Майоровка ауылы әкімінің есебі

Майоровка ауылы әкімінің м.а. Б.Дамишеваның 
2016 жылы атқарылған
           жұмыстары мен  2017 жылға қойылған мақсаттары туралы есебі

Құрметті және қадірлі ауылдастар!
Елбасымыздың биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетумен ерекшеленді. Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы жылма-жыл жақсара түсуде.  Президентіміз әлемдік  дағдарыстан шығу үшін ел бірлігінің мықты болуын тағы бір мәрте ескертті.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Жергілікті атқару органдарының басшыларының тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында жыл сайын барлық деңгейлі әкімдер  тұрғындар алдында есеп беру өткізеді.
  Осы сәтте біз өткен жылға сын көзбен келесі жылға үлкен үмітпен қараймыз. Осы кездесулерде ел тұрғындарының негізгі мұң- мұқтаждары, күрделі мәселелері ортаға салынып, биліктің өткен жылдың жұмыстарынвың нәтижесі талқыланып, келешекте неге аса көніл аудару қажет екендігі белгіленеді.
Бүгін де біз Майоровка ауылының 2016 жылы атқарылған жұмыстары және алға қойылған міңдеттер қорытындылары  үшін жиналып отырмыз.
Округімізде 1230 адам тұрады, онын ішінде  936 қазақтар, орыс халқы -160, неміс халқы 83, басқа ұлттар 51 адам. 1 орта мектеп, 1 дәрігерлік амбулаториясы және 1 ауылдық клубы мен кітапханамыз халқымызға қызмет көрсетеді.
Округімізде бюджеттің бөлігін орындайтын көрсеткіштердің бірі жер мен мүлік салығы. 2016 жылда салықтың екі түрінен түскені 256021 теңге, оның ішінде 185336 теңге мүлік салығынан, 70685 теңге жер салығынан, жалпы салық тапсырмасы 100% пайызға орындалды.
       Біздің ауылдың экономикасы 90 пайыз ауылшаруашылық саласында. Қазіргі кезде бұл шаруашылықтарда жаңа техника мен технология қолданылуы жалғастыруда.
       Биылғы жылы шаруа қожалықтары 7820 гектар  бидай, 613 гектар арпа, өз күштерімен екті. 2414 тонна шөп дайындалды. "Нұр-Астық 2005" ЖШС-гі  10000 гектар бидай, «АгроТемай» ЖШСеріктестігі 2000га арпа екті. Егіншаруашылығын 2015 жылмен салыстырғанда  бидай  9%, арпа 105% көтерілді.
       Мал басына келетін болсақ, барлығы елде 1173 бас қара мал бар, жылқы саны 422 бас, қой мен ешкілердің саны 1202 бас, құстың басы 2385, шошқаның саны 140 бас.  2015 жылмен салыстырғанда қара мал  2%,  қой мен ешкілер 4%,  жылкылар 18%, құстар 37%  көбейді, шошқалар 20% азайды.       
      Ел тұрғындарының түсінуімен қара мал басын  асылдандыру жолында, өнімін үлкейту мақсатында биыл ауыл жеке шаруашылық  қожалықтары Бастенов М пен Нурлашев Р  11 аса тұқымды бұқаларын ауылдың қоғамдық табынына қосты.

