Қарой ауылы әкімінің есебі

Құрметті Ниханбай Иманғалиұлы, президиум, және ауыл азаматтары!
                                          
Жылдар өтуде. 2016 жылдыда тарих қойнауна жібердік. Еліміздің 25 жылын атап өттік. Мемлекет үшін ол көп уақыт емес. Бірақ осы аз ғана уақытта Қазақстан өз аяғына нық тұрып, әлемге аты танылған мемлекет болды. Егемен дамудың 25 жылы ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына еніп, «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырды. Бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуын жеделдететін «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманды мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастадық. Бұл бағдарламалардың орындалуы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға, яғни қазақстандық арманға қол жеткізуге жақындата түседі. Осы бағытта ел қатарынан қалыспай Қарой ауылы да өсіп өңуде.                                   
Қарой  ауылында  барлығы - 594 адам тұрады.
2016 жылдың  ішінде туған сәбилер саны – 14 адам.
қайтыс болған азаматтар саны - 5 адам.
Зейнеткерлер саны – 64 адам.
Барлық топтардағы мүгедектер саны – 40 адам, жұмысқа жарамдылар - 316 адам, өз бетінше жұмыс істеуден табыс табатындар – 69 адам.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТОҚТАСАҚ

Қарой ауылдық округі бойынша  үй шаруашылықтардың саны – 144.
Қарой ауылдық округі бойынша  15 шаруа қожалықтары бар, 3 Ф/Қ, . 18 шаруа қожалықтарының пайдалануында 1646,7 га егістік жері бар. 2016 жылы игерілмеген-269,7 га.
Шаруа қожалықтарының  2016 жылғы егістігі  1646,7 га, оның ішінде- 327 га –бидай, 627 га – арпа, 178 га- сұлы  отырғызылып гектарына орта есеппен 11,6 центнер өнім алынды .Салыстырғанда 2015 жылдан 2016 жылы алған өнім екі есеге  көтерілді. Барлығы 1037 тонна.          

«Бақтияр» ФҚ-ғы ашылғанына 1 жыл дай уақыт болды. Басшы Айдикенов Қайыркен. Алдарына қойылған жоспарлары айтарлықтай. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 3 млн. теңге несие алды. Соның нәтижесінде мал басын 38 сиырға жеткізіп, 1 асыл тұқымды бұқа қосты. Шаруаны кеңейту мақсатпен 30 бас мал сиятындай мал қора салып, арендаға жәйілімге жарайтын 120 га жер алды. Әліде мал қорасын кеңейтіп, жәйілімімен шабынды жер берсе алып, техникасын жаңартып, малдың тұқымын сүтті тұқымға ұрықтандырып, жалпы шаруасын қеңейту жоспарлайды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының жағдайын көтеру мақсатында 21 ауыл тұрғындарының басын қосып «Агрокармол» кооперативін ашты. Сәтін салса бастамасы сүт өнімін қабылдау.  Сонымен қатар басқада түрлі кәсіпкерлікті ұйымдастыру жоспарда. Бұндай істерге тек қана сәттілік тілейік.
(слайд)
Фермерлік қожалық «Арман» 2005 жылдан бастап  Тютебеков Дулаттың күшімен ұйымдастырылған. Қазіргі таңда қожалық нық аяққа тұрды деп айтуға болады. Меншігінде 115 аналық қой бес қошқарымен, 20 дан астам ешкі, 1 бұқа бастаған 30 сиыр, 8 торпақ. Сонымен қатар егістік жері, шабынды мен, жәйілім жерлері бар. Шаруасын көтеру үшін инвест проектының арқасында 220 га егістік, және 1705 га жәйілым жер арендаға алды. Жоспары айтарлықтай. Қара малдың басын 50- ге, ұсақ мүйізді бастың санын 300 басқа  көбейту. Сонымен қатар ескірген техникаларын жаңарту тағыда ойында. Осындай шаруашылықтарға үкімет тарапынан көмек аз емес. «Арман» қожалығына өткен жылы арпа мен сұлы отырғызған үшін 240 гектарына 2500 тенгеден, мал шаруашылығына тұқымын асылдандыру үшін 30 сиырға 18000 тенгеден, барлығы 1млн 140 тенге субсидия берілді. Ендігі сүт тапсырып пайда түсірсе артық болмас демекпін. Арманға тек қана сәттілік тілейік. (слайд)
«Қарой» ЖШС  егістігі 5832 га.  2016 жылы орта есеппен гектарына 7,3 центнерден 4281 тонна астық алынды. Салыстырғанда 22 пайызға өнім көтерілді.  Қысқы мерзімге арнап 1087тн шөп, 1112 тн  сабан дайындалынды. 10 гектар жерден 28,6 тонна картоп алынды. Серіктестіктің наубайхананың жұмысынан 32403  дана нан сатылды.
«Қарой» ЖШС өсімдік шаруашылығына жанар маймен гербициттің құнын төмендетуге арналған бағдарлама бойынша 6.403.886 тенге , сонымен қатар мал шаруашылық жағынан ет, сүт, қымыз тағамдарын өндірген үшін және  мал тұқымына селекциялық жұмыстар жүргізген үшін  7.406.504 тенге  субсидилар берілді. Барлығы 14.157.088 тенге.
Соның нәтижесінде 340 953 литр сүт, 5 225литр қымыз, 131 бас бұзау, 28 құлын, 361 қозы алынды.

