Құланөтпес ауылы әкімінің есебі

ҚҰЛАНӨТПЕС АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ  2016 ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН  ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Құрметті ауылдастар!
Жергілікті биліктің құзыретін күшейту мен жауапкершілігін арттыру мақсатында тікелей Елбасының тапсырмасы әкімдердің халық алдында есеп беруі үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Бұл халық пен билік арасында байланыстың көпірі.
ХАЛЫҚ

   Құланөтпес  ауылының  тұрғындар саны жөнінде мәлімет төменгідей :    барлығы - 364 адам.
2016 жылда туған сәбилер саны –7 адам бәрі аман. Қайтыс болғандар саны -  2 адам.
Зейнеткерлер саны – 44 адам.
Барлық топтардағы мүгедектер саны – 13 адам, жұмысқа жарамдылар-139 адам, өз бетінше жұмыс істеуден табыс табатындар – 18 адам.

АППАРАТ

Құланөтпес  ауылы әкімі аппаратына  2 өтініш келіп түсті. Заңды тұлғалар «Нұра аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан, сібір жарасы көміндісіне жер учаскесін беру туралы Өтініштер мерзімінде орындалды.  Құланөтпес ауыл әкімі аппараты бойынша 38 өкім шығарылды. Мемлекеттік қызмет бойынша –185 адамға қызмет көрсетілді. оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығы бар жөнінде анықтама – 185.
Әскери стол бойынша 2016 жылда әскери стол есебінен 1 адам есептен шықты. Бүгінгі күні Қазақстан Қарулы күштері қатарында 1 бала  азаматтық борышын өтеп келді. Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштері қатарында азаматтық борышын өтеп жүрген азамат жоқ. Қазіргі таңда әскери есепте 42 адам тіркеуде тұр.
Әкімшілікте ардагерлер алқасы,ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі,жастар кеңесі,қоғамдық кеңес құрылған,жоспар бойынша жұмыс атқарылады.Құланөтпес ауылы әкімінің аппаратында жыл бойғы жұмысты, яғни Құланөтпес ауылында жыл бойы сапалы да қарқынды жұмыстар жүргізу үшін атқаратын жұмыстар жөнінде жоспар жасап бекітіледі.Жыл басында ауыл әкімінің ,ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіледі.Сол жиында түйіткілді шешуін күткен мәселелер жоспарға алынады.

 


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Құланөтпес ауылдық округі бойынша 2017 жылдың 1 қантарында үй шаруашылықтардың саны – 92. 2017 жылда тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылық меншігінде: 373 бас ірі қара мал, 702 бас қой, 307 бас ешкі, 256 бас жылқы бар, Барлық құстар саны – 1403. Құланөтпес ауылдық округі бойынша 10- шаруа қожалығы , 2 - фермерлік қожалығы, 3 – ЖШС бар.  Құланөтпес ЖШС бекітілген барлық жердің көлемі 33135га, оның ішінде 13500га егістік жер, қалған 19397 га  жайылым мен шабындық жер.   10 шаруа қожалығы мен 2 - фермерлік қожалығына бекітілген жердің көлемі 29397га, оның ішінде егістік 6637га. Тұрақты жұмыс атқарып отырған 6 шаруа қожалығы: Искендиров Бахыт, Тналин Сайран, Смагулов Мұхамедрахым, Акимжанов Қуан, Мукушев Қайрат, Абдыкеров Нурбек. 1 - фермерлік қожалығы: Мусаев Оразақ  сондай ақ мал шаруашылығын дамытуға, малды асылдандыру жұмыстары қолға алынған. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша мал шаруашылығын көбейтуге несие алды. Олар: Смагулова Гүлзада, Барлыбаев Нұржан.  2017 жылда шаруа қожалықтарының меншігінде: 713 бас ірі қара мал, 208
бас қой, 80 бас ешкі, 422 бас жылқы бар,барлық құстар саны-152.
Ауылдың мал ұстайтын халқы үшін 4500 тонна шөп дайындалды.
Округ бойынша ветеринарлық қызметі мал саулығың қатал қадағалап, ветеринарлық маман ең қауыпты ауруларға қарсы егу жасалды, ірі қара және ұсақ малдан бурцеллез ауруына зерттеуге қан алынды. Барлық малдар зерттеуден өтті. Оның ішінде жеке шаруа қожалықтары «Смагулов М.»- 4 бас, «Бекбатыров Т.» Тналин Сайран -53 бас. Барлығы  57 ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталып, ауруға шалдыққан малдар сойылып, Киевка кентіндегі сою бекетіне тапсырылды. Ауыл тұрғындарының малдары аман болды.
Көктем айында Құланөтпес ауыл тұрғындарымен жалпы жиыны өткізіліп меншікті қара мал мен жылқы бағу тәртібі талқыланып ақылы қызмет көрсету бағасы  белгіленді.Малға бақташылар  бекітілді.
Субсидияға дер кезінде  шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырды. Мал шаруашылығын дамыту негізінде ауылдағы шаруа қожарлықтары ірі қара мал, оның ішінде сиыр-құнажындар сатып алуда.Жеке шаруа қожалығы Мукушев Қайрат «Үміт» 30 бас сиыр-құнажындар сатып әкелді, әлі 40 бас құнажындар әкеледі.

