Аудан тарихы

Нұра ауданы - 1928 жылы қыркүйек айында құрылған
Жер аумағы – 46 418 мың шаршы метр
Тұрғыны – 25 282 мың
Нұра ауданы – Қарағанды облысының солтүстік – батысындағы ең байырғы бөліністердің бірі болып саналады.1923 – 1928 жылдары Ақмола уезінің Нұра болысы болып аталған. 1928 жылы Нұра және Сарыарқа болыстарының негізінде, орталығы Қарауыл-Төбе шатқалы болып, Нұра ауданы құрылды. Ауданның құрылуы 1928 жылғы қазақ байларын тәркілеуімен тұтас келді. XIX ғасырдың екінші жартысында патша өкіметі қазақ даласын емін – еркін жаппай отарлап алуға кірісіп, Ресейдің түкпір – түкпірінен отаршыларды қаптатып алып келіп, қазақ халқын өзінің туып-өскен ата-мекенінен қуып, қарашекпенділерін орналастырып жатты. Мұндай қиянат біздің Нұра бойында да өріс алды.
Бұдан кейін өкімет ілі – шала 1929 - 30 жылдары бүкіл елді ұжымдастырамыз деп, халықтың малын аша тұяқ қалдырмай тегіс жинап алды. Қолдарындағы күнелтіп отырған малдарынан айырылған бүкіл қазақ халқы 1932 – 1933 жылдары жаппай аштық қырғынына ұшырады. Аштық алапаты Нұра бойын мекендеген қазақтарды да қырғынға ұшыратты. 2 жыл ішінде Киевкада 126 отбасы тәркіленді. Сол аштық жылдары көшеде де, үйлердің ығында да, ішінде де өліп қалған адамдарды көр қазып қоюға тірілерінің мұршалары келмей ауыл шетіндегі кез келген терең – терең ұраларға апарып, бетін жауып тастай берген. Қазірде сондай орындарды, көп жерлерді шарбақпен қоршап, азалы, қаралы күндерді еске алып тұратын ескерткіштер қойылған.
Осындай қиын жылдары ауданның құрылуына көптеген қоғам қайраткерлері: Абдолла Асылбеков, Киевкада (бірінші колхоздың төрағасы Щербин Петр Игнатьевич), Ново – Карповка колхозында (төрағасы Иван Иванович Козодой), (хатшылық міндетті Ахмет Оспанов), Черниговкада (төрағасы Шевченко Павел Игнатьвич), Трудовик (төрағасы Пампуша Семен Ефимович ) Майоровка (төрағасы Вегнер А)., Куйбышев атындағы колхоз (төрағасы Покос Дмитрий) ат салысты.
1932 жылы 10- қаңтарда Нұра ауданы Қарағанды облысының құрамына енді. Орталығы – Казгородок селосы. 1934 жылдың тамыз айында аудан орталығы Киевка селосына көшірілді.
Нұра ауданы жайлы, ағартушылық саласы, әлеуметтік – экономикасы, мәдениетінің дамуы туралы тарихи деректер аз емес. 1931 жылы 33 – тей мектеп ашылып,онда 1952 оқушы білім алды. 1934 жылы Киевка селосында аурухана, Плахов, Черниговка, Казгородок ауылдарында фельдшерлік пунктер, бес пошта агенттігі, он диірмен жұмыс істеп тұрды. 16 ауылдық және селолық кеңестер құрылды.
Мұрағат құжаттары бойынша құрылған кезінен бастап аудан аумағы 1902 мың гектар болса, оның 380 мың гектары жер жыртылымы, 76 мың гектары шабындық, 1139 гектары жайылым болды.
«Қызыл қазақ» совхозы дербес бас көтеріп Жараспай ауыл шаруашылығы құрылды (директор Лысенко). 1934 жылы Жараспай селолық кеңесін алғаш рет әйел Жамал Көлбаева басқарса, ал Республикалық Жоғары Кеңесіне бірінші рет таңдалған әйел Жараспай ауылының тумасы Балайым Жүсіпбекова болды.
Нұра ауданында еңбек еткендердің бірі Кәрсенбай Ақбасов ұзақ жылдар колхоз құрылғанына белсене қатысқан. Қарағанды өлкетану мұражайында осы Кәркең жайлы арнайы жәдігер (экспонат) бар. Ол кісі бұрынғы Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелігіне Нұра ауданынан сайланды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Көп жыл «Парижская Коммуна» колхозында жауапты қызметтер атқарды. Есімі елге танымал қарттың құрметіне Киевкада бір көшенің аталуы да оған көрсетілген сый-сипат. Киевкада селолық кеңес төрағасы болып, 1933 – 1939 жылдары Кәрсенбай Ақбасов болды. Алғашқы қоныстанушылары Орталық Ресей, одан әрірек Украина жерінен жер іздеп, күйкі тіршілік мүддесімен келген шаруалар болғаны, осы Нұра және Құндызды өзендерінің кең қойнауында олар алғашқы шатырларын тіккенін қаз қалпында сақтайды.
Нұра ауданы 1937 – 1938 жылдары халық жаулары деген жаламен Нұрадан шыққан қоғам қайраткерлері Абдолла Асылбеков, Хамза Жүсіпбеков сияқты республикада қызметтер атқарып жүрген азаматтарға жала жауылып, ату жазасына кесілді.
1941 – 1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы» деп аталған қырғын соғыста мыңдаған адам қан майданда қаза тауып, көптеген үйлердің маздаған оттары біржолата сөніп қалады. Отанын қорғауға мыңдаған ауыл азаматтары аттанды. Нұра ауданынан 3 мыңға жуық адам, сондай – ақ 400-і Киевка азаматтары болды. Олардың 2487 – і КСРО орден, медалдарымен марапатталды. 1083 адам соғыста қаза тауып, көптеген адам мүгедек болып қалды.
Нұра топырағынан шыққан ағаларымыз Ұлы Отан соғысына қатысқан, ұрыста елдің айбыны, ұлы істе ұрпақ бағбаны болған ардагер азаматтар: Тапаев Хамит, Теміров Әшім, Ниязов Құлтас, Ермағанбетов Хамит, Жахин Елеукен, Аюпов Қуаныш, Лебедев Семен, Макаров Николай, Бондаренко Федор, Намысов Өмірқожа, Дюсенбин Сыздық, Иващенко Иван, Драчев Петр, Гайнутдинов Сергей, Руди Галина, Сүлейменов Мүташ, Омаров Әбдісалям, Иконников Игнат, Нұрғожин Сұлтан, Былқылов Қуаныш, Сағымбай Ысқақов және т.б.
Нұра топырағында із қалдырған ағалардың аты тарих бетінде мәңгