Мәдениет


Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарып отырған жұмысы туралы ақпарат

Аудан төңірегінде мәдениеттің 68 обьектісі халыққа қызмет жасап келеді. Олар: 35 кітапхана, 29 клуб үйлері, 3 «Зерде» бейнемобильдері, 1 «Тәуелсіздік» демалыс саябағы.
2014 жылы мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 213024,0 мың теңге. 2013 жылмен салыстырғанда 36772,0 мың теңгеге азайды.
Бюджетті орындау есебі бойынша 35 кітапхананың қызметіне 2014 жылы 64121,0 мың теңге , 29 клубтың мекемелер қызметіне 12479,0 мың теңге, бөлім аппаратының қызметіне 7393,0 мың теңге, тіл дамыту саласы бойынша 1461,0 мың теңге, Орталық «Тәуелсіздік» саябағыың құрылыс жұмыстарына 10,0 тың теңге бөлініп игерілді.
Мемлекетіміз бойынша жүргізілген «Жол картасы» бағдарламасы мәдени ошақтарының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруына үлкен әсерін тигізгенін айта кету керек. 2009-2010 жылдарда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 10 объектіні жөндеуден өткізуге 85 194,4 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 36 994,0 теңге бөлініп игерілді.
2011 жылы ауданның өлкетану мұражайының құрылысына облыстық бюджеттен 50 млн. теңге, Меморандум бойынша 41 млн.теңге бөлінді.
2012 жылы Сәкен Сейфуллин ескерткішінің құрылысына жергілікті бюджеттен 24 млн.теңге қарастырылды.
2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен 2 мәдени бос уақытты ұйымдастыру мекемелеріне: Киевка кентінің Мәдениет үйіне 28,2 млн теңге және Шахтер ауылының Мәдениет Үйіне – 37,6 млн теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен қосалқы қаржыландыруы бойынша 3,7 млн. теңге игерілді.
«Пржевальское» ЖШС –гі есебінен ауылдың клуб құрлысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен пәрменді заңнамаға сәйкес 2012-2014 жылдары облыстық мәдениет басқармасы мен экономика және қаржы басқармасына инвестициялық ұсынымдар берілген. Бірақ, өкінішке орай өз қолдауын таппады.
Клуб типтес мекемелер жөнінде мәлімет.
Ауылдағы мәдени бос уақытты ұйымдастыруды жақсарту үшін аудандық мәдениет үйінің штаттық кестесіне 17 бірлік Шахтер, Щербаковское ауылдарының клубтарына қосылды. Клубтардағы жұмыскерлер саны 2014 жылы 143,25 бірлікті құрайды. Бүгінгі таңда мәдениет ошақтарында 265 қызметкерлер жұмыс істейді. Біздің салаға талантты, арнайы мамандығы бар мамандарды тарту жұмыстары атқарылып келеді. Осы жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 2 қызметкер жұмысқа алынды.
Мәдени бос уақытты ұйымдастыру жұмыстары туралы. Ауыл тұрғындарының мәдени деңгейін көтеруде халықтық көркемөнерді дамыту басты роль атқарады. Осы орайда тұрғындарға қызмет көрсетудің жаңа үлгілері еңгізіліп, аудандық фестивальдар мен конкурстар жиі өткізілуде. Аудан бойынша 100 клубтық ұйымдар жұмыс істейді. Бұлардың саны 5 жаңа ұжымдар («Ақ әжелер» ансабльі, «Ягодки», «Лебіз» вокалдық топтары, «Радуга» балалар хоры, «Серпін» драммалық үйірмелері) өсті. Оның ішінде 2011 жылы Шахтер ауылының үрмелі аспаптар оркестірі «Халықтық» атағын ақтаса, Киевка кентінің ұлт аспаптар оркестрі «Халықтық» атағын республикалық комиссия алдында қорғап шықты. Бұл бағытта мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен атақ алу бойынша вокалдық- хореографиялық ансабльмен және халықтық театрмен жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Серпін» драмалық үйірмесімен екі үлкен қойылым: "Бір түп алма ағашы", "Қозы Көрпеш-Баян сұлу», кіші қойылымдар: ҰОС Жеңіске арналып, Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік тұғыры», т.б.тұрғындар игілігіне ұсынылды.