 слайд

Атауы

   2015жыл

   2016 жыл

     пайыз

Ірі қара мал

    618 бас

      719  бас

      16

Ұсақ мүйізді мал

   1369 бас

     1726  бас

      26

Жылқы

    410 бас

       306  бас

     - 38

Шошқа

    16 бас

       3 бас

     - 33 

Құстар

    982 бас

      702 бас

     - 32

Кәсіпкерлік:
Шаруашылықтармен қатар Қарой ауылында 3 дүкен, жиһаз құрастыратын шеберхана, көлік жөңдеу станциясы орын алған.
Өткен жылы аяқ киім жөндейтін шеберхана ашу мақсатында 1,5 млн. тенгеден кәсіпкерлер қолдау қорынан жеке кәсіпкер «Омарова Акпейіл» несие алды. Қазіргі таңда арнайы станок алынды, жоспарында аяқ киім тікпекші. (слайд)
Мал асырап, отбасының жағдайын көтеру мақсатында және биыл сүт қабылдау орын ашылатын болғансоң Сәкенов Серик   «Береке» бағдарламаны пайдаланып  1,5 млн. несие алды. Сәттілік тілейік.

(слайд)      Ветеринария жөнінде
Округ бойынша ветеринарлық қызметі мал саулығын қатал қадағалап, ветеринарлық маман ең қауыпты ауруларға қарсы егу жасады, ірі қара және ұсақ малдан бурцеллез ауруына зерттеуге қан алынды. Барлық малдар зерттеуден таза өтті. Ауыл малдары аурулардан таза. Сібір жарасы, туберкулез, ЭМКАР( қарасан), құс тұмауы, бруцеллез сияқты ауруларға қарсы барлық малдарға: жылқыларға, ірі-ұсақ қара малға вакцинация жасалды. Байлауда тұрған иттерге қой-ешкілерге жұғатын айналма ауруына қарсы арнайы құтыру ауруына қарсы  дәрілер берілді. Ауыл шарушылықтағы барлық малдардың саны дерекқор базасына 2016 жылы 95 пайыз енгізілді. Жылқыларға 100 пайыз чип салынып. Жабағыларғада таяу арада азотпен таңба  салынды. Өткен жылы 3 рет бос жүрген иесіз иттер жойылды. Әлі де жұмыс жасау керек. Санитарлық қауыпсіздікті сақтау үшін мал өлексілерін міндетті түрде арнайы құбырға тастатылады.

