Тікенекті ауылы әкімінің есебі

Тікенекті ауылы әкімінің 2016 жылы істелген жұмыстары жайлы
БАЯНДАМАСЫ.

2016 жылғы 1 қаңтар күніне ауыл халқының саны 258 адам болған, ал келіп жеткен 2017 жылдың басында ауыл халқының саны 261 адамға толып отырған жайы бар. Халық санының өсімі дүниеге жаңа келген сәбилер мен көшіп келген жанұялар арқылы 6,7 % құрап отыр.
Әлеуметтік төлқұжатқа сүйенсек:
Зейнеткерлер саны 29 – адам
Әр салада жұмыспен қамтылған адамдар саны 117 – адам.
Соның ішінде:
Мұғалімдер – 14 адам.
Әкім аппаратында – 8 адам.
Медбике – 1 адам.
Электр өнеркәсібі қызметкері – 1 адам
Ветеринарлық дәрігер – 1 адам.
Кітапханашы – 1 адам
Клуб меңгерушісі – 1 адам.
Байланыс жүйесінің қызметкері – 1 адам.
«Қаратал» МКМ су жүйесінің меңгерушісі – 1 адам.
Жеке шаруа қожалықтары - 14 адам
Жеке шаруа қожалықтарында – 24 адам
Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі – 1 адам
Жеке кәсіпкерлер – 2 адам
0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны – 78
Жұмыспен қамту орталығында тіркелген – 2 адам
Ауыл бойынша барлық Республикалық мерекелік күндер аталып өтілді. Әр мерекелік шараға ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарының басшылары өздерінің үлестерін қосып, аз қамтылған жанұяларға әр түрлі көмектерін көрсетуде. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алатын 7 отбасы бар, оларда 26 бала бар. Мемлекеттік «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1 отбасы 6 айға 252 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отыр. Туғаннан мүгедек бір бала мүгедек арбасымен қамтылды. 14 жастан 29 жас аралығындағы ауыл жастарының саны 51 адам. Осы жастардың көмегімен жаз айлары тұрғындарға арналған демалыс орнын бастап, біршама жұмыстарын аяқтап қойдық. Биылғы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жазғытұрым мамыр айынан бастап, тазалық, сенбіліктері мен бейсенбіліктер ұдайы жүргізіліп тұрды. Қыстан қалған мал тезегі мен күл-қоқыс шаруа қожалықтарының жүк көліктері және арнайы техникалары арқылы 1700 тонна сыртқа шығарылды.
Денсаулық сақтау жүйесінде 1 медбике мектепке және ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Арнайы жасасқан келісім бойынша Уаз автокөлігі жедел жәрдем қызметін атқарады. Ауыл әкімшілігі ғимаратынан медбикеге арналған екі бөлмеге жылу тартылып, ағымдық жөндеу жүргізілді.
Білім беру жүйесі бойынша: Сарыөзен негізгі орта мектебі жүйелі жұмыс жасап тұр. Мектепте 47 оқушы тәлім алып жатыр. 14 мұғалім дәріс береді. Олардың 11 жоғары білімді ұстаздар. 11 адам техникалық қызмет көрсетуші.  Былтырғы 2016 жылы «Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» бағдарламасы аясында мектеп ғимаратына 8 млн 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, жылу жүйесі алмастырылды, мектептің артқы бетіндегі терезелері заманауи пластик терезелерге ауыстырылды. Жүкей бөлімшесінен 3 оқушы Баршын ауылының мектеп-интернатына тасымалданып, оқытылады.
Су жүйесі: «Қаратал» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне тиесілі су құбыры бір қалыпты қызметін атқарып тұр. Жаз айларында су құбырының сорғысы айырбасталды. Пайдаланылған су ақысы ай сайын «Қаратал» МКМ-не тапсырылып тұр.
Электр жүйесі: Электр жүйесіне жазғы айлары ағымдық жөндеу жүргізілді. Ауылдың инженер-электригі жұмысын жасап жүр.
Байланыс жүйесі: Үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бір жұмыскері бар. Жарық сөндірілгенде дизельдік моторын қосып, байланыс жүйесімен үздіксіз қамтамасыз етеді.
Пошта саласы: айына 2-3 рет ауылға қатынап тұрады. Зейнетақы, жалақы, газет-журналдар т.б. жеткізіп, телефон, электр т.б. төлемдерді қабылдайды. Ауылымызда пошта қызметкері жоқ.
Мәдениет саласы: 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 8 млн. теңге қаражат бөлініп, әкімшілікке қарасты ғимаратты аудандық мәдениет бөлімінің балансына беру арқылы, ғимарат ішіне толықтай жылу тартылып, ғимарат шатыры және есіктері ауыстырылды. Жастарға арналған клуб, ФАП, басқа да кабинеттер ықшамдалып, ағымдық жөндеу жасалды. Бұндай көлемдегі қаражат бұрын соңды бөлінбеген болатын. Кітапхана іші жылынып, келушілердің қарасы көбейді. Кітап қоры - 4600 дана. Ауыл ортасынан мешіт ғимараты салынып басталды. Іргетасы көтеріліп, қабырға материалдары әкелінді. Жаз айлары басталысымен жұмыс жалғасады. Қажетті құжаттары дайын. Ауыл имамы Халим Мугалимовтың бұл құрылысқа еңбегі зор.
Ауыл шаруашылығы: 2016 жылғы ірі қара мал саны 1261 басты құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш 1386 басты құрады. Қой 2016 жылғы 1 қаңтарда 1209 бас болса, 2017 жылдың басына 1878 бас болды. Ешкі 2016 жылдың басына 546 бас, 2017 жылда 722 бас болды. Жылқы 2016 жылы 858 бас болса, 2017 жылы 1226 басқа жеткен. Үй құсы 2016 жылы 504 дана, 2017 жылға 1088 данаға жетіп отыр. Ауылымызда 14 шаруа қожалығы қызметін атқарып жатыр, оларда 24 жұмыскер жұмыс істеп жүр. Ауыл ветеринары мен ветсанитары өз жұмыстарын жоспар бойынша жасап жүр. Малдар инфекциялық ауруларға қарсы егіліп, мал қаны зерттеуге уақытылы жеткізіліп тұр.
Ауылымыз бойынша, ақсақалдар алқасы, әйелдер комитеті, жергілікті қауымдастық ұйымдары бар. Арнайы есеп-шотта жергілікті салықтан түскен 840 мың теңге қаражат жинаулы тұр.
2017 жылға 6 сметалық жоба жасалды.
1. Ауыл мектебінің ішкі жөндеуі мен терезелерін алмастыру
2. Мәдениет бөліміне қарасты клуб ғимаратының ішкі жөндеу жұмыстары және терезелерін алмастыру
3. 20 дана көше жарығын орнату
4. Ауыл ішілік «Базар батыр» және «Жамбыл» көшелеріне тас төсеу
5. Ауыл ішіндегі құрылыс қалдықтарын шығару
6. Ауданы 30х16,5 болатын спорттық алаңға сметалық жоба жасалу үстінде.
Ауылға мектеп жасыдағы балалары бар отбасыларды тарту жұмыстарын жандандырамыз. Осыған орай бос тұрған үйлерді жөндеуді қайтадан қолға алу қажет. Көктемгі су тасқыны мерзіміне де дайындық жұмыстары жүргізілуде. Басқа да жоспар бойынша жұмыстарды бірлесе отырып шешуге мүмкіндіктер бар.
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

 


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 369.35
Евро 421.47
Рубль 5.57
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 88%
  • Қысым: 719
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»