Көп ұлтты ауданымызда 2 ұлттық-мәдени орталық бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеуде. Олар: Заречное ауылының украин ұлттық-мәдени орталығы мен Тассуат ауылының орыс ұлттық-мәдени орталығы. Орыс және украин ұлттық-мәдени орталықтары өзімізде және облыс орталығында өткізіліп жүрген мәдени –көпшілік іс-шараларға әрдайым қатысып отырады.
Тұрғындар арасынан дарындарды іздеу мақсатында 3 аудандық байқау, 2 фестиваль болып өтті, олар «Жас қанат-2014» аудандық байқауы, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Шіркін,қандай, қазақтың әжелері –ай!» аудандық әжелер арасында байқауы, 7 мамыр ұландар күніне орай «Жігіт сұлтаны - 2014» атты аудандық байқаулар өтті, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қарағанды қаласының 80 жылдығына орай «Сарыарқаның жұлдыздар шапағы» аудандық фестивалі, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты аудандық байқау-фестивалдері. Сонымен қатар түрлі мерекелік іс-шаралар, дәстүрлі, кәсіби мерекелерге орай концерттік бағдарламалар өтіп тұрады. Елді мекендерді мәдени шаралармен қамту бойынша 2 бейне мобильдері жұмыс істейді.
Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша.
Клубтардың материалдық базасын нығайтуға 2014 биылғы жылы 15230 мың теңге бөлініп игерілді. Оған аудандық мәдениет үйіне 4000,0 мың теңгеге театрлық орындықтар алынды, 1480,0 мың теңгеге сахна киімі, 2761,0 мың теңге сахна костюмдары, аудандық кітапханасына 800,0 мың теңгеге 5 комплектідегі компьютер, 2 молдельдік кітапхана 1200,0 теңгеге, кітаптар 3769,0 мың теңгеге алынды.
Қаржыландыру мәдениет саласы саясатын, жастар саясатын, жұмыспен қамту бағдарламасын, мәдени бос уақытты дамытуға, өскелең болашақтарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, дарындарды дамытуға, тұрғындар арасында қарым-қатынасты тәрбиелеуге жол ашып, әрине халықтың келешегіне сенімділік арттырады. Бірақ, қаржыландырудың өсуіне қарамастан клубтардың материалдық-техникалық базасы төмен жағдайда. Бүгінгі таңда олардың материалдық-техникалық базасын нығайту басты мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстанда тарихи-мәдени мұраларға көп көңіл бөлінеді. Осыған сәйкес республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған. Біздің ауданымыз бойынша тарихи-мәдени мұра болып табылатын 112 объеті тіркелген. Оның 45-і табыну- архитектуралық (мазарлар), 45-і – археологиялық (қорғандар, тұрақтар, бейіттер, Талдысайдағы Айдахарлы үңгірі), 22-і – тарихи ескерткіштер (обелискілер, монументтер, кеуіттер). Жер қатынастар бөліміне, ауыл және кент әкімдеріне тарихи-мәдени ескерткіштердің жер телімдерін қорғау жөнінде хаттар жіберілген. Бүгінгі таңда құқық бұзушылық тіркелмеген. Облысытық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы 2014 жылы Талдысай ауылының Ахметжан кесенесіне қайта өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Кітапхана қызметі жөнінде. Бүгінгі күні аудан тұрғындарына 35 кітапхана қызмет көрсетеді. Облыс бойынша кітапханалардың саны жағынан аудан екінші орында. 35 кітапханалардың 13 модельдік және 17-і Интернет жүйесіне қосылған. 29 кітапханада телефон жүйесі бар.
