Соналы ауылы әкімінің есебі

Соналы ауылы әкімі Алшинбаев Д.Т. 2016 жылы
атқарылған жұмыстар туралы
ауыл халқына берген есебі
Елбасының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері елімізде  жүргізіліп жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалардан хабардар болуына, пікір алмасу мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады.
   Ауылымызда  атқарылған істер  туралы, атқарар шаралар туралы өздеріңізбен кең отырып ой бөлісу қашанда өзекті деп білемін. Бүгін сіздердің алдарыңызда 2016 жылдағы ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп бере отырып, сіздермен бірлесіп, қол жеткен табыстарымызды, жетістіктерімізді және алда тұрған міндеттер мен шешімін күтіп отырған мәселелерді баяндауға рұқсат етіңіздер.
2017 жылы 1 қантар күніне Соналы  ауылдық округінің халық саны 147 адам, аула саны 35 үй. Округ бойынша зейнеткерлер – 31 адам.
Барлық топтағы мүгедектер  – 5 адам.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері  - 6 адам
Жұмысқа қабілеттілер саны: 77 адам. Оның 75 жұмыспен қамтылған, 36 өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
2016 жылы қаңтар айынан  36 өкім шығарылды, 131 мемлекеттік кызмет көрсетілді.
Салық саласы: жалпы салықтар түсімі 325928 теңге. Мүлік пен жер салығы уақытында толық  жиналып өткізілді.
Аудан орталығына дейін 140 , облыс орталағына 240 шақырым.   Ауыл аумағында 18 шаруа қожалығы,   2 жеке кәсіпкер тіркелген. Округ бойынша  жалпы жер көлемі: 367396 га. Оның ішінде 19909 га елді мекен жері,   Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 184521га, оның 1595 га егістік жер, 985 га шабындық, 177888 га жайылымдық жер, оның ішінде: 20121 га түбегейлі жақсартылған жайылымдар. Босалқы жерлер -157751 га, оның ішінде: 154630 га жайылымдық жер,3121 га залеж.
01.01.2017ж Соналы селолық округі бойынша төмендегідей мал саны тіркелген: ірі қара мал – 842 бас,оның ішінде: сиыр-594 бас., ҰММ– 2343 бас,оның ішінде: саулық - 2053 бас., жылқы - 1677 бас, оның ішінде: бие-893 бас. Барлық құстар саны – 677. Ауыл аумағындағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында эпизотиялық іс-шаралар жоспарға сәйкес уақытылы атқарылды.
«ІҚМ етінің экспорттық потенциалын жүзеге асыру» жобасымен «Сыбаға» бағдарламасын бойынша жеке шаруа қожалықтары 2 асыл тұқымды бұқа сатып алды.
2017 жылға  7 асыл тұқыммды бұқа сатып алу жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында Тугельбаев Е.Е ірі қара мал шаруашылығын дамытуға 2,2 млн теңге несие алы. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Соналы ауылына көше жарықтандыру шамдарын орнатуға   147000 теңге бөлініп, толықтай игерілді.
Ауыл халқын телефон байланысымен  қамтылуы 74 %
Соналы с/о бойынша Отау ТV орнату көрсеткіші  60 пайыз.
                           Құрметті ауылдастар!
    Елбасының атқарушы билік алдына қойып отырған ең басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Біз сіздермен бірге  осы жылда да әлі талай - талай биік белестерге жетіп, ауыз толтырарлық баянды істеріміздің боларына сенімдімін. Ол үшін Соналы елінде барлық мүмкіншіліктер бар.           Бәріміздің мақсатымыз бір – халқымызға адал қызмет ету. 
 


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 343.06
Евро 402.38
Рубль 5.49
В Нуринске сейчас: 25°C ашық
  • Дымқылдылық: 33%
  • Қысым: 714
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»