Изенді ауылы әкімінің есебі

Құрметті Ниқанбай Иманғалиұлы!
                               Құрметті жиналысқа қатысушылар!


         Елбасының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5-ақпандағы Жарлығын жүзеге асыру мақсатында еліміздің бүкіл аймақтарында барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есепті кездесулері өтіп жатыр.
         Жиналыстарда әкімдердің тұрғындар алдында есеп берулері еліміздің қоғамдық саяси өмірін демократияландырудың маңызды бөлігі болып табылады. Себебі, осы кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған , ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өзекті мәселелерді көтереді. Бұл атқарушы биліктің тұрғындар алдында жауапкершілігін көтеруге ықпалын тигізетін халықпен ашық диалогы.
           ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын ауыл тұрғындары үлкен жігермен қарсы алды. Бір сөзбен айтқанда, халықтың тұрмысын жақсартуға ішкі мүмкіндіктеріміз артып жетіледі. Еліміздің сыртқы рыноктағы ұстанымын орнықтыруды, аграрлық сектордағы жаңа бастамаларды нақтылауды , жұмыссыздықтың алдын алу , тағы да басқа өрелі міндеттерді алға тартты. Экономикалық-әлеуметтік салаға баса назар аударылды. Инфрақұрылымды нығайтуға жолдар көрсетілді. Ең бастысы дағдарыстан аман шығып, егеменді еліміздің тұғыры биік болсын. Соған баршамыз жұмылсақ, барлық мүмкіндіктерді жұмылдырсақ ,тығырыққа тірелмей , одан әрі дами түсеріміз анық. Жолдауда берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып біздің әкімшілік-аумақтық бөліністе де әр салада елеулі жұмыстар атқарылды. Бар игілігіміздің бастауы болған құтты Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып, барлық іс-шаралар айтулы меркенің аясында өтті .
          2016 жылы ауылдық округ бойынша 3рет ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізіліп, онда мал бағу,ауыл тазалығы және мектеп интернатына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралып ,талқыланды.
         Тұрғындар саны -653. Жұмысқа жарамдылар -264, өз бетінше жұмыс істеп табыс алатындар-32; 2016 ж.туған сәбилердің саны- 9, қайтыс болған адамдар-1.  (2015 жылы халық саны-651 , туған балалардың саны-8, қайтыс болғандар-3).
         «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қолға алынды.Өткен жылы жұмыссыздардың 7 тұрақты жұмысқа, 9 маусымдық жұмысқа орналастырылса, қоғамдық жұмысқа тартылған екі адам ауылымыздың тазалығына,көріктендіру жұмыстарына қатысты.Жыл қорытындысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 153 жастың мәліметі әзірленді. 
          Жергілікті өзін-өзі басқару концепциясына сәйкес жұмысымызды Қоғамдық кеңес арқылы жүзеге асырамыз. Ақсақалдар мен ардагерлер (төрағалары –Қ.Жанысов, Ж.Берлібеков),  әйелдер (төрайымы Б.Бокаева) , жастар (төрағасы Е.Сарсембаев) кеңестері қоғамның тыныс-тіршілігіне белсенді араласуда. Ауыл тұрғындарының арасында аталған ұйымдардың беделі мол және туындалған әлеуметтік сұрақтардың дұрыс шешілуіне үлкен ықпалын тигізеді.
        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде құқықтық оқытулар өткізілді. Бюджеттік сала басшылары мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысы үнемі бақылаудан түспейді, себебі апта сайын жұма күні аппарат отырысы өтіп, атқарылған жұмыстар қорытындыланып , жоспардағы іс-шаралар жүзеге асырылады.
          2016 жылы бюджеттен өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Изенді ауылына 524 мың теңге қаражат бөлініп, жергілікті қоғамдастықпен келісіліп мектеп алаңында спорт кұралдарына жұмсалды.
         «Қаратал» КМКң көмегімен ауыз су келетін жолдағы  құлап қалған электр бағандарын орнату жұмыстары жүргізіліп, екі рет насос ауыстырылды.
          Өткен жылы аппарат бойынша 41 өкім шығарылды.Заңды тұлғалардан-9 өтініш түсіп  қанағаттандырылды, жеке тұлғалардан өтініштер тіркелмеді.200 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді (2015 жылы жеке тұлғалардан-58, заңды тұлғалардан-10, барлығы 68 өтініш түсіп  қанағаттандырылды, 350 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді).
          Әскери үстел есебіне келетін болсақ, есепке кіргендер-6, шыққандар-4, тіркеуде тұрғандар-90. Әскер қатарында-6. 
Әлеуметтік саласы:
          Әлеуметтік саладағы басым бағыттардың бірі халықтың неғұрлым аз қамтамасыз етілген бөлігін қамқорлыққа алу болып табылады. Ауылда барлығы 148 адам зейнетақы және жәрдемақы алатын болса , солардың жасы жеткен зейнеткерлер 54 адам , Ауған соғысының ардагерлері-3, тыл еңбеккері-1,барлық топтағы мүгедектер саны – 27, бала күнінен мүгедектер саны -5, 18 жасқа дейінгі балалы отбасына тағайындалған жәрдемақы алатындар- 10 отбасы (58 адам) (2015 жылы 20 отбасы алған,88 адам). Мектеп жасына дейінгі балалар саны – 62.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына өз Жолдауында қазақстандықтардың әлеуметтік хал-жайын үнемі жақсарту мемлекеттік саясаттың ең бастысы екендігіне баса назар аударды.
          Нұра орта мектебінде барлық оқу пәндері бойынша мамандар жеткілікті (22 мұғалім). 116 оқушы дәріс алады (2015 жылы 125 оқушы болды). Базистік оқу жоспары бойынша жыл сайынғы бағдарлама толық орындалады.10-11 сыныптар бейімдік оқыту саласы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.
          Химия,биология,физика пәндерінің кабинеттері,мультимедиялық кабинеті заман талабына сай жабдықталған.
         Мектеп асханасында жағдайы төмен 1-4 сынып оқушыларына (20 бала) ыстық тамақ тегін беріледі.Мектепте 3 үйірме жұмыс жасайды.Сондай-ақ спорт секциялары волейбол мен баскетболдан жүргізіледі. Спорт залы , спорт алаңы , қысқы сырғанақ алаңы  дайындалады. Мектеп жанындағы интернатта 19 бала жатып оқиды. Кезекшілік ұйымдастырылған. Интернат балалары уақытылы үйлеріне апарылып отырады. Өткен жылдың аяғында «Жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 адам жұмыспен қамтылды.Мектеп түлектері ҰБТ-ден аудан бойынша І жүлделі орынды иеленді. Қапыш Жандаулет- грант иегері, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқиды. Сырама тестер бойынша сараптама жасалынып , қазір орташа білім сапасын көтеруде.  
          Биылғы мектеп бітірушілерге (12) сынақтан сүрінбей өтіп мақсаттарына жетуге тілектеспін.
          Жастар проблемалары бойынша  ауыл әкімі жанында жастар істері жөніндегі Кеңесінің отырыстары өткізіліп тұрады. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында  мектеп оқушыларымен бірігіп спорттық турнирлер , сайыстар өткізіледі. Ауыл жастарының девиантты көріністерін болдырмау мақсатында  ауыл кітапханасы мен мектепте құқықтық тақырыпта диспуттар , отырыстар өткізіледі. Діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Мәуліт айы мен қасиетті Рамазан айында жастарымыз уағыздар, діни өлеңдер оқиды.Ауыл тұрғындарының жалпы жиналыстары, оның ішінде жастардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шараларға арналған жиындар, міндетті түрде ауыл имамының қатысуымен өткізіліп , жиналған қауым батасына бөленеді.Бұл қалыпты жағдай.
          Ауылымыздың жастары Жәркен А. ,Макуов Е, Альжанов Б., Шаймерден Н. аудандық, облыстық, Тайжанов Ж. республикалық жазғы спартакиадаларының «аударыспақ», «теңге алу» ойындарының  жеңімпаздары атанды.
          Бокс, жеңіл атлетика үйірмелері ашылып, ауылдастарымыз аудандық, облыстық сайыстарының жүлдегерлері болды.                   
          Фельдшерлік акушерлік пункт халыққа дәйекті қызмет етуде. 4 адам жұмыс жасайды.Жыл бойы 3616, үйден-1538 адам қаралды.Халықтың денсаулығын сақтау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аурулар саны азайып келеді.Жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бруцеллез ауруынан 3 отбасының 8 мүшесінен қан алынды.Жоспар бойынша мамыр айында жылжымалы флюорография ауылымызға келіп , ауыл тұрғындарын айнаға түсіреді. Байқаудан өтуге 416 тиісті  адамның   392 тексерістен өтті.Түспеген адамдармен әңгімелер жүргізілді.  2016 жылы 1 жасқа дейінгі 5 балаға ана мен бала аптечкасы, жаңа туған 1 балаға сүт қоспасы тегін берілді.Елбасының тапсырмасына сәйкес «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында скрининг тексерістері халық үшін  қолайлы болуда (өткен жылы скрининг жасындағы ауыл тұрғындарының 98% қамтылды).
          ХХІ  ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана. «Модельдік кітапханада» 14448  кітап қоры бар.Оқырмандар саны-550. Кітаптар қоры жаңартылып отырады. 2016 жылы келген кітап саны 330 дана.Компьютерлік базаға енгізілген. Жыл бойында «Кітап- мереке, әрқашан сенімен бірге» атты ұранымен жұмыс жүргізіледі.         
          Электрқуатымен барлық елді мекендер қамтылған.КТП саны 11.
          Пошта байланыс торабы тиянақты жұмыс істеуде. Ай сайын пошта арқылы зейнеткерлерге,мүгедектерге,аз қамтылған отбасыларына,округ көлемінде жұмыс жасайтын мекеме қызметкерлеріне айлық еңбекақылары, зейнетақы,жәрдемақылары мезгілінде берілуде.Баспасөзге жазылу жақсы жүргізілді ( 370 абонемент).
          Телефон байланысы бойынша заман талабына сай SDMA /сидими/  –сымсыз байланыс торабы орнатылды.Байланыс сапасы жақсы.Мекемелерде-14, тұрғындарда 175 телефон орнатылған. 3 мекеме мен 28 тұрғын үй интернет жүйесіне қосылған. «Отаu ТV» арнасы «Кеңжарық», «Топаркөл», «Изенді» елді мекендерінде орнатылды,барлығы 104 үйге қойылды.
          Мәдени сала қызметкерлері ұстаздар қауымымен , шаруашылық ұжымымен, Жастар комитетімен бірлесіп жұмыс жүргізеді.Мәдениет үйінде өткен жылы 9 іс-шара өткізіліп, оған 169 көрермен қатысты.Ақылы қызметтен 60000 теңге қаржы түсірілді.1 вокал үйірмесі жұмыс жүргізеді. Жаңа жыл ,8-Наурыз, Наурыз мейрамдарында ауыл  тұрғындарына арнайы мерекелік бағдарламалар ұсынылады. Барлық мерекелік шаралардың бас демеушісі  «Отқанжар» ЖШСі болды.
           Азаматтардың қоғамдық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздігін сақтау - өзекті мәселелердің бірі – басты назарда.Учаскелік инспектор Б.Шокембаев қызметін атқарып жүр.97 әкімшілік хаттама толтырылып, 16 өтініш тіркелді.

