Баршын ауылы әкімінің есебі

Нұра ауданы Баршын ауылы әкімі м.а. Мұханалиева Зәуре Қазанбайқызының 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы және алда тұрған міндеттері туралы есебі.

     Құрметті  Ниқанбай Иманғалиұлы,қадірменді қауым!

Бүгінгі кездесуіміз ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес өтіп жатыр.
Баршын ауылы әкімінің аппараты да басқа мемлекеттік мекемелермен,шаруа қожалықтары,шағын бизнес өкілдері және басқа да құрылымдармен бірлесе отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың     «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім,реформалар,даму»атты Қазақстан халқына Жолдауда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарды.
Аудан бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты ауыл тұрғындарының жағдайын әрі қарай    жақсарту болып табылады.Өткен жылы Баршын ауылының    тұрғындары,барлық Теңіз өңіріндегі атқарылған үлкен игі жұмыстың,оң өзгерістің куәгері болдық.Аталған бағдарламалар аясында мәдениет ошақтары,білім беру мекемелері,жолдары жөндеуден өтті. Баршын ауылы 3елді мекеннен тұрады:Баршын,Бестамақ,Қарақасқа.
Халық саны 803,аула саны 174,отбасылар саны 197.
Мүгедектер 17,зейнеткерлер 81,жастар саны 150,оның ішінде жоғары оқу орындарының студенттері 15,колледж студенттері 27  ,мектеп оқушылары140,1-тыл ардагері,1-ауған соғысының ардагері бар.Бала туу қабілеті бар аналар(фертильный вораст)- 99  ,туған бала -11   ,.қайтыс болғандар- 5.
Ауыл бойынша халыққа тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп,оқушыларды мектеп интернатына тасымалдап жұмыс жасап жатқан 6-кәсіпкер,және еліміздің экономикасының дамуына орасан үлестерін қосып жүрген 40 шаруа қожалықтары бар.Казагрофинанс несиесімен 1трактор алынды(Муханалиев Б)
Экономикалық белсенді тұрғындардың саны 422,жұмыспен қамтылғаны 351,оның ішінде өз тарапынан  жұмыс істейтіндер 158 адам.
Жыл бойы 18 адам жұмысқа орналастырылды.(мектеп ,аурухана,шаруа қожалықтарына)
Баршын   ауылдық округке қарасты КазМұнайГаз мекемесі,мектеп,байланыс бөлімшесі,ауылдық аурухана,метеостанция,ветеринарлық зертхана,подстанция бар.
Баршын ауылы бүгінгі күнде даму жолында,елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып,игеріліп келеді.   «Өңірлерді     дамыту»бағдарламасы бойынша 17 жарық беру шамдары алынды,5 шам мектепке берілді,12 шам ауыл ішіне орнатылады.
-2-
«Жұмыспен қамту жорл картасы-2020 »бағдарламасының 2 бағыты бойынша
3 азамат         7,0 млн.тенге несие алып,жеке кәсіпкерлік ашып,жұмыстарын бастап кетті, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020 »бағдарламасының 3 бағыты бойынша 3 ауыл азаматтары Абай қаласының көп профильді колледжінде ветеринар мамандығы бойынша оқып жатыр.
Осы бағдарлама аясында су құбырлары да ағымды жөндеуден өтті(труба,колонка,задвижка,насос,клапан,люк)ауыстырылды.
Ауыл әкімі аппараты бойынша 2016 жылы 420 мемлекеттік қызмет көрсетілді,4 өтініш жазбаша түсті,4-уі де жер туралы,4-уі де қанағаттандырылды,34 өтініш ауызша әкім қабылдауына келген азаматтардан болды,бәріне де жауап беріліп,өтініштері қанағаттандырылды.
Округ бойынша 01.01.2017 ж. мал саны :ІҚ-2846,жылқы 1698,ҰМ-2229,құс-967.Ауылшаруашылық жануарларына уақытылы  ветеринарлық тексерістер жүргізіліп,екпе жұмыстары жасалады.                                   
Ауылда бір мектеп бар. 23 мұғалім қызмет етеді.Жалпы оқушы саны 140, 3пен 6 жас аралығында 35 бала шағын орталықта.Орталық тәрбиешілерімен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мектепте кадр мәселесі шешілген,қазандықтар  толық режимде жұмыс істеп тұр, орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді.
Мектеп жанында интернат жұмыс істейді,бала саны-30,Қарақасқа ауылынан-10, Бестамақ ауылынан-5,Саржал қыстағынан-3,Талдысай ауылынан-11,Сарыөзен ауылынан-1(жүкей бөлімшесі).
Баршын мектебі,пошта бөлімшесі,байланыс торабы,ветеринарлық зертхана,КазМұнайгаз ,әкімшілік интернет желісіне қосылған.
Көктемнен бастап қар түскенге дейін ауылда тазалық айлары өткізілді,әр бейсенбі сайын «Таза бейсенбі»        ұйымдастырылды.2016 ж.ауыл тұрғындарының қаражатына 500 тоннадан артық күл-қоқыс шығарылды.
Тамыз айында ауыл әкімі аппараты отырған ғимаратқа  ағымды жөндеу жұмыстарын жүргіздік.
Біздің ауылда осы ауылда туып,өскен орыс ұлтынан бірнеше отбасы тұрады.
Сол азаматтар өтініш жасап,қоршаусыз жатқан христиан зиратын қоршауға көмек сұрады.Ауылымыздың азаматы Муханалиев Боранбайдың басшылығымен,ауыл азаматтары қоршап берді.
Ауыл тұрғындары,көшіп кеткен азаматтар ,ауыл жанындағы екі мұсылман зиратын жаңалап қоршауға және сырттағы қоршаусыз жатқан зираттарды қоршау мақсатында қаржы жинап жатыр,жаз айларында жұмыстарын бастайды.
Әлеуметтік саладағы басым бағыттардың бірі-халықтың неғұрлым аз қамтылған бөлігін,қарттарымызды қамқорлыққа алу.  « Ардагерім-ардағым»     акциясы аясында көп жұмыстар атқарылды.Ауыл жастары,мекеме қызметкерлері жалғызбасты қариялардың үйіне барып отындарын жарып,үйлерін,үй маңдарын тазалады. Сыйлықтар апарды.


