Ақмешіт ауылы бойынша 2013 жылда атқарылған жұмыстар және әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы

Ақмешіт ауылы бойынша
2013 жылда атқарылған  жұмыстар және әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары мен
алға қойылған міндеттері туралы

Ақмешіт - 2013

Қадірлі ауылдастар!

         Құрметті ел тұрғындары, 2013 жылы отанымыздың өміріндегі маңызды оқиғалар өтті. Олардың  бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы жарияланды. Өзіңізге белгілі, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Мен Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз селолық әкімдерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз. Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды» деп көрсетті. 
Ел басының Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауы әрқашанда еліміздің қоғамдық өмірінде басты оқиға болып табылады. Бұл жаңа кезеңнін басталуы. Бұл жаңа жоспарлар, жаңа міндеттер, жаңа үміттер.
Жалпы Қазақстанның көркейуі мен бірге елдің экономика барысы түзеліп, нығайып алға басып келе жатыр деуге болатының бәріміз көріп, біліп отырмыз. Ел басының демеуімен, қабылдаған іс-шаралар халыққа  сапалы жұмыс корсетіліп, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың жедел шешілу жолдарын табуға көмек етті.


Құрметті қауым!

         Ағымдағы жылдың 15 тамызда Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығы қабылданып, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкімдері – тоқсанда бір рет тоқсанның бірінші айы ішінде есеп беретіні көрсетілген.
Осы сәтте біз өткен жылға сын көзбен келесі жылға үлкен үмітпен қараймыз. Осы кездесулерде ел тұрғандарының негізгі мұң – мұқтаждары, күрделі мәселелері ортаға салынып, биліктің өткен жылдың жұмыстарының нәтижесі талқыланып, келешекте неге аса қөңіл аудару қажет кендігі белгіленеді.

 Округімізде 2 елді мекенде 824 адам тұрады, орта мектеп, негізгі мектеп,  дәрігерлік амбулаториясы, дәрігерлік пункті, ауыл клубы, Ақмешіт ауылының және Қантай ауылының кітапханалары халқымызға қызмет көрсетеді.
         Ақмешіт ауылы әкімі аппаратымен 2013 жылдын 12 айында халыққа 345 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Атап өтсек мал басына анықтама беру мемлекеттік қызметі – 94, ветеринарлық құжат беру мемлекеттік қызметі – 424.
2013 жылдың 9 айда 49 өкім қабылданды:
негізгі қызмет бойынша – 27;
жеке құрам бойынша – 4;
жаза, іс-сапар, әкімшілік-шаруашылық – 18.
         2013 жылдың басында Ақмешіт ауылы әкімі аппаратының есебінде 76 әскери адам тіркеуде, оның 2-і әйел, 3-і офицер. 12 айда 11 адам есепке тұрса,  4 адам есептен шықты. Қазақстан Қарулы Күштері қатарында 4 адам, алғагқы әскери тіркеуге 5 баланың құжаттары тапсырылды. 2013 жылдын көктем кезіңде 7 адам шықырылса, күзде 26 адам шақырылып, оның 18-і медициналық сараптамадан өтті.

Ауылшаруашылық саласы

         Біздің округтің экономикасы 90 пайыз ауылшаруашылық саласында. Қазіргі кезде бұл шаруашылықтарда жаңа техника мен технология қолдануы жалғастыруда.
2013 жылы 555 гектар картөп, 107 гектар көкөніс, 300 гектар бидай, 100 гектар арпа, 1065 гектар бір жылдық сафлор, 1134 гектар суданка және 270 гектар нут шөптері егілді. оның бәрі ел басының нұсқауымен көмек есебінде беріп жатқан субсидия арқылы болды. Биыл 3000 тоннадай шөп дайындалды.
Шағын бизнестегі егістік және малшаруашылығының өнімдерімен  қамтамасыз ету мақсатында Астана, Қарағанды, Шахтинск қалаларына ауылшаруашылық өнімдерінің жәрменкелеріне 3 тонна қара мал еті, 50 тонна картоп, 10 тонна көкөністер, 600 келіден астам сүт өнімдері және 400 килограмм ұсақ малдын еті жеткізілді.
Мал басына келетін болсақ, барлығы елде 1630 бас қара мал бар, жылқы саны 700 бас, қой мен ешкілердің саны 2310 бас, құстын басы 1300 бас.
Жыл басынан бастап 390 бас бұзау алынды.
Ел тұрғындарының түсінуімен қара мал басын жасанды ұрықтандыну жолымен асылдандырып, өнімін үлкейту мақсатында  биыл Киевка кентіндегі «МП» шаруа қожалығынан меморандум бойынша 4 бас «Қазақтын ақ бас» аса тұқымды бұқалар Ақмешіт ауылының қоғамдық табынына қосылды.
Мал ауруларын қарысы алу мақсатында  да жұмыс жүргізілуде, жыл басынан бастап 1245 бас қара мал, 1620 бас қой бруцилез ауруына тексеру мақсатында қан пробалары алынып аудандық лабораторияға тексеруге жіберілді, 2 бас ірі қара малдың бруцилез ауруымен ауырғаны анықталып, мал арнайы кәсіпорынға жіберіліп жойылды. Бірдейлендіруден 489 бас ірі қара мал және 664 қой мен ешкілер өтті.
Мал ауруларын қарсы алу мақсатында мал егу жұмыстары  жүргізілді. Сібір жарасына қарсы 500 бас жылқы, 2400 бас ірі қара мал және 3200 қой мен ешкілер егілді.
                                   
