Құланутпес ауылы әкімінің есебі

Нұра ауданы Құланөтпес ауылы әкімі
Ерлан Аманжолұлы Жунусовтың есебі

Құланөтпес селолық окргі үш елді мекеннен тұрады: Құланөтпес, Ақтүбек, Нығыман ауылдары. Аудан орталығынан 230 км қашықтықта орналасқан.
Жалпы жер көлемі –142 298  га жерді қамтиды. Шабындық жер – 4436 га, жайылым – 128593 га.
Тұрғылықты тұрғындардың ауыл шаруашылығы  жер көлемі – 30801 га.
Жалпы тұрғындар саны – 383 адам.  Аула саны 88, онда тұратын отбасы саны -108. 2016 жылы қайтыс болғандар саны – 3. Туған сәбилер саны – 4.
Жұмысқа жарамдылары – 217 адам әр салада жұмыс істейді.
Аймақ бойынша халықтың ірі қара мал саны –  1890  бас,   жылқы – 1538  бас,   ұсақ мүйізді малдар  –  1982  бас,  құс – 1227 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығы малдары мен құстар саны өскен.
2016 жылы ауыл әкімі аппаратында 47 өкім шығарылды. Әр апта сайын ауыл әкімі аппаратында отырыстар өткізіліп, 9 рет ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Жеке қосалқы шаруашылығы туралы берілген анықтамалар саны – 198. Ауылшаруашылығы жануарларына  уақытылы ветеринариялық тексерістер жүргізіліп, екпе жұмыстары 100 пайызға орындалды.
Ауылда барлығы – 45 адам зейнетақы мен жәрдемақы алатын болса, солардың жасы жеткен зейнеткерлер – 41 адам, барлық топтағы мүгедектер саны - 4 адам, бала күнінен мүгедек саны –  жоқ, 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы алатын отбасы саны – 1.
Құланөтпес селолық округіне қарасты 1 негізгі орта мектеп және 1 бастауыш мектеп бар. Құланөтпес негізгі орта мектебінде 49 оқушы және Нығыман бастауыш мектебінде 15 оқушы. Негізгі мектеп жанында  интернат бар, онда Нығыман, Ақтүбек ауылдарынан балалар (9 бала) келіп оқиды. Сонымен қоса екі мектепте де шағын орталықтар бар.
Бір фельдшерлік пункті халыққа дәйекті қызмет етуде. 
Электр қуатымен барлық елді мекендер қамтылған. 
Телефон байланысы  бірқалыпты жұмыс істейді. Нығыман ауылы сымсыз телефон байланысына қосылды.
Құланөтпес ауылдық округіне қарасты барлық елді мекен тұрғындары «ОТАУ ТВ» телеарнасымен 100 % қамтылған.
Құланөтпес ауылы әкімі аппаратына «ASTEL» АҚ келісім шарт жасалып, интернет жүйесі бірқалыпты қызмет көрсетіп тұр.
Құланөтпес селолық округі бойынша 23 шаруа қожалығы тіркелегн. Жер көлемі – 111650 га, шабындық – 4554 га, жайылым – 105344 га, түбегейлі жақсарту – 21037 га.
Оның ішінде 20 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеп, ауылымыздың экономикасы дамуына орасан үлестерін қосуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алған шаруа қожалықтары мемлекетке ет өткізу жоспарын округ бойынша артығымен орындады.
Мал шаруашылығын дамыту үшін 2017  жылы мал басын көбейту мақсатында шаруа қожалықтарының жоспары бойынша барлығы «Сыбаға» бағдарламасы – 60 бас ірі қара мал, «Құлан» бағдарламасы – 50 бас, «Алтын асық» бағдарламасы – 50 бас алынатындығы жоспарлануда. «Жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 3 миллионнан 5 миллионға дейін несие алып, жеке кәсібін ашуды екі кісі жоспарлауда.
Көктемгі кездегі үшайлық тазалық  жүргізілу барысында әр тұрғын өз  аулаларының күл – қоқыстарын шығарды. Әр бейсенбі сайын «Таза бейсенбі» ұймдастырылады. «Таза көше» және «Таза аула» акциясы басталды. Жыл соңында көше басшылары ауыл әкімінің «Алғыс хаты» мен шағын ынталандыру сыйлығына ие болды.
2016 жылы ауылымызда көптеген игі бастамалар жүзеге асты. Аудан әкімі Н. И. Омархановтың бастамасы мен бақылауына алып қадағалауының нәтижесінде Құланөтпес негізгі мектебінің іші мен төбесі мен ауыл клубы күрделі жөндеуден өтті. Нығыман ауылына су тұщытқыш қондырғы орнатылды.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
 


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.55
Евро 421.76
Рубль 5.57
В Нуринске сейчас: -6°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 722
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»