 

Ерекше көңіл бөлетін  денсаулық сақтау  және      медициналық көмек көрсету сапасы.
Ауылда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты: онкологиялық ауруларға шалдықандар барпығы – 3 адам, туберкулез ауруына шалдықан  1 адам жазылып шықты.  2016 жылда  нәрестелер мен аналар  шетінеуі болған жоқ.
Негізінде халық саны – 594 адам. Оның ішінде  136 балалар, бір жасқа дейін -13, бір жасқа толған бала-8, беске толған балалар саны-10.Аяғы ауыр әйел азаматы -3 адам.
Қарағанды қаласынан ПМК келіп, ауыл  азаматтары  толығымен тексеруден  өтті. 250 адам флюрографиядан өттіде, жоспар орындалды.  120 адамға вакцина берілді, оның ішінде 60 адам балалар.
Диспансерліқ тіркеуде 9 бала, және 60 ересек азаматтар бар. План бойынша 70 адам скрининктен өтуге тиісті еді, 104 адам өтті. Бір жасқа дейінгі балалар міндетті түрде тиісті прививкаларын алуда.

 

Білім

Қарой ЖББО мектебінде жалпы оқушылар саны-88 бала. 4 жасқа дейінгі балалар саны-48. Шағын орталықта – 16 бала. Мектеп алды даярлық тобында -8 бала. Колледж, лицейда оқитындар саны -21 бала. 4 бала жоғарғы білім орталықтарында оқиды.
Мектепте мұғалымдер саны 38 адам.

 слайд
Қарой ЖББОМ мұғалімдер мен оқушылардың спортқа деген талпыныстары мол. Айтарлықтай мини футбол, шахмат, қазақша күрес, шаңғы, волейбол сияқты ойындарға міндетті түрде қатысуда. Мысал ретінде:
Аудандық қазақша күресінен, шахматтан, мини футболдан 2-3 орындарға ие болған.  Облыстық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған спартакиадада мұғалімдер арасынан шахмат ойынан 1-орынға ие болған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сарсенбаев Айткен.

«Қарой ауылы әкімінің аппараты» ММ

Қарой  ауылы әкімі аппаратына 97 хат түсті әр қайсысына тиісті жауап берілді- қаралды. 42 өкім шығарылды. Мемлекеттік қызмет бойынша – 46 кісіге мемлекеттік қызмет көрсетілді, Әскери стол бойынша 2016 жылы әскери стол есебіне  4 адам кіріп 1 адам есептен шықты, Қазіргі таңда әскери есепте 92 адам тіркеуде тұр. Әскерлік борышын өтеде 1 адам, шақырылып отырғандары -5 адам.
Мүлік салығы - 68930 тенге, жер салығы – 19917 тенге, барлығы – 88847 тенге. Жоспарланған мүлік салығы мен жер салығы уақытында 100 пайыз жиналып өткізілді.
2016 жылы  аудан әкімінің  аппаратына  Қарой ауылының тұрғындарынан 4  өтініш  түсті, жер мәселесі бойынша 1,  әлеуметтік көмек көрсету туралы 3, өзге сұрақтар болған жоқ.  
Өтініштерде қойылған сұрақтардың 4-і қанағаттандырылды, 4-і бойынша түсініктеме берілді,
Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 5 тұлға, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша  қабылданды. Бұл сұрақ бойынша түсініктеме берілді.     
2016 жылғы есептік кездесу  уақытында  Қарой  ауылы  бойынша 2  мәселе көтерілген болатын:

  1. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту;
  2. Тютебеков Дулаттың сұрауы бойынша 3 фазалық тоқ өткізу;

