Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

14.jpgАлтын түсті күн және ортасындағы бүркіттің қалықтаған көлеңкесі, сол жағында алтын түстес ұлттық оюы бар көгілдір ту бүгінгі күні республикада әкімшілік ғимараттарды безендіреді, шетел мемлекеттеріндегі егемен Қазақстанның елшіліктеі ғимаратының үстінде жалындап тұр, Біріккен Ұлттар Ұйымдастығы ғимаратының жанында орналасқан. Ол барлығына азаттық нышаны, біздің республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі деп қабылданады. Оның авторы Шәкен Ниязбеков. Біздің бұл жаңа нышан оның шығармашылық ізденістері мен жігерлі еңбегінің қорытындысы болып табылады.

Мемлекеттік туды жасауға арналған конкурсқа 600-ден аса жобалар қатысты. Комиссия бастапқы іріктеуден кейін төрт ерекше қызықтырған жобаларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне талқылауға ұсынды.

Мемлекеттік тудың басты элементі оның түсі. Басынан көптүсті және әртүрлі жарқыраған түстерден бас тартып және тудың Қазақстанның бірлігі нышаны ретінде бір түсті болу керектігін дәлелдеген автордың бірбеткейлілігі мен мақсаттылығына ерекше мән беруге болады. Сонңғы нұсқасында анықталғаны ашық көгілдір түс. Ең бастысы ашық көгілдір түс ертеден адамдардың ашық түс, мәнерлі және жағымды түстерді қолдануымен қатысты. Бұл кездейсоқтық емес. Бұл түс табиғатқа да қатысты. Ол кемпірқосақтың қасиетті жеті түсінің бірі болып табылады. Аспан және су түсі.

Халықаралық жоспарда, өз мемлекетінің нышанына ашық көгілдір түсті туды көтерген елдің саясатына ерекше сенімділік пен түсіністікпен қарайды. Осындай бейнемен, біздің туымыздың таза көгілдір түсі халықтың мәдени-этникалық бірлестігінің куәгері және бір мезгілде мемлекеттің бөлінбейтін көрсетеді.

Күн- өмір және энергия көзі. Сондықтан күн бейнесі өмір сүру нышаны болып табылады. Адам мәңгілік емес. Адамның өмірге келуі мен кетуі уақытпен өлшенеді. Ал көшпенділерге уақыт күн қозғалысымен өлшенеді. Күннің шығыс мен батысы бір өлшем- күндіз. Елтаңбатану заң бойынша, күн көлеңкесі байлық пен береке нышаны болып табылады. Сондықтан анықтап қарағанда біздің тудағы күн сәулесі бір уақытта байлық пен береке негізі- бидай формасы тәріздес екендігі кездейсоқтық емес.
Көшпенділер дүниетанымында дала сұңқары мен бүркіт ерекше орын алады. Қазақстандағы мекендеген халықтар пен этникалық топтардың елтаңбасы мен туындағы оның белгісі, ертеден салт дәстүрі бар. Нышандар тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билік, кеңдік және көрегендікті білдіреді. Қырдағыларға бұл бостандық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке ұмтылу, болашаққа шарықтау нышаны. Сонымен қатар, қыран қуатты күшімен, болашақ жетістіктерге жетуге кедергі жасағандарға лайық тойтарыс бере алады. Қыран бейнесі егемен Қазақстанның дүниежүзілік өркениет шыңдарына ұмтылу рухынан да шыққан.

Біздің туға қайталанбаушылық пен сонылық танытып отырған тағы бір белгі, бұл ұлттық өрнектен тұратын сызыққа қосарластық. Бұл жерде қазақша ою-өрнек «қошқар- мүйіз» бейнеленген.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

gerbЕлтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.
Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.
Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.
Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні 

563.jpg

Сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

 

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»