-2-
Ағымдағы жылдың ішінде округте барлық қарастырылған ветеринариялық алдың алу шаралары орындалды. Ұдайы халықтың жеке малы жоспарлаған ветеринариялық қараудан өтіп, қан пробалары алынып
аудандық  лабораторияға тексеруге жіберілді, ауру мал анықталған жоқ.
Майоровка  ауылы бойынша шағын және орта бизнес өз жұмысын жылдан жылға асыруда, халықтын сұрауын орындап, және жұмыс орын ашуға тырысады.  Осымен қатар ауылда халыққа әр түрлі қызмет көрсетіледі
Округте 7 дүкен,  1 шаштараз қызмет жасайды, онда 15 адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес дамуының мониторингі жасалып, апта сайын баға мониторингі жүргізіледі.
Елбасымыздың «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту аясында 2016жылы  7млн.200мың.тенге көлемінде  4 адам,  жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін несие алды.
         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік  ахуалына  аса көңіл аударуда. Сондықтан жергілікті билік  әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асуын қатты бақылауыға алынады. Тұрғындарға көрсетіп жатқан мемлекеттік әлеуметтік көмектерге келетін болсақ 2016жылы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 73 балаға  (1289,5 теңге) және тұрғын үй  жәрдемақы 10 отбасына (361,4 теңге) берілді.  2015 жылмен салыстырғанда  18 жасқа дейнгі балаларға арналған мемлекеттік  жәрдемақы 3% төмендеді, себебі тұрмыс жағдайлары  жақсарды. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша «Әлеуметтік көмекті оның атаулық сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» жана тәсіл «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында енгізілді.
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізудің мақсаты - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға аз қамтылған азаматтырдың санатын ынталандыру болып табылады. Осы бағдарлама бойынша 3 отбасы 361,4 теңге көлемінде көмек алды.
      2016 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарға  4 адам  жіберіліп, қоғамдық жұмыстардың жоспары 100 пайызға орындалды.  Олар селоны тазарту жұмыстарымен  айналысты, ағаштарды, бағандарды ақтады, гүлдер мен ағаштар отырғызып, суарды. 
        Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  білім беру жүйесінің сапалы болуына аса көңіл аударады. Майоровка ауылының А.Асылбеков атындағы жалпы білім беру   мектебінде 220 бала оқиды, мектеп алдындағы даярлық тобында  25 бала, шағын орталық жұмыс істейді, бұған 26 бала қатысады. Барлығы  39 мұғалім бар. Оның ішінде 32-сі жоғары білімді, 7- арнаулы орта білімді. ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасысының орташа балы 2013-2014  оқу жылдарында - 61%, 2014-2015 оқу жылдарында- 67%, былтырғы жылмен  салыстырғанда 6% көп. Барлығы 30 бала тегін ыстық тамақпен камтамасыз етілген.
     Майоровка ауылының кітапханасында кітаптың саны 10640, оқырмандардың саны 578 құрады, әрқашан жаңа басылымдармен толықтырырылып тұрады. Биылғы жылы ауылдық  модельдік кітапханасы қойылып, интернет жүйесі қосылды.
      Елдің деңсауылығы – біздің  байлығымыз, денсаулыққа  өте  көп  назар аударылады. Ауылымызда дәрігерлік учаске бар. Онда 4 қызметкер жұмыс істейді.  Дәрімен қамтамасыз ету мақсатында ғимарат ішінде дәріхана пункті жұмыс істейді. Амбулаториялық емдеу шараларын қабылдаған көрсеткіш 2016жылы - 3338, ауырып қалғандарға үйге барып көмек көрсетілгендер саны - 986. Ауылда жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, онкологиялық есепте - 4 адам тұр. 2016
жылда туған нәрестелер саны -27.  Қайтыс болған адамдар саны -4. Биылғы жылы нәрестелер шетінеуі және аналар өлімі болған жоқ.
Елбасының «Салауатты Қазақстан 2011-2015жылдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Майоровка ауылына медициналық жылжымалы кешен келіп, ауыл тұрғындары толық медициналық тексеруден өткізілді.
         Ауыл әкімі аппаратының жұмысының ең басты мәселесі – халықпен жұмыс жүргізу. Сол жұмыстардың бір түрі жиындар өткізу, 2015 жылы 13 жиын, 2016ж 14 жиын өткізілді. Ауыл әкім  аппаратында аптаның әр дүйсенбісінде  аппараттық отырыс өтеді. Жиындарда әр түрлі сұрақтар қарастырылды: тазарту жұмыстары, мал бағу мәселесі, мал жайылымдары,
ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру, ветеринарлық өңдеу жұмыстары т.б.
Азаматтардың  өтініштері, арыздары, шағымдары бойынша көп жұмыс жүргізіледі. 2015жылы  жеке және занды тұлғалардаң  29 өтініш түсіп қанағаттандырылды,  2016 жылы жеке және занды тұлғалардан  19 өтініш түсіп, 17 қанағаттандырылып  2-не жазбаша түрде түсініктеме берілді.   Барлық түскен өтініштер заңнамаларға сәйкес қарастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда  34%  төмен.
       Қазақстан Республикасының  «Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңынына сәйкес: азаматтарды және занды тұлғалардың өкілдерін қабылдау әр аптаның сәрсенбісі деп белгіленген. Былтырғы жылы 55 ауызша өтінішке, 2016жылы 96 ауызша өтінішке түсініктемелер берілді, әр-қилы сұрақтар қойылады  (тіркеуге тұру, несие алу, телефон орнату, ОТАУ ТВ қосу, ғаламтор қосу, тіркеуден шығу, зейнетақыны аудару, жәрдемақы алу т.б).
    Нұра ауданы әкімі Н.Омархановтан жыл басынан бері жазбаша түрде 54 тапсырма түсті, /құқық бұзушылықты алдын алу, ауылды қөркейту, аббатандыру, төтенше жағдайдын алдын алу, бірдейлендіру, бюджетті толық игеру, жол мәселесі, егін шаруашылығы, жемқорлықтын болмауы тағыда басқа мәселелер бойынша/. Осы тапсырмалар  уақытысында орындалып жазбаша түрде жауап берілді.
        Әкімшілік нотарилдық әрекет жүргізіледі: 2015 жылы 21,  2016ж
69 нотариалдық іс әрекет жасалды. 2015 салыстырғанда 70% көп.
Әкімнің аппараты мемлекеттік  қызмет көрсету бекітілген стандарт пен регламент бойынша 2015 жылы 109, 2016жылы 105 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 2015жылмен салыстырғанда 4% төмен.
Санитарлық тазалық жағдайындағы ең күрделі мәселелердің бірі ауыл тазалығы. «Тазалық-денсаулық кепілі» демекші  жыл сайын арнайы жасалған