Шағын және орта бизнес

         Ақмешіт және Қантай ауылдары бойынша шағын және орта бизнес өз жұмысын жылдан жылға асыруда, халықтын сұрауын  орындап, және жұмыс орын ашуға тырысады.
Округ бойынша тіркелген шағын және орта бизнес -11 кәсіпкерлер, оның ішінде нақты жұмыс істейтіндер -10 кәсіпкер /90%/
Ақмешіт бойынша шағын бизнес сауда жағынан жақсы жұмыстарын жасайды. Осымен қатар ауылда халыққа әр түрлі қызмет көрсетілетін субъектілер жоқ.
Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  шағын және орта бизнеске тұрақты қолдау көрсетуге көп көңіл бөледі және шағын мен орта бизнесті даму стратегиясын  аса назар аударуда.
2013 жылға арналған  жұмыс жоспары:
Бүгінге заман талабына сай монша ашу, автокөліктерді жөндеу станциясын ашу.

Салық саласы

         Салық жинау жұмысы жоспарланған мәжеден шықты. Жергілікті салықтың екі түрінен түскені 159243 теңге, оның ішінде 114657 теңге мүлік салығынан, 44586 теңге жер салығынаң, жалпы салық тапсырмасы 99,9 пайызға орындалды.
2014 жылға арналған  жұмыс жоспары:
Тиісті тіркеуден өтпеген  азаматтардың заңсыз тұрде қаражат иеленуін, анықтау, салық төлеуден бас тартқан тұлғаларды анықтау.

 

Әлеуметтік сала

         Ел басы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік ахуалына аса көңіл аударуда. Сондықтан жергілікті билік әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асуын қатты бақылауына алынады. Тұрғандарға көрсетіп жатқан мемлекеттік әлеуметтік көмектерге келетін болсақ  2013 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек   2 отбасына  (адам саны 11) көрсетілді, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік  жәрдемақы 28 балаға, тұрғын үй жәрдем ақы 10 отбасына және екі жалғыз басты әйелдерге 30.000 тенге материалдық көмек берілді.
Ауылшаруашылық, өндірістік, кәсіпкерлік салада көзделген жұмыс
орындарының жоспарлары орындалды. Жалпы жұмыс орындарына 60 кісі орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 10 кісі, уақытша жұмыс орындарына 50 кісі орналастырылды.
2013 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарға 4 кісі жіберіліп, қоғамдық жұмыстардың жоспары 100 пайызға орындалды. Жастар тәжірибесі бойынша 3 адам 6 айға жұмысқа орналастырылды.

