Жастар саясаты

Жастар саясатын іске асыру
Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты маңызды стратегиялық сипат алып келеді. Мемлекет тарапынан да, тұтас қоғам тарапынан да «Жастарға нақты не керек?» деген көкейкесті сауалға өміршең жауап тапқысы келетін талпыныс байқалуда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Нұра ауданында жастар ісі жөніндегі орталықтың ашылып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізде мемлекеттік жастар саясатының өркендеп дамыту жоспарын жүзеге асыруға өз үлестерін қосып келеді. Осы мақсатта аудан төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Өз алдына шаруашылық ашып, өңірімізде кәсіпкерлікті дамытамыз деген жас кәсіпкерлерге облыстық әкімдік тарапынан да қомақты соммада қолдау жасалып келеді. 2014 жылы жас кәсіпкер бастамасын қолдау мақсатында облыс әкімдігімен бөлінген 300 000 теңге көлемінде грант және «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша бөлген 2 700 000 теңге көлеміндегі қаржы Киевка кентінің тұрғыны Андреева Розалияға бұйырса, 2015 жылы Балықтыкөл ауылының тұрғыны Жункобаева Мейрамгүл 300 000 теңге көлеміндегі облыс әкімі грантының иегері атанды. Және де айта кетер тағы бір жағымды жаңалық ауданымызда жастар саясатының дамуы жолында аянбай тер төгіп, зор үлесін қосып жүрген жастар ортағының маманы Асылбек Мұсабаев облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бүгінгі күнге дейін Жастар ісі жөніндегі орталығы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, аудан әкімінің қатысуымен көптеген кездесулер, байқаулар, акциялар, авто-веложорықтар және тағы басқа шараларды өткізді. Атап айтар болсақ:
1.«Бұл палата, Қазақстан Республикасынының жастары , өз елінің патриоты деп санайды» тақырыбында өткен пікір-сайыс ойыны
2.Көңілділер және тапқырлар клубы ойыны
3.«Жыл басы - Наурыз» атты жастар арасында ақпараттық-ойын-сауық кеші
4.«Дін - тәрбие жолы» атты ақпараттық-насихаттық топ кездесуі
5.«70 жылдыққа-70 күн» акциясы
6.«Miss Nura International»  байқауы
7. «Қалқан» әскери-туристік, патриоттық ойын
8.«Гүлдене бер, Қазақстан!» флеш - мобы
9.Жастар форумы

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 324.65
Евро 397.66
Рубль 5.74
В Нуринске сейчас: -27°C ашық
  • Дымқылдылық: 63%
  • Қысым: 733
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»