-4-
бағдарлама бойынша ауылда аббатандыру, тазалық қамтамасыздандыру жұмыстары жүргізіледі. «Елді мекендерді санитарлық тазалықпен  қамтамасыз ету» бағдарламаны іске асыру барысында «Нұр-Астық 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, шаруа қожалықтарының  көмегімен  үйілген 270тонна қоқыстар шығарып орындары тазаланды.   Полиция учаскелік инспекторы және ауыл әкім аппаратының қызметкерлері бірлесіп тұрақты негізінде ауыл аумағында үйілген қоқыстарды тастамау мақсатымен тұрғындармен алдын ала жұмыстар жүргізеді. 
Санитарлық тазалық жүргізуге байланысты комиссия құрылып, әр көшеге әкімшілік қызметкер, әлеуметтік жұмысшы бекітілген. Тазалық жасауға берілген мерзімде қоқыс шығарылмай қалған жағдайда шара қолданылады.  Биылғы жылдада  ауылымызда былтыр басталған  жоба бойынша конкурс өткізіледі: Жоба тақырыбы: «Ең үздік көше»,  «Ең үздік үй». Қорытындысы Наурыз мерекесі қарсанында  шығарылады.  «Ең үздік көшеге», биылғы  жылдың  «Өнірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  бөлінген қаражатқа жарықтандыру орнату жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың «Өнірлерді дамыту»  бағдарламасы бойынша бөлінген  1186 мың теңгені  ауылдың орталық Майоровка көшесінің бойына және клуб үйінің  манайына қоршаулар  қойылды.  Майоровка ауылының  Абай, Ш.Уалиханов, С.Сейфуллин, Майоровка  көшелеріндегі жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін «Anvar Sagat»  ЖШС-нің жасаған жобалық сметалық  құжаты бекітіліп  Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырып қойдык.
Нөлдік төзімділікке байланысты Елбасының  қойған талабына сәйкес ауылымызда «Сақшы» қоғамдық бірлестігі қызмет атқарады.
Жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы саясатының басты бағыты болып табылады. Ауылымызда жемқорлыққа қарсы күрес  заннамаларын сақтау және білу бойынша насихаттау шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелерде жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұсыныстар мен шағымдар жәшіктері орнатылған, сенім телефондары жұмыс істейді.  
Ауылдың беделді азаматтарынан, құрылған  Қоғамдық  кеңес  жыл бойы белсенді қызмет атқарады. Қоғамдық кеңес, Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ауылымыздың  барлық мәселелерін  талқылап отырады.                                                                                                                                                                                           
Болашақта ауылды дамыту бағдарламаның негізгі бағыттары:
1. Жауапты биліктің және тиімді басқарудын жүйесін құру:
– ауылдық әкім аппаратының қызметін айқындалуын қамтамасыз ету
- жергілікті өзін-өзу басқаруды дамытуға жәрдемдесу
- қогаммен белсенді бірігіп жұмыс жасау
- ауылдық әкім аппаратының жұмысы жайлы халық алдындағы кездесулерде үнемі есеп беру.
    2. Экономика. Ауылдық округтің әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- селолық округ территориясында орналасқан су тоғандарын, жылжымайтын кешендерін, жер телімдерін тиімді пайдалану туралы шаралар жобасын құрастыру.

