Ахмет ауылы әкімінің есебі

Ахмет ауыл аумағында - 1237 адам тұрады, оның ішінде -  205 зейнеткер, 58 -  мүгедектер, 213 -  оқушылар, Астана қалсында жұмыс істейтін – 150 адам,  «Астана – Тазалықта» ЖШС – 90 адам, «Жасыл аймақта» ЖСШ  – 40 адам жұмыс істейді.
2016 жылға арналған ауыл бюджеті 9530 мың теңгені құрады, ал 2015 жылы ауыл бюджеті 9870 мың теңгені құрады, оның ішінде ауыл аппараттын ұстауға 2016 жылға 710 мың теңге, ал 2015 жылға -7931 мың теңгені құрады. Көшені жарықтытандыру үшін – 710 мың теңге құрады. 2016 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша көшені жарықтандыруға - 1074 мың теңге  бөлінді.
2016 жылы жер мәселесі бойынша 58 өтініш келіп түсті, ауызша арыз 15, жеке тұлғалардан 58, заңды тұлғалардан түскен жоқ. Азаматтардың өтініштері қаралды және толық көлемде қанағаттандырылды. 2016 жылы 34 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, бекітілген стандарттармен және регламенттермен, нормативтік  заңнамасын қолданып жүзеге асырады. Жұмысымыздың ең басты бағыты – ол халықтың әлеуметтігін қорғау болып табылады.
Жалғыз басты қарт адамдарға әлеуметтік қызметкерлер бекітілген. Әлеуметтік жұмыскерлер саны – 6 адам. Мүмкімдігі шектеулі балалармен да жұмыс жасалуда. Демеушілердің қолдауымен жалғыз басты қарттарға және мүмкімдігі шектеулігі балаларға әр мерекелерде сыйлықтар табысталады.
2015 жылы тұрғын үй жәрдемақысы  11 отбасы – 253,3 мың алған, ал 2016 жылы тұрғын үй жәрдемақысын 14 отбасы – 248,7 мың алады.
Ауыл аумағында су құбыры толық жұмыс істейді, қазіргі уақытта 90% үй ішіне су тартылған.
Шағын және орта бизнес:
Жалпы шағын бизнесте - 48 кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді. Оның ішінде 25 шаруа қожалығы, ЖК- 18, дәріхана және фото салон бар.
Ауыл аумығында 2 наубайхана жұмыс істейді. Олар ЖК «Рахимбеков К» және ЖСШ «Ассорти НАН». ЖК «Рахимбеков К» күніне 300 бөлке нан пісіріп, ауыл ішін қамтамасыз етеді. Сол сияқты ЖСШ «Ассорти Нан» күніне 3000 бөлке нан және әр түрлі 200 кг кондитерлік өнімдер шығарады, өз өнімдерін жақын ауылдарға және Астана қаласына қамтамасыз етеді. Осы серіктестікте жалпы саны 30 ауыл жастары жұмыс істейді.
Ауылды абаттандыру және көркейту:
Апта сайын «Таза бейсенбі», «Таза аула», «Таза көше» акциялары өткізілді. Сенбілікке 250 адам , 4 техника (ШҚ «Бейсембаев С.Т.», ФҚ «ЖЕР», ШҚ «Оразалина К.», ШҚ «Кугабаев Н.С.») қатысты. Астана-Киевка тас жолын бойын санитарлық тазалау және жинау, ағаштарды ақтау және кесу - 100 дана, қоршауларды ақтау - 3000 м3, 250 дана бұтақшаларды кесу, электрлық бағаналарды ақтау – 250 дана,  бекітілген учаскілер бойынша қоқыстарды жинау, ауыл бойынша қоқыс -2000 тонна төгілді.
Ауыл аумағында ҚТҚ (қоқыс) жинау үшін 4 контейнер орнатылған, сондай-ақ электр шамдарын қалдықтарын кәдеге жарату 1 контейнер орнатылған.
Ауыл шаруашылығы:
2016 жылы егіс алқабы – 6565 га тіркелді, оның ішінде дәнді дақылдар: бидай – 4269 га, арпа –1261 га , сұлы – 35 га, майлы дақылдар – 1000 га, картоп - 61 га, көкөністер-125 га. Алдынғы жылмен салыстырғанда картоп – 10 га, көкіністер – 42 га өсті. 2016 жылы 4 777 тонна шөп жиналды.
Ауыл бойынша мал басы: ІҚМ-1235 бас, ал 2015 жылы ірі қара мал - 817  бас (418 бас ұлғайды ), 2016 жылы ҰСҚ саны -2028 бас, ал 2015 жылы ұсақ қара мал - 1744 бас (284 бас ұлғайды),  2016 жылы жылқы - 1649 бас құрады , ал 2015 жылы - 1142 бас ( 54 бас ұлғайды),  2016  жылы үй құстары құрады -2086 дана, ал 2015 жылы 2343  дана ( 257 данасына азайды) үй құстарының азаюы ауыл тұрғындарының өз қажеттеріне жұмсалуы, 2016 жылы шошқа саны – 370 құрады, алдыңғғы жылмен салыстырғанда  363  басқа ұлғайды.
Білім беру саласы:
Жалпы мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беруге ерекше назар аударамыз. Ауылымыздың шағын орталығында 3 топ бар, балалардың жалпы саны – 60 бала. Жаңа оқу жылынан бастап орта мектепте тегін тамақ ішу ұйымдастырылған, балалар саны -  30.  Жыл сайын «Мектепке жол» деген акция өткізіледі. Ол акция әл-ауқаты төмен, көп балалары аналар отбасына көмек берілді. Шаруа қожалықтары демеуші болып (ФҚ «ЖЕР», ШҚ «Кугабаев Н.С.») балаларға мектепке  керек жарақтарды, мектеп формаларын сыйға беріледі.
Денсаулық сақтау саласы:
2016 жылы ауыл аумағында жаппай айнаға түсу (флюраграфия) өткізілді.  ЖИТС фактілер, онкологиялық аурулар тіркелмеген. Ана мен бала өлімі жоқ. 2016 жылы 26 бала дүниеге келді.
"Салауатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында, скринингтік медициналық тексеру өтілді. Жоспар бойынша скрининг 217, оның 207 орындалған.
Мәдениет:
Ауыл аумағында мәдениет үйі бар, онда барлық мерекелік іс-шаралар, жастармен жұмыс жасалады. Мәдениет үйінде би және вокалдық үйірмелермен жұмыс жасайды. Оған тек қана оқушылар ғана емес,  ауыл тұрғындары қатысты.
Ауылдық кітапхана жергілікті мәдениет үйінде орналасқан, кітап қоры 13556 дана құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 5769 дана.
Инфрақұрылымның дамуы:
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту үкіметтің басты міндеті. Дәл осы жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті мәдениет үйін ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізді. Сол сияқты осы бағдарлама бойынша ауылдық мектептің қазаңдық жабдығына ағымдағы жөндеу жасалды.
2016 жылы өңірімізді дамытуға көшелерді жарықтандыру және ауыстыруға бюджеттен 1074 млн ақша қаражаты бөлінді.
2017 жылы ауылда жаңа аурухана салу жоспарда, сол сияқты өңірді дамытуға аллеяны абаттандыру және көркейту ойымызда.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.55
Евро 421.76
Рубль 5.57
В Нуринске сейчас: -6°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 722
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»