                                      -3-
Муханалиев Б.қарттарымызға ас беріп,ауылымыздың тыл ардагері Смагулова Аман әжеге  бір жылқы көмек ретінде берді.
Мектеп формасын алуға қаражаттары болмаған,жағдайы төмен 5 отбасына да көмек көрсетілді. (1 отбасына мектеп мұғалімдері көмектесті-2 балаға,1 отбасына 3-бала Муханалиев Б.3- отбасы Әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне өтініш жазып, материалдық көмек алды)
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ауылымыздың жеке кәсіпкері Карбаева Сарқыт аралас тауар сататын дүкен ашты,бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тарту болды.
Ауыл азаматы Абсадыков Руслан жол бойы кафесін салып бітірді.
Ауылымызда Қоғамдық қауымдастық,ардагерлер кеңесі,әйелдер кеңесі жұмыс істейді,осы желтоқсан айында жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жастар одағын құрдық.
Әзірше 30 дан астам азамат тіркелді.Жаңа жылдық ертегі қалашығын мекеме қызметкерлерімен бірлесіп тұрғызуға ат салысты,келешекте                  атқаратын жұмыстар көп,жұмыс жоспарын құрып жатыр.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы:Бұл бағытты ерекше атап өту керек.Себебі әрбір мәдени   іс-шара халықтың басын біріктіру,татулығын,елге деген сүйіспеншілікті арттыру үшін бағытталған.
Баршын ауылындағы мекемелер,ардагерлер кеңесі,жастар қауымы,әйелдер кеңесі мен кәсіпкерлер,шаруа қожалықтары бірлесе ұйымдастырып,ақылдаса отырып өткізген әр шара өз мақсатына жетіп отырады.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жоспарланған 25 іс- шара әр мекемеде жоғары деңгейде өтті.
Жаңа жылдық шырша да жақсы өткен сияқты,мектеп жасына дейінгі балалары бар әр отбасына сыйлық берілді,костюм киген азаматтар да сыйлықтарын алды.
Балалардың қысқы демалысын жақсы өткізу де ұйымдастырылды. Әйелдер кеңесінің мүшелері,Жастар одағының мүшелері мектеп мұғалімдерімен ертегі қалашығында күнде әр түрлі спорттық іс шаралар өткізді.Айта кету керек осы іс-шаралардың басында ұйымдастырып жүрген ардагерлер кеңесінің төрайымы Рахимбекова С.мен әйелдер кеңесінің төрайымы Жумадильдина Р.
Ниқанбай Иманғалиұлы!Сіздің тапсырмаңыз бойынша   Баршын ауылында қараша айында аналардан «Шапағат»фольклерлік ән-би ансамблі құрылды,бірінші концерттерін наурыз мерекесінде беруге жоспарлап отыр,
қазіргі уақытта киім тіккізіп,дайындық жасап жатыр,жаз айларында Теңіз өңірі аралап шығу және шақырту алып жатса Киевка кентіне барып концерт беру жоспарларында бар.
2016 жылы аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлының бастамасы мен бақылауына алып қадағалауының нәтижесінде Қарақасқа жолы жөндеуден өтті,Баршын ауылына жаңа жедел жәрдем көлігі берілді,ауылымызда өрт сөндіру бөлімі де ашылады деп күтіп отырмыз.
-4-
Жаңа жылдық аудан әкімі шыршасына Баршын ауылынан 9 бала барып,шара шеңберінде әр балаға сыйлаған балалар киімдері мен сотовый телефон,тәтті-дәмді тағамдар салынған қалталарға ие болды.Осы Баршын ауылы үшін істеп жатқан ,әліде істелінетін игі істеріңіз үшін  алғысымыз шексіз.
Өткен жылы жыл бойы объективті себептермен орындалмай қалған жұмыстарды,ауыл тұрғындарының өтініш,талаптарын ескере отырып бюджет және демеушілер      есебінен келесі жұмыстарды атқару жоспарланып отыр:


1. Баршын ауылының ішкі жолдарын жөндеу;
2. қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құжаттарын рәсімдеу;
3. иесіз күл-қоқыстарды шығару ;
4. көшені жарықтандыру ;
5. полиция ғимаратын қайта жөндеуден өткізу ;
Осы жоспарланған жұмыстарға  сметалық құжаттар дайындалып,тиісті орындарға тапсырылды.
Сонымен қатар ауылшаруашылық кооперативтерін ашу,наубайхана ашу,жылыжай ашу,шаштараз ашу жоспарда. Ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,жиындарда талқылап жатырмыз. Ауылымыздың таза ауыл қатарына еніп,өркендеп өсу, көркейту жолында да көп жұмыс жасау жоспарда.
Осы жоғарыда аталған атқарылған жұмыстармен қоса шешімін табуды қажет ететін мәселелер де бар.Бұл мәселелер тұрғындармен кездесу кезінде көп көтерілетін мәселе.Солардың қатарында:
1.Бестамақ ауылының су мәселесі.(су жоқ, жаз айларында 7-8 шақырым жерде бұлақтан тасиды,қыстың күні қатынас қиын, өзен,қар суын пайдаланады)
2.Жастардың спортпен шұғылдануы үшін,күрес секциясын ашуға бір штат қарастыру.
4.Сырттан жұмысқа келемін деушілерге жатахана салу.
Құрметті жерлестерім!
Көп жұмыстарды істеп үлгермедім,
Істелген жұмыстарды жалғыз мен атқарған жоқпын,сіздердің көмектеріңіз көп болды,оған өздеріңіз куәсіздер.Қандай ұсыныс жасасам да,қолдадыңыздар.Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді,бірліктің арқасында тірлік жасайық,баршаларыңызға рахмет,дендеріңізге саулық,бастарыңызға амандық,отбасыларыңызға бақыт,шаңырақтарыңызға шаттық,Отанымызға тыныштық тілеймін.Елбасымыз аман болып.елімізде тыныштық заман болсын.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»