Білім беру саласы

         Ел басымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев білім беру жүйесінің сапалы болуына аса көңіл аударды. Ақмешіт ауылының С.О.Талжанов атындағы мектепте 96 бала оқиды. Жазда барлық ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
С.О.Талжанов атындағы мектебінің түлектері биылғы жылы жылдағыдай сыннан өте жақсы өтті. Ерекше атауға лайықты С.О.Талжанов атындағы орта мектеп түлектерінің көрсеткіші, әрине бұл мұғалімдердің еңбегі. Аудан бойынша мектеп түлектері ҰБТ білімдерін көрсетіп, 1 орынға ие болды (орташа балл 76,8, 2012 жылдын көрсеткіші 83,8 балл – 1 орын). Мектеп бойынша білім сапасының көрсеткіші 65 ал ұлгерім 100 пайыз. Үлгермеушілер жоқ.
С.О.Талжанов атындағы мектепте 29 ұстаз, оның ішінде 26 мұғалім жоғары білімді, 3 мұғалім орта арнаулы білімді. 8 мұғалім жоғары санатты, 1 санатты – 8 мұғалім, 2 санатты – 10 мұғалім. Мектепте кітапханашы, психолог, медбике, аға тәлімгер жұмыстарын атқарады. Шаруашылық қызмет атқаратын жұмысшылар саны – 23. Жылу беру мерзімде 4 от жағушы, 2 адам киім гардеробында жұмыс істейді.
Д.Шалабекұлы атындағы негізгі мектепте 10 жоғары білімді ұстаз. 3 мұғалім жоғары санатты, 1 санатты – 6 мұғалім, 2 санатты – 1 мұғалім. Оқушылар саны – 39, оның ішінде 1-4 сыныптарында 16 оқушы, 5-9 сыныптарында 23 оқушы. 2013 жылы 5 түлек болса, 2014 жылда негізгі мектепті бітіретін оқушылар саны – 2, бірінші сыныпқа баратын 4 бала. Мектеп жанындағы шағым орталықта 8 бала, мектепке дейінгі сыныпта 4 бала. Мектепте «Көнілді қуыршақ», «Жасыл желек», «Шебер қолдар», «Көркем жазу» үйірмелері және «Жас ұлан» атты жастар ұйымы ұйымдастырылған. Компьютер саны – 5, оның ішінде 2 компьютер жұмыс істемейді.
Оқушылардын білім сапасы 50 пайызды құрайды.
100,2 тонна көмір жеткізілді. 2013 жылы ата-аналардын (40 мың) және Г.Д.Шалабекованың (75 мын) көмегімен мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық саласы

         Елдің денсаулығы - біздің байлығымыз,  денсаулыққа өте көп назар аударылады. Ауылымызда дәрігерлік амбулаториясы және Қантай ауылында медициналық пункті бар. Онда 6 қызметкер жұмыс істейді. Флюроографиядан ауыл тұрғындардың 89 пайызы өтті.  1 жасқа дейінгі балалардың саны – 11, 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 164, жас өспірімдердің саны - 51. Әйелдердің саны 411, оның ішінде 15 жастан 45 жасқа дейінгі әйелдердің саны – 189. Мүгедектердің саны – 49, оның ішінде 1 бала. 2013 жылда туылғандар саны – 10 бала, қайтыс болғандар саны – 8 адам.
1 жасқа толмаған балалар апта сайын байкаудан өтеді. Балалар, жас өспірімдер және бой жеткендер Д-бақылаудан жылына 2-3 рет өтеді. Түберкулез бойынша тіркеудегі 2 адам емдеулерін аяқтады (өкпеден тыс), туберкулез ошақтары жоқ. Онкологиялық науқастар саны – 1 адам. Қан айналым жүйесінің 173 адам қараудан өтіп оның 53-і Д тіркеуіне алынды. Онкологиялық ауыруларын алдын алу мақсатында 189 адам қаралып олардың ішінен науқас анықталған жоқ. Амбулаторий жағдайында 2902 әр түрлі талдау жасалынды.

Мәдени саласы.

Ақмешіт ауыл аймағында 1 клуб, 2 кітапхана қазіргі таңда қызмет жасауда. Клубта әр мереке қарсаңында мерекелік іс-шаралар өтеді.   Клубқа 20 тонна көмір түсірілді.
2013 жылдың 9 айында 27 мерекелік шаралар, 74 дискотека өткізілді. Көрермендер саны 8591 адам.
Ақмешіт модельді ауыл кітапханасында 7879 дана кітап қоры бар, оқырмандар саны 700 адам. Оқырмандардың сұрақтарына кітапханда барлық жағдай жасалған, интернетке қосылған. Кітапханада өткізілетін іс-шаралардың көбі  мектеп оқушыларымен өткізіледі.