Егін өсіру саласы бойынша:
1. Аймақ аумағында он бір  шаруа қожалығы бар.Оның ішінде 3 егін сеуіп мал өсіреді. Биылғы жылы егін салуға тапсырыс берген 3 шаруа қожалығы-  «АлибековН. » - бидай 200 га «Алишахманов Б. »-бидай 150 га , «Усенов А»- бидай 200 га. 
Жеке кәсіпкерлік саласы:
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. «Кенжарық» сауда үйі , «Қамиля» , дүкендері және «Барқыт», «Изнұр» кішкене кезекші дүкендер, наубайхана,  «Ақбосаға» тойханасы  халыққа қызмет етуде.Өткен жылы жеке кәсіпкер Абдықалық Мирас «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңге несие алып,осы жылы мал өсірумен айналысады.
          «Отқанжар» ЖШС-гі мен ауыл тұрғындары «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне өз үлестерін қосуда: қой еті мен сүт өнімдері апарылды.
          Ауыл шаруашылық жанурларын өсіру мен ветеринария саласында төмендегідей көрсеткіштеріміз бар:
1. Мал дәрігерлік-профилактикалық, эпизоотияға қарсы шаралармен барлық малдар қамтылды.Бруцеллезге қарсы ІҚМ – 1771 бас (2015 жылы -1000 бас) , қой – 24259 бас зерттелді (2015 жылы 13500 бас); сібір жарасына қарсы егілген: ІҚМ - 1200 бас (2015 ж-1600 бас), қой-16800 бас (2015 ж.- 21000 бас). Өткен жылда зерттеу барысында 6 бас ІҚМ бруцеллез ауруына оң нәтиже көрсетті. Осы аурудың ошақтарын жою мақсатында дезинфекция жасалынады, ауру малдар жойылды. Отбасы мүшелерінен қан алу жұмыстары жүргізілді.Туберкулезге қарсы  2100 бас ІҚМ егілді (2015 жылы -2400 бас егілген болатын).
2. Ауылда қаңғыбас иттерді жою жұмыстарын учаскелік инспектор мен мал дәрігерлері жоспарлы түрде жүргізеді.
3. Жыл басынан малдарды бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді,  компьютерлік дерек қорына барлығы ІҚМ -1049 , ҰММ- 2345  бас енгізілді.     6203 ҰММ  , ІҚМ төліне 581басқа сырға салынды ( 2015 жылы ІҚМ -2359, ҰММ-27943 бас енгізіліп, 8140 ҰММ, ІҚМ төліне 390 басқа сырға салынды).
4. Берілген ветеринариялық анықтамалардың саны-265. (2015 жылы -196).
5. Малдарға (төлге) сырға салынған кезде қосымша төлқұжат берілді.
6. Ауылдық округте асыл тұқымды қой зауыты мәртебесін алған «Отқанжар» ЖШС-гі бар. Ондағы қазақтың құйрықты ұяң жүнді асыл тұқымды қой саны төлімен қоса есептегенде          мың басқа жетті. Асыл тұқымды қой зауытында селекциялық жұмыстар ғылыми деңгейде жолға қойылған. Сонымен қатар меншіктегі малды асылдандыру мақсатында Ақмола облысынан асыл тұқымды қазақтың ақ бас алты бұқасы шаруашылық қаржысымен сатып алынып , халықтың жеке меншік табынына қосылды. Ауылдың жеке меншік жылқыларының тектілік әлеуетін жақсарту  үшін асыл тұқымды айғырлардың будандарынан бес айғыр іріктелініп алынып үйірге қосылды.
7. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бойынша «Отқанжар» ЖШС, «Әлібеков Н», «Маханова Ж.» шаруа қожалықтары жұмыстар жүргізеді. Мал шаруашылығына бөлінген субсидия 2466000құрады (2015 жылы6 млн 328 мың теңге).
8. «Кабденова И.», «Ерхан» шаруа қожалықтары да мал өсірумен айналысады.