БІЛІМ

Білім бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, бұл ең алдымен интелектуалдық әлеуметті дамыту, оқушылардың білім сапасын арттыру. Дон негізгі мектебінде 50 оқушы бар. Шағын орталықта  16 бала бар.Ұстаздар саны- 18. Мектеп интернетке қосылған, бірақ баяу тартады.Жазғы сауықтыру  демалысы үш кезеңнен тұрады. Мектепте  әулеметтік жағдайы төмен отбасы балаларына, 11 балаға тамақ беріледі. Жазғы демалыс уақытында барлығы 13 оқушы жұмыс істеді. 2016 жылы жол картасы 2020 бойынша  мектепке 8.400 ақша бөлінген.  Жөндеу жұмыстарын жүргізген  ЖШС«Бектемір»  Күлмағанбетов Е.С.
Дон негізгі орта мектебінің төбесі қараша-желтоқсан айларында жөндеуден өткізілді.  Мектептің коридорының бірінші, екінші қабтының төбесі армстронгпен қапталып, төрт жер пластикалық қоршаулармен қоршалды, еденіне линолеум төселді. Мектеп басшысының бөлмесі, мұғалімдер бөлмесінің төбесі армстронгпен қапталып, еденіне линолеум төселді. Екі ағаш есік салынды, мектеп басшысының бөлмесіне және физика кабинетіне. Мектептің кіре берісіне кафель төселді. Сол кіре берістің оң жағынан мұражай ашпақ жоспар бар, сол жердің төбесі армстронгпен қапталып, алды пластикалық қоршаулармен қоршалып, еденіне кафель төселді. Мектебіміз әлде-қайда жаңарып қалды. Мүмкіндік болып ақша бөлінгендей болса, терезелерін айырбастап пластикалық терезе салсақ деген ойымыз бар. Аудан басшыларына ауыл тұрғындарының атынан рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Мектепті жөндеуге, жолды тегістеуге бөлген қаржыға.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША

           Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын еңгізуге, сондай-ақ медецина мекемелерінің материалдық – техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз деді Елбасы.
Жергілікті дәрігерлік пункте аурулар диспансерлік есепте тұрады. Амбулаториялық емдеу шараларын қабылдаған көрсеткіш 2016 жылы-380,ауырып қалғандарға үйге барып көмек көрсетілгендер саны-680.
   Ауылда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты: онкологиялық аурулар - 1. ( Оспанова Майра Ибрагимқызы) 2016 жылда туған нәрестелер саны- 7, нәрестелер мен аналар  шетінеуі болған жоқ. Маусым айында Қарағанды қаласынан жылжымалы дәрігерлер келді.Ауыл тұрғындары денсаулықтарын қаратып,ризашылықтарын білдірді.
   Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының жан айқайы дәрігер мәселесі, мүлдем дәрігерсіз қалдық. Мукушева Б. Қ. Бірнеше рет хат жолдадық, дәрігер сұрап. Қараша-желтоқсан айларына бір жас маман жіберген. Қаңтар айына бір жас маман жіберді. Әрі қарай қалай болары белгісіз.

ӘЛЕУМЕТ
- Мемлекеттік Әлеуметтік көмек алатын отбасылары жоқ.  Балаларға арналған жәрдемақы алушы 1 отбасы бар. Жұмыссыз 2 адам үш айлық қоғамдық жұмысқа тартылып, ауылды көркейту жұмыстарына жұмылдырылды.
- Жұмыссыз есепке тіркелінген – 2 адам.
Дон негізгі мектебі 3 адамды жаз айлары 1 айдан еңбек демалысына шыққан күзетшілердің орнына жұмысқа қабылдады. Мәдениет үйінің де от жағушы - күзетшілердің орнына да 3 адам қабылданды.
Аз қамтылған,көп балалы отбасыларының 13 оқушысы мектепке еңбек шарты бойынша жұмыспен қамтылды.

Бүгінгі таңда ауыл мешітінің күрделі жөндеу жұмысы жалғасуда.  Ауыл тұрғындары, ауыл жастары жөндеу жұмыстарына жұмыла көмек көрсетуде.
Телерадиохабар таратушы мұнара болғанмен, республикалық «Қазақстан», «Ел арна», «Евразия» телеарналарының теледидар арқылы таратылуы деңгейі жоғары.
Округ бойынша жеке кәсіппен (дүкен) 2 адам айналысады.
2016 жылғы жер мен мүлік салығы толық төленді. 2017 жылға газет –журналдар басылымдарына жазылу бойынша аул  тұрғындары толық жазылды.Облыстық,аудандық,республикалық газет,журналдарға жазылу деңгейі жоғары.

АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ МЕН КӨГАЛДАНДЫРУ

Округ бойынша барлығы 6 мың тоннаға жуық құрылыс қоқыстары шығарылды.Ауылдағы 9 көшенің 7 көшесі күл-қоқыстан тазартылды, әлі тазаланбаған 2 көше бар. Қаржының тапшылығынан әлі де шығарылмай жатқан құрылыс-қоқыстар көп. 2016 жылы бюджеттен елді мекенді дамытуға және көркейтуге 384 мың ақшалай қаржы бөлінген, ол қаржы ауылдың бір көшесін тегістеуге жұмсалды. Мүмкіндік болып, қаржы бөлінсе ауылдың ішін құрылыс –қоқыстан  тазартуға ат салысып, әрі қарай жүргіземіз. Жол картасы 2020 бойынша Құланөтпес-Жараспай 20 шақырым тас жолын орташа жөндеуден өткізуге 8.400 ақша бөлінген. Бөлінген қаражат шындап келсек  20 шақырым жерге емес, 4,5 шақырым жерге ғана орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жетеді. Сол себепті біз  «Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне хат жазып, осы бөлінген қаржыны 20 шақырымға жеткізуді сұрадық. Жараспайға дейін жол әжептеуір тегістеліп қалды, бірақ қыс түсіп кеткен соң толық аяқталмай қалды, ауыл ішіндегі жолда толық аяқталмай қалды. Күн жылына сәуір айында жалғастырылады.

 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Ауыл кітапханасы тұрақты жұмыс істейді, кітапханада кітап қоры -1617 дана,оның ішінде 2016 жылы жаңа 209 дана кітаппен толықтырылды. Оқырмандар саны -250, кітап берілімі:4550, келушілер:2750.
Атаулы мерекелер қарсаңында кітапханада кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Ауылдық клубта 2016 жылы әр мереке қарсаңында   мәдени-іс –шаралар өткізілді.Ауыл клубы тарапынан мерекелік күндеріне арналған мәдени іс-жоспарлары бар,сол жоспар бойынша ауыл өңірінде мереке күндері жақсы деңгейде өткізіледі.Ауыл клубында жұмасына екі рет демалыс биі кештері өткізіледі.  Осы  жылдық мерекесінің ойдағыдай өтуіне ықпал жасап,демеушілік көмек көрсеткен ЖШС «Құлан-Өтпес» басшысына ,шаруа қожалық басшыларына, ат салысқан  барлық азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін.

ЭЛЕКТРЖҮЙЕСІ

Ауыл бойынша 9 КТП бар.Жарық жүйесі толық қамтылған. Көшелерде 12 жарық көзі бар, бәрі іске қосылған. Ауыл бойынша жарыққа уақытында төлем төленеді.

2017 ЖЫЛҒА ҚОЙЫЛЫП ОТЫРҒАН МАҚСАТТАР:

1. Ауылды көркейту және көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын одан әрі жалғастыру.
2. Бірдейлендіру және ветеринарлық алдын-алу іс-шаралары жұмыстарының уақытысында орындалуын қамтамасыз ету.
3. Бейсауат жатқан үйлердің орнын шығару, құрылыс-қоқыстарынан тазарту жоспарлануда.
4. Малды асылдандыру, мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын жалғастыру.
5. Ауылдағы ауыз суды тиімді пайдалану  және суды пайдалануды халыққа түсіндіру.
6. Саябақ ішіндегі қатты қалдықтарды шығару  жұмыстарын жүргізу.
7. Ұялы телефон желісін орнату жұмыстарына сұраныс жасауды жалғастыру.
8. Саябақтың ішіне спорт алаңын орнату үшін сметалық құжат дайындап, спорт алаңын іске асыру.
9. Ауыл ішіндегі жолдарға тегістеу жұмыстарын жүргізуді  жалғастыру.
10. Ауылға дәрігер керек.
11. «Құланөтпес-Қарағанды» автобусын жүргізуге сұраныс.
12 . Ауылдың  көшелердегі телефон бойының столбыларын алып тастау.
         
Осы алдымызда қойылған жоспарлар сіздердің пікірліріңізбен санаса отырып жергілікті қоғамдастық пен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Біздің ортақ мақсатымыз мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, әр ауыл тұрғының тұрмыс жағдайын жақсарту.
     Назарларыңызға рахмет!

Құланөтпес ауыл  әкімі                                             Ө. Сәрсенбаев


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.55
Евро 421.76
Рубль 5.57
В Нуринске сейчас: -6°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 722
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»