Нұра ОКЖ қорындағы құжаттар саны 380426 данаға жетті. Жыл сайын бұл құжаттарды 20 000 астам оқырмандар мен пайдаланушылар өз керегіне жаратып келеді. Олар кітапханаға жылына 188 175 рет келеді. Жыл бойы 350 мың кітап беріледі. Халыққа қызмет көрсету көрсеткіші 77,2 пайызды құрайды. Әдебиеттер қоры жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік тапсырыс бойынша толықтырылып отырылады. Биылғы жылы құжаттар қорын толықтыруға 3 769,0 мың теңге бөлінсе, жылдық мерзімді басылымдарға жазылу үшін 1600,0 мың теңге, екінші жартыжылдықта 102,5 мың теңге сома игерілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша биыл 2976 дана кітап, оның ішінде 2884 данасы мемлекеттік тілде алынды.
2014 жылы Интернетке 1 333,0 мың теңге қаржы бөлінді.Оқырмандарға 14 компьютерден электронды қызмет көрсетіледі. Интернет қызметтерді пайдаланушылар саны – 1980 оқырман.
Ақпараттық ресурстар мен ОАК қызметін дамыту мақсатында nuralib.kz доменді WEB-сайты құрастырылды. Мұнда оқырмандар онлайн кітап ұзарту, «Виртуалды анықтама» қызметін, онлайн кеңес алу қызметін, интерактивті сауалнаманы пайдалана алады. Сайтты өңдеу, толықтыру жұмыстары күн сайын жүргізіледі. Аудан кітапханашылары өлкетанулық құжаттарды сақтау жұмысын іске асыруда. Жергілікті авторлармен келісім-шарт жасалып, олардың жарық көрген кітаптары цифрлы көлемге ауыстырылады. РАБИС бағдарламасында 9 кітапханада электронды каталог жүргізіледі. Барлығы 35711 библиографиялық жазу енгізілген. Казақстандық корпоративті каталогы орталығынан онлайн библиографиялық жазуларды алып пайдалану жұмысы жолға қойылған. Қазақстандық КазНЭБ, ресейлік Литрес, Pablic.ru шалғадйғаы ресурстары тығыз байланыста пайдаланылады.
Аудан тұрғындарының жыл сайын жаңартуға 230 мың теңге қаржы бөлінген құқықтық «Параграф» АЖ пайдалану мүмкіндігі бар.
Жылу беру өткен жылғы деңгейде қалды. Пештік жылу беру – 10 кітапханада, пеш – 5 кітапханада, автономды жылыту жүйесі – 20 кітапханда орнатылған. Есеп беру жылында 7 кітапханаға (Киевка кентінде ОАК, АБК, Жаңа-Құрылыс, Мыңбаев ат., Изенді, Пржеваль, Шахаман ауылдық кітапханаларына) 162 мың көмір бөлінеді. Коммуналдық қызметке 1 450,0 мың теңге бөлінеді. Оның ішінде көмір тасымалдауға 1 146,0 мың теңге бөлінсе, 326,0 мың теңге электроэнергиясы үшін төленеді.
Кітапхана қызметкерлерінң құрамы: 106 адам, оның ішінде мамандар – 56. Жоғары білімді 15, оның ішінде 8 адам арнаулы кітапханалық білімді. 24 адам орта кәсіби білімді, 4 адам мұғалімдік, басқа білімді – 13 адам.
Сонымен қатар, Нұра ОКЖ жаңа үлгідегі портативті компьютерлермен (планшеттер, ноутбк, неутбук, букридер - оқу құрылғыларымен) жабдықтау, бұрынғы компьютерлерді жаңартып отыру, Интернет ресурстарына қол жеткізуді WI FI технологиялары бойынша қамтамасыз ету, Интернетті ауылдық кітапханалары үшін қол жетімді ету мәселелері тұр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 ақпандағы №62 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №14/04 қаулысымен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған орай, аудан әкімдігінің отырысына Нұра ауданының тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарғы арналған іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылды.
Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылғы 13 наурызда ұлты қазақ жастары арасында орыс тілінен «Тіл – барлық білімнің кілті» атты олимпиадасы болып өтті. Бірінші орынды Алдаберген Мадина иеленді. 28 наурызда байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған жерлесіміз жүлделі 3 орынға ие болды.
Абай шығармашылығы арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында 11 сәуірде 16-21 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері арасында аудандық «Абай оқулары» байқауы өтті. Бірінші орынды және облыстық кезеңге жолдаманы Көбетей ауылынан келген Қасап Ирина иеленді.