            2016 жылға Қарой ауылының аппаратына бөлінген бюджеттік қаржы  11 млн 406 мың теңге, онын ішінде
- ауыл әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 10млн 530 мың теңге.
- көше жарықтандыруы – 195  мың теңге
- «Өңерлерді дамыту» бағдарламасына  -578 мың теңге. Ауылдың көше жарығына пайдаланылды.
Портал арқылы 22 келісім шартқа отырып, 1 млн. 832 теңге тұратын істер атқарылды.
Ауыл өмірінің деңгейін және сапасын арттыру үшін, ауыл аймағының тазалығына 2016 жылы ерекше көңіл бөлінді. Апта сайын таза бейсембіліктер ұйымдастырылып, облыстық сембіліктерге қатысып,  көшелердің жалпы ауыл тазалығына көңіл бөлінді. Ауыл ішіндегі саябақты аббаттандыру мақсатында 150 әр түрлі ағаш отырғызылды.  ЖШС-тің көмегімен жылдағыдай қоқыс төгілетін орны жинастырылды. (слайд) Аудан бюджетінен ауыл тұрмысын жақсарту үшін 578 мың тенге бөлінген. Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша көшелерге 14 дана светодиодпен істейтін құбырлар орналастырылды. Заманауй технологиямен жасалган ЛЭД фонарлар, 10 есе электро энергиясын төмен пайдаланады. 3 жылдық мерзімде кепілдігі бар, және жалпы пайдалану мерзімі 20 жыл. Қосымша фото реле орналастырылды. Әліде қосымша 15 дана құбырларын орналастыруға 2017 жылыдың шілде айында орналастыруды жоспарлаймыз.  Берілген қаражаты толығымен игерілген.
.         
слайд                              
                                      Әлеуметтік сала

 - Әлеуметтік көмекті 1 отбасы 222.900 тенге алды. Балаларға арналған жәрдемақысын барлығы 280 700 тенге 3 отбасына тағайындап берілді.  
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жол картасы 2020 бағдарлама бойынша 3 ауыл тұрғыны жұмысқа алынды. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету мақсатпен көп балалары бар отбасыларына мектепке баруға әкімшіліктен  және Қарой орта мектебінен  30 мың тенгеге оқу құралдарын алып  көмек жасады.
Қазан айында қарттар күні аталып өтті. Қайырымдылық ас беріліп, Қарой мектебінің ұйымдастыруымен шағын концерт берілді. Демеушілік көмегін  «Карой» ЖШС-гі көрсетті. Ал 3 желтоқсан мүгедектердің хХалықаралық күні мүмкіншіліктері шектеулі 12  адам құттықталып, ауыл шаруашылықтардың демеушілік көмектерінің арқасында 4000 тенгеден әрқайсысына берілді.
Ауыл қарттар үшін Жаңа жыл қарсаңында ардагерлер қоғамының жетекшісі Максутов З  пен  Қарой ЖББО мектебінің тәрбие меңгерушісі Есмағамберова Салтанаттың  ұйымдастыруымен, және «Қарой» ЖШС-тің қолдауымен шырша алдында мерекелік кеш өткізілді.Сый сиапаттар берілді.
слайд

    Жылдың аяғына дейіңгі жоспарларымыз:
1.Кооперативтің жұмысын дамыту, ауыл малының тұқымын оңдастыру, санын көбейту.
2. 2017 жылға арнап аудан бюджетінен 578000 теңге бөлінген  қаражатты, аулдың көшелеріне қосымша  шам құбырларын орналастыру.
3.Қоқыс тастайтын жерді заңдастырып, 2017 жылдың мамыр  айына дейін құжаттарын дайындау.

   Алдағы негізгі жоспарлар:
1. Ауылға таза ауыз су  өткізу мәселесінің  шешілуін қадағалау;
2. Ауыл ішіндегі жолдарды жөнге келтіру.

Назарларыңызға рахмет! Қоятын сұрақтарыңыз болса, қоюларыңызға болады.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 325.79
Евро 402.94
Рубль 5.33
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 34%
  • Қысым: 716
  • Жел: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»