-5-
-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндерді  қолдау бойынша бағдарламаларға  қатыстыру, ауыл шаруашылығы несиелерін алуға көмек беру
- көшелерді жарықтандыру және желі жүйесін кеңейту шараларын қолға алу
-ауыл іші жолдарына жөндеу жұмыстарын жасау, асфальттау, жаз және қыс кезінде жолдарды жөндеу бойынша уақытында әрі сапалы жұмыстарды жүргізу
3. Өмір деңгейін және оны арттыру үшін жағдаймен қамтамасыз ету
- ауылды  аббатандыруда тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін байқаулар өткізу
- тұрғын үйлер территориясын санитарлы жағдайына сай ұстау
4.Отбасы және  демографиялық саясат
- бала тәрбиесіндегі үлгілі отбасын ынталандыру және мадақтау
- ана мен бала денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
5. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету
-тұрмысы төмен, толық емес және айлық кірісі төмен отбасыларға қолдан келгенше жәрдемдесу
- ата-анасынан қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғау және өмірдін қиын жағдайына түскен балаларды кемсітуге жол бермеу
6. Жастар саясаты
- округ мәселелерін шешуге жас мамандар мен жастарды тарту және ауыл өміріне араласуға белсенділіктерін арттыру
-нашақорлыққа, темекі тартуға, алкоголизмге қарсы акциялар, іс-шаралар өткізу
7. Спорт
- теннис, щахмат, шашки, тоғыз құмалақ және спорттын ұлттық түрлерін жаппай дамыту
-аудандық және халықаралық деңгейдегі өтетін спорт түрлері жарысында ауыл тұрғындарының қолдауы.

Құрметті ауылдастар!   
       Cөзімді қорытындылай келе, біз қол жеткізген нәтижеде тоқтап қалмаймыз. Бұдан әрі даму үшін бізге әлі көп жұмыс істеу керек, ауыл әл-ауқатын жақсарту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру.
       Барлықтарыңызға зор денсаулық, амандық пен саулық тілеймін. Тындағандарынызға рахмет!
 


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 364.95
Евро 416.99
Рубль 5.55
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 89%
  • Қысым: 716
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»