           Мал бағуды ұйымдастыру тәртібі біздің  ауылда қалыптасты деуге болады. Әр бақташы, әр жылқышымен жұмыстар келісім- шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Малдың  бағылуы  мен  ұрлықтың  алдын алу үшін мал иелері меншік түрлеріне қарамастан міндетті:
1) мал ұстау туралы  ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтау;
2)мал басын бірдейлендіруді қамтамасыз ету , ветеринариялық шараларды өткізуге қажетті жағдай жасау;
3) арнайы  ұйымдастырылып  отырған  табынға, үйірге қоспаған малдың иелері  жауапқа тартылады.
            Аймақ бойынша халықтың  ІҚМ саны- 918 , сиыр-533 , жылқы –558 , бие- 266 ,  қой-1060   , саулығы- 935  , ешкі -350  , аналығы- 292 , құс-  4078. (2015 жылы ІҚМ-901, сиыр-464, жылқы-550, бие-269, қой-1154, саулығы- 868,ешкі- 360, аналығы- 283,құс-1802 болатын).
          Меншік малдардан 1 табын жылқы , 1 табын сиыр , 1 табын ұрғашы тайыншалар мен бойдақ еркек торпақтар бағылды.Қара малдар қолға қарады, жылқы бағылып жатыр.
         Тіркелеген 11 шаруа қожалықтарының 1 егін себумен, 3 егін себу мен мал өсірумен айналысса, 3 тек қана мал өсірумен  айналысады. Қалған 4 шаруа қожалықтарымен игерілмей жатқан жерлері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Үш шаруа қожалығы «Абильдинов О.А.», «Кыдырганбеков Е.Е.», «Усербаев С.О.» не жермен,не мал шаруашылығымен айналыспайды.«Джайлыбеков Қ.»мал өсіруге несие алу жұмыстарын бастаған болатын. Шаруа қожалықтары бойынша –    ІҚМ-131   , сиыр-83  , жылқы -73  , бие- 34 , қой- 860  ,саулық- 728 , ешкі- 75   , саулығы- 58 , құс-  252 ( 2015 жылы- ІҚМ-179, сиыр-108, жылқы -117,бие-66, қой-862, саулығы-790, ешкі-101, аналығы-86,құс-300).
          Шаруашылық кітаптарының деректері толығымен электрондық базаға енгізілді.
          Ауылды көріктендіру, көгалдандыру бағытында да бірқатар жұмыстар жасалды.Шаруашылықтың көмегімен  көшедегі билбордтар жаңартылды.   Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейді.Көктем шыға әр аула , көше тазарту  жұмыстарын  бастайды. Көктемгі тазарту, көркейту бағдарламасына сәйкес орталық саябақта және  мектеп  жанындағы саябақта тал егу жұмыстары жалғастырылады. «Отқанжар» ЖШС-ң  көмегімен   күл-қоқыс төгетін  орын жинақталып,  оны  шығаратын  техника бөлінетіні туралы хабарланады. Әр үй міндетті түрде шарбақтарын қалпына келтіріп,күл-қоқыстан , малдың тезегінен аулаларын таза ұстап, сырттағы қоқыс шығаратын арнайы жердің маңайына күл-қоқысты төгуге болмайтыны туралы ескертулер жасалынды. Бұл жұмыстарды көктемде ,жер кепкеннен кейін жүргіземіз. Қадағалау жұмыстары учаскелік инспектор Б.Шокембаевқа жүктелді. Әрине, ауыл тазалығы, абаттануы өзімізге байланысты. Келешекте әрбір ауыл тұрғыны үй маңын тәртіпке келтіріп, шарбақтарын жөндеп, қақпа салсақ ауыл келбеті жақсаратыны анық.
           Биылғы қыс мерзіміне шаруашылықтың көмегімен үй жануарлары азықпен қамтылды. Әр мекеме мен үйлер отынмен қамтылды.

