2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 22 қазандағы № 5 өкімі
1. Қоса беріліп отырған 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспар бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
2. Орталық, жергілікті атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне белгіленген мерзімдерде Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.49
Евро 421.06
Рубль 5.54
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 75%
  • Қысым: 718
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»