегiнде негізгі міндеттерін атқару мақсатында құқықты:
1) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктеме, немесе аудан әкімінің немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, аудандық бөлімдерінен, кәсіпорындардан, мекемелерден және басқа да меншікті түрлерінен қажетті ақпарат, құжат және басқа мәлімет сұрауға;
2) аудан әкіміне және әкімдікке материалдар дайындау жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдерін, мамандарды тарту;
3) бөлім қызметкерлерін әр түрлі жиындарға қатысу үшін аудан әкімінің немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша жіберу;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылауды жүзеге асырады, орындалмаған мәселесі және жағдайы, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;
5) мемлекеттік органдардың өкілдерін тексеруге қатыстыру;
6) өткен тексерістерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындамаған және тиісті орындамаған атқару органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру;
7) кент және ауыл әкімдеріне, бөлім және басқарма басшыларына тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар беру;
8) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдіктің қаулыларының , аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
9) аудандық атқару органдарының ақпараттық банкі мәліметерімен пайдалану;
10) ұсынылған талаптарға сәйкес емес құжаттарды қайта даярлау жөнінде бекітілген тәртіп бойынша басшылыққа ұсыныс беру, басқа органдардың және ұйымдардың құзыретіне жататын құжаттарды қарауға беру.

4. Бөлім құрылымы және қызметкерлердің функционалдық міндеттері
1) Бөлім басшысы
2) Ақпарат технологиялары жөніндегі бас маманы
3) Бас маман – 4 бірлік

2. Бөлім басшысы:
1) бөлімнің қызметіне басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруына жауапты, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз етеді;
2) бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді бөледі, ұтымды жұмысұйымдастыру және тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3) тексеріс өткізу және бақылау жүргізуге байланысты өзінің құзыретіне жататын мәселелерді шешеді;
4) аппарат басшысына бөлім қызметкерлерін тағайындау немесе босату, оларды көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша аппарат басшысы қарауына ұсыныс енгізеді;
6) аудан әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы өткізетін жиналыстарға қатысады ;
7) аппаратта қолданыстағы нұсқаулық және регламент құжаттарымен жүктелген басқа да функционалдық міндеттерін орындалуын қамтамасыз етеді.
8) аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау ұйымдастыру жөнінде жұмысын үйлестіреді;
9) сайлау өткізуіне техникалық және ұйымдастыру жөнінде құжаттарын дайындау, және оның орындалуын бақылайды
10) жоғары органдарға сайлау құжаттарын, мәліметтерін дайындайды.
11) бөлімдердің басшыларынан тоқсан сайын қажет материалдарды жинақтап кенттер мен ауылдар әкімдері қызметін рейтінгті бағалаудың есептік кестесін жүргізеді.

23. Бас маман:
1) кент және ауыл әкімдері аппараттарынан, бөлімдерден, ұйымдардан, басқа меншікті түрді кәсіпорындардан марапаттау жөнінде құжаттарды қабылдайды;
2) белгіленген мерзімі бойынша облыс әкімі аппаратына Мемлекеттік белгілерін марапаттау және ұсыну жөнінде есеп тапсырады;
3) Алғыс хаты мен Құрмет грамотамен марапаттау жөнінде аудан әкімінің өкімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде толтыруын қамтамасыз етеді;
4) бақылауға алынған аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмалары дер кезінде орындалуына бақылау және есеп жүргізеді;
5) ауданның елді мекендерінің тұрғындарының алдында аудан әкімінің есеп беру кездесулерін дайындау және өткізуін қамтамасыз етеді;
6) аудан әкімі аппараты атына кездесулерде айтылған ұсыныстар мен пікірлерін жинақтап қорыту, оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді;
7) аудандық салтанатты шаралар, әкімдіктер мен жиындар дайындау және өткізуіне қатысады;

24. Бас маман:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау ұйымдастыру жөнінде жұмысын үйлестіреді;
2) аудандық ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері бойынша атқару органдары Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын жүзеге асыруына жауапты;
3) аудандық кәмелетік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссиясы жұмысында заңдылық сақтауын қамтамасыз етеді;
4) Үйлестіру Кеңесінің, ақсақалдар алқасының, аудандық әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөнінде комиссиясының жұмысына қатысады;
5) ауданда әйелдер жағдайы, отбасы түйінді мәселесі бойынша қоғамдық пікірлерін зерделейді;
6) ономастика комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
7) оралмандарды бос жұмыс және үлес орындарына орналыстырады;
8) денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік қорғау жөнінде бағдарламаларын әзірлеуіне қатысады және осы бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізеді;
9) аудандың даму әлеуметтік бағдарламаларын орындау баға көрсеткіштерін әзірлейді;
10) апта сайын бақылауға алынған құжаттардың орындалуы, орындау мерзімінен ауытқушылығы болғаның анықтау жөнінде талдау жасайды;
11) тапсырмаларды орындау жөнінде аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының жиналыстарын ұйымдастыруына қатысады;
12) тапсырмаларды орындау жөнінде аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының жиналыстарын ұйымдастыруына қатысады;
13) әкімдік жиналыстарына, аппараттық жиындарына мәліметтер дайындайды
12) азаматтардан бөлімге түскен хаттар мен өтініштерді қарап жауап дайындайды.