25 сәуірде Қарағанды қаласында өткен үш тілді меңгерген 18-30 жас аралығындағы жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың атынан Щербаков ауылынан Жалмағанбетова Айдана қатысып, белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Мамыр айының 6 жұлдызында Отан қорңаушылар күніне орай 16-25 жас аралығындағы ер тұлғалы жігіттер арасында дәстүрлі аудандық «Жігіт Сұлтаны 2014» байқауы өтті. 2014 жылғы Жігіт Сұлтаны болып Мыңбаев ауылынан Инаят Бауыржан атанды.
16 мамырдағы мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері арасында дамыту мақсатында әр салада қызмет ететін өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – болашағым» облыстық байқауына ауданымыздан Безе Дина қатысып, белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды.
Облыс әкімінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы селекторлық кеңесте берілген тапсырмасын орындау мақсатында, Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №12/07 қаулысы бекітіліп, ауданда мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ашуға бюджеттен 1,461 мың теңге бөлінді. Оқыту сабақтары жұмыс күндері аптасына 5 рет, күніне 2 сағаттан өтеді. Оқыту мерзімі 3 ай. Мемлекеттік тілді 36 адамға, ағылшын тіліне 12 адам оқытылады. Бүгінгі таңда, қарапайым және базалық деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылуда.
2013 жылы мамыр айында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Ұлттық тестілеу орталығы бірлесе отырып, ауданның мемлекеттік қызметшілерінен «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жөніндегі бағалау сынағын алу жұмыстары ұйымдастырылып, 127 мемлекеттік қызметшіден сынақ алынды. Сынаққа қатысқан 127 адамның 4,7% қарапайым, 51,1% базалық, 24,4% орта, 19,6% ортадан жоғары деңгейде меңгергендігін көрсетті.
2014 жылы ауданның 58 мемлекеттік қызметшілерінен «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жөніндегі бағалау сынағын алу жоспарда.
Облыс әкімінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы селекторлық кеңесте берілген тапсырмасын орындау мақсатында, Нұра ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі №12/07 қаулысы бекітіліп, ауданда мемлекеттік қызметкерлерге арналған қазақ тілін оқыту курсы ашылды. Оқыту курстары 1 шілдеден бастап орталық кітапхана ғимаратының оқырмандар залында қызмет атқарады. Дүйсенбіден жұмаға дейін аптасына бес күн 2 сағаттан өткізіледі. Қазіргі таңда, 2 топқа бөлінген 28 мемлекеттік қызметкер қазақ тілінің орта деңгейінде оқып жатыр. Қазан айында 3-топ құру жоспарда.
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында ҚР Үкіметінің №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» бекітіліп, бүгінгі таңда толық күшіне енді. Қайта атау барысында бірінші кезекте егемендігімізге сай емес, моральдық тұрғыдан ескірген, кеңестік сипаттағы және мән-мағынасыз қойылған нысандар қаралуы тиіс. Қазіргі таңда ауданымызда 6 кент және ауыл атаулары, 98 көше атаулары және 6 мектеп атаулары қайта атауды қажет етеді. Атап айтқанда, Киров орта мектебін Абдолла Асылбеков атындағы орта мектебі, «Путь Ленин» орта мектебін «Байтуған» орта мектебі, Щербаков ауылын Қайнарлы ауылы деп қайта атау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық «Нұра» газетінің бетінде Киевка кентін Нұра кенті деп қайта атау туралы ұсыныстар жарық көрді. Қазіргі таңда «Путь Ленин» орта мектебі мен Киров орта мектебін қайта атау бойынша құжаттары дайындалып облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес Щербаков ауылы тұрғындарының бүкіл ауылдық жиыны өтіп, Щербаков ауылын Қайнар ауылы деп қайта атау бойынша ұсыныс бір ауыздан қолданды. Қазіргі таңда, басқада қажетті құжаттар дайындалуда.
2014 жылдың басынан бүгінгі күнде дейін тіл саясатын насихаттау мақсатында аудандық «Нұра» газетінің беттерінде 6 мақала жарық көрді.


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»