Спорт саласы

         Спорт дамуына ауылдын жастары өз үлестерін қосуда. 2013 жылы аудандық «Сары арқа» спорт ойындары өтті. Ақмешіт ауылы аудан бойынша жалпы бесінші орынға ие болып (әйелдер арасындағы волейболдан 1 орын, көкпардан 3 орын), облыстық «Сары арқа» жазғы спартакиадасына қатысып, ауданымыздын 3 орынға иеленгеніне ат салысты. Ел тұрғындарына спортты дамыту және спортқа деген сүйіспеншілікпен жастарды өсіру мақсатында жыл бойы әр түрлі спорттық іс – шаралар өткізілді. Олар: кросстар, турнирлер, мекемелер арасындағы жарыстар, денсаулық күндегі спорттық іс шараларына белсене қатысатын мекемелерді де атап шығайық, олар: С.О.Талжанов атындағы мектебі, Д.Шалабекұлы атындағы негізгі мектеп, ауыл клубы, дәрігерлік амбулаториясы және әрине Ақмешіт ауылы әкімі аппаратының ұжымы да шетте қалмай әр дайым спорттық шараларға қатысуда. Осы жылы Қарағанды облысының әкімі Б.Т.Абдишевпен «Энерси» ЖШС арасындағы жасалған меморандум бойынша Ақмешіт ауылында көпфункционалдық корт салынды.
 2013 жылдың 15 желтоқсанда «Тәуелсіздік күніне» арналған «Альдеран» ШҚ көмегімен спорттық іс шаралар өткізілді.
  

Аббатандыру саласы

         Жыл сайын арнайы жасалған бағдарлама бойынша 2 - аймақта аббатандыру, тазалық қамтамасыздандыру жұмыстары жүргізіліп кәзіргі уақытта жалғастыруда. Бір қатар жұмыстар жүргізілді, әсіресе ғимараттар маңайындағы фасаддтарды жөндеу,қоршауларды түзеті маңайындағы  қурай, көн қоқыстарды жинату мақсатында, әр аптаның бейсембі күні таза бейсембілік деп жариялады.Бұл күндері әр бір мекеме өз ғимаратының маңайын және «Жеңіс» саябағында бекітілген секцияларыда тазалықты жасайды.Ол жұмыстар сәуір айында басталып қазан айына дейін жүргізіледі.
Көзделген іс -  шаралар бойынша әрбір тұрғын өз маңайының шекарасында өз қоршауынан бастап көлік жүретін жол ортасында дейін аралықты көң-қоқыстан, күлден тазалау жұмыстары мен әркім көше бойындағы үйлерін, қоршауларын жөндеу, сырлау аяқтау жұмыстарын істеуге тиіс еді. Сондай – ақ көшелердегі дүкендер де өз маңайларын  түзету керек еді. Осы жұмыстар жүзеге асыру үшін кейбір үйлердің иелеріне әлденеше рет барып ескерту жасағанның өзінде де өз үйлерінің маңайын жинамағандар бар. Кейбіреулер сендерге керек, сендер істеңдер дегені де болды. Сондықтан ел көркі тазалықты бүкіл зиялы қауым болып жалқауларға айтқанымызда жөн сияқты, сонда ғана санасыздардың санасы оянды, өйткені көп қорқытады, терең батырады.
Жарықтандыру саласына келетін болсақ, 2013 жылы ақпан айында аймақтарды дамыту бағдарлама бойынша 659000 тенге бөлініп 3 жарықтандыру бағаналары орнатылды.

        Болашақта ауылды дамыту бағдарламамнын негізгі бағыттары:

  1.  Жауапты биліктің және тиімді басқарудың жүйесін құру:

- ауылдық әкім аппаратының қызметін айқындалуын қамтамасыз ету;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу;
- қоғаммен белсенді бірігіп жұмыс жасау;
- ауылдық әкім аппаратының жұмысы жайлы халық алдындағы кездесулерде үнемі үнемі есеп беру;
2. Өкілетті органмен әрекеттестік:
- ауыл әкімі аппараты тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері бойынша аудан мәслихатының депутаттарымен өзара тұрақты іс-қимыл жасау:
3. Экономика. Ауылдық округтің  әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- селолық округ территориясында орналасқан су тоғандарын, жылжымайтын кешендерін, жер телімдерін тиімді пайдалану туралы шаралар жобасын құрастыру;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндерді оларды қолдау бойынша бағдарламаларға қатыстыру, ауыл шаруашылығы несиелерін алуға көмек беру;
-селолық округ даму жолдарын анықтау;
- ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруге бағытталған өндіріс орындарын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу;
- көшелерді жарықтандыру және желі жүйесін кеңейту шараларын қолға алу;
-ауыл іші жолдарына жөндеу жұмыстарын жасау, асфальттау, жаз және қыс кезінде жолдарды жөндау бойынша уақытында әрі сапалы жұмыстарды жүргізу.