Атқарылатын жұмыстар туралы:

1. Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес  524 мың теңге бөлінді.                       Жергілікті қауымдастықтың шешімі ауылды көріктендіру жұмыстарына жұмсалады.
2.«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандыру.Ауыл тұрғындарының пікірін ескерсек ең тиімдісі-топтық су құбырының жүйесін (групповой водопровод) орнату (бұрыңғыдай Киевский ауылынан,өйткені өзімізде судың мол қоры жоқ).
3.Ауыл тұрғындары, жастар арасында өз ісін ашуға мүмкіндіктерді пайдаланып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмыстарды жандандыру.Несие серіктестіктерінқұруды ұйымдастыру.
4. Ауылдың абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру.
5.Бизнес-жоспарларына сәйкес 3 жылдан бері жер учаскелерін пайдаланбаған шаруа қожалықтарына  түгендеу жұмыстарын (ревизия) жүргізу.

          Ел тәуелсіздігі үшінші онжылдыққа қадам басқан сәттегі толағай табыстары құтты болып, жасампаз еліміз әлемдік өркениет өрісіне өрлей берсін! Тек бірлескен істермен ғана ауылды көркейте аламыз. Біздің бұдан арғы қызметіміз Елбасының басымды бағдарламаларды орындау саясатын жүзеге асыруға және тәуелсіз  Қазақстанның гүлдену жолына бағытталады.                                                                              

Назарларыңызға рахмет!

 


Изенді ауылы әкімі                                            Д.Туяков.


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 352.54
Евро 415.15
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 12°C облачно
  • Дымқылдылық: 56%
  • Қысым: 718
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»