25.Бас маман:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау ұйымдастыру жөнінде жұмысын үйлестіреді;
2) аудандық атқару органдары, кент және ауыл әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын жүзеге асыруына жауапты;
3) бақылауға алынған Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмалары дер кезінде орындалуына бақылау және есеп жүргізеді;
4) бір айда екі рет аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, ауыл және кент әкімдері аппараттарына, бөлімдерге, басқармаларға мерзімі тақалған құжаттар жөнінде ескерту дайындап жібереді;
5) тоқсан сайын ауыл және кент әкімдері аппараттарына, бөлімдерге, басқармаларға, бақылауға және бақылаудан алынған мемлекеттік органдарының актілерінің тізімін дайындап дер кезінде таратады;
6) апта сайын бақылауға алынған құжаттардың орындалуы, орындау мерзімінен ауытқушылығы болғаның анықтау жөнінде талдау жасайды;
7) тапсырмаларды орындау жөнінде аудан әкімінің және аудан әкімі аппараты басшысының жиналыстарын ұйымдастыруына қатысады;
8) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің , ауыл және кент әкімдері аппараттарының, бөлімдердің, басқармалардың жұмысына оң тәжірибені зерделеп, кеңес беріп, жинақтап қорыту мен таратуын жүзеге асырады;
9) азаматтардан бөлімге түскен хаттар мен өтініштерді қарап жауап дайындайды.

26. Ақпарат технологиялары жөніндегі бас маманы
1) аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау ұйымдастыру жөнінде жұмысын үйлестіреді;
2) аудандық атқару органдары, кент және ауыл әкімдері аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын жүзеге асыруына жауапты;
3) сайлау өткізуіне техникалық және ұйымдастыру жөнінде құжаттарын дайындау, және оның орындалуын бақылайды
4) жоғары органдарға сайлау құжаттарын, мәліметтерін дайындайды.
5) «Электорндық Үкімет» бағдарламасын жүзеге асырады;
6) аудандық әкімдік жиындарына құжаттар дайындауына, хаттама жүргізуіне қатысады;
7) АИС «Сайлаушы » жиынтығын толықтыру мен реттеу жұмысын ұйымдастырады;
8) веб-сайтқа мәліметтер мен ақпаратттар орналастыруын қадағалау

27. Кадрлар мәселесі жөніндегі бас маман:
1)Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкметінің актілері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агентігі төрағасының бұйрықтары, облыс әкімдігінің қаулылырын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын орындалуына бақылау ұйымдастыру жөнінде жұмысын үйлестіреді;
2) аудандық атқару органдары, кент және ауыл әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің , Үкметінің актілері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агентігі төрағасының бұйрықтары, облыс әкімдігінің қаулылырын, облыс әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларын дер кезінде және толық орындалуын жүзеге асыруына жауапты;
3) аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің , бөлім басшыларының, кент және ауыл әкімдерінің жеке істерін, еңбек кітапшаларын жүргізеді, қызметтік куәліктерін дайындап тапсырады, еңбек демалыстары кестесін бекітуге дайындайды;
4) еңбек және мемлекеттік заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді қабылдап, басқа жұмысқа ауыстыруын және босатуын дайындайды;
5) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі жылдық және келешек жоспарларын әзірлеуге қатысыды;
6) мемлекеттік қызметкерлерінің еңбек өтілін есептейді, қызметкерлердің бұрынғы және қазіргі еңбегі туралы анықтамалар дайындайды;
8) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қызметшілерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыруға және өткізуге құжаттар дайындайды ;
9) ауданының жергілікті атқарушы органдарының бекітілген штат санының лимиттері сақталуына бақылау жасайды;
10) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметке байланысты шектеулерді сақтауына бақылау жүргізу, арнаулы тексеріс өту мен Бас прокуратураның жанындағы АЕ және ҚСКБ-ге сұрау құжаттарын дайындайды;
11) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын және қызметтік нұсқаулықтарын әзірлейді;
12)ауданның саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері кадрлық резервіне құжаттар дайындайды;
13) мемлекеттік қызметкерлерлері ауысуы мен сапалы құрамы бойынша статистикалық және талдағыш қызметін үйымдастырады және жүзеге асырады;
14)қызметке қабылдау немесе босату өкімдерін , бұйрықтарын дайындау. Шұғыл және жеке шарттар жасайды ;
15) аппарат қызметкерлерді ішкі тәртібінің ережесін сақтауын қадағалайды.

28. Ауданы әкімінің аппаратының Ережесіне сәйкес бөлімнің қызметкерлері аудан әкімдігінің, аппараттық, бөлімдердің және басқармалардың жиындарына, аудан әкімі аппаратында өтетін шараларына қатысуына құқықты.
29. Бөлім басшысының қарауы бойынша бөлім өзінің функционалдық міндеттерін атқару үшін мүдделі бөлімдерінің өкілдерін шақырып, өз еркімен жиындар мен басқа да шаралар өткізеді.

Новости района

Архив

Новости региона

Государственные программы

Опрос пользователей

Курсы валют

Погода

Как Вы оцениваете информационный портал? ОТВЕТИТЬ
Доллар 385.16
Евро 425.95
Рубль 6.01
В Нуринске сейчас: 20°C пасмурно
  • Влажность: 33%
  • Давление: 716
  • Ветер: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»