4. Өмір деңгейін және сапасын арттыру үшін жағдаймен қамтамасыз ету:
- ауыл көшелерін қазіргі заманға сай архитектуралық келбет беру, тұрғындар талабын ескере отырып, құрылыс тәртібі мен ережесіне сай жаңа құрылыстар салу;
- ауылды абаттандыруда тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін байқаулар мен акциялар өткізу;
- аймақтағы жасыл желекті қоқыстардан тазарту;
- тұрғын үйлер территориясын санитарлы жағдайға сай ұстау;
- тұрғындарды кабельді желімен қамту (интернет, телефон байланысы, телеарналар желісі);
-қарттардың мәселелерін шешуде күнделікті жұмыстар жүргізу;
- демалыс саябағы аймағын абаттандыру, құрылыстар салу;
-бұқаралық спорт түрінің дамуына жағдай жасау, салауатты өмір салты жағдайын қалыптастыру, жастардың бастамаларын, жобаларын қолдау:
5. Отбасы және демографиялық саясат
- бала тәрбиесіндегі үлгілі отбасын ынталандыру және мадақтау;
- ана мен бала денсаулығын  қорғауды қамтамасыз ету:
6. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету
- тұрмысы төмен, толық емес және айлық кірісі төмен отбасыларға қолдан келгенше жәрдемдесу;
- ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер жасау және құқықтарын қорғауды іске асыру;
- жетім  балалар мен  ата-анасының   қамқорынсыз   қалған   балалардың  құқықтары мен заңды мүдделерін  қорғау және өмірдің қиын жағдайына түскен балаларды кемсітуге жол бермеу;
- балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру:
7. Жастар саясаты
-округ мәселелерін шешуге жас мамандар мен жастарды тарту және ауыл өміріне араласуға белсенділіктерін арттыру;
- демалыс орындарын ұйымдастыру;
- мәдени мұра және шығармашылық рухани даму, салауатты өмір салтын насихаттау;
- нашақорлыққа, темекі тартуға, алкоголизмге қарсы акциялар, іс-шаралар өткізу:
8. Мәдениет
- бос уақытты қызықты өткізу түрлерін іздестіруге жәрдемдесу және ауылдық клубтың дамуын қолдау;
-ауылдық кітапхананы жаңғырту және дамыту;
-  халық өнерпаздары  шығармашылығының жандануына жәрдемдесу;
9. Спорт
- теннис, шахмат, шашки, тоғыз құмалақ және спорттың  ұлттық түрлерін жаппай дамыту;
- ауылдық округ территориясында балалар және спорт алаңының құрылысын салу;
- аудандық және халықаралық деңгейдегі өтетін спорт түрлері жарысында ауыл тұрғындарының қолдауы.
                       
Құрметті ауылдастар!

Елбасының биылғы халыққа Жолдауы отанымыздың экономикасы дамып, әлеуметтік жағдайы жақсара түсуінің анық та айшықты бағдарламасы деуге әбден болады. Ендігі міндет тәуелсіз елімізге де, әрбір азаматтың өміріне де оң өзгерістер әкелетін биік мақсаттарды мүлтіксіз орындауға бір кісідей жұмыла жұмыс жасау деп білемін.
Сондықтан халық болып қауымдасып, осы ауқымды істерді жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет.
Істелінген жұмыстан, істейтін жұмыс көп, істелінетің жұмыстардаң бәрі ел тұрғындарының мүлдесіне шыққан, жалпы халыққа керек. Сондықтан барлығымыз жанашырырлықпен қарап, барлық іске белсене қатысуларыңызды сұраймын. Ынтымақ пен бірлік пен ел тұрғындарының мәселелерін бірлесіп атқара берейік.
Біз үшін  ең бастысы – тәуелсіз  Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік басы - ынтымақ» деген  қанатты сөз бар. 
Ақмешіт ауылы әкімі аппараты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауын  басшылыққа алып, заң шеңберінде жұмыс жасайды және ауылдың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дер кезінде шешуге жұмыстанады деп сіздерді сендіремін!

Назарларынызға рахмет.

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 324.27
Евро 398.27
Рубль 5.73
В Нуринске сейчас: -23°C ашық
  • Дымқылдылық: 69%
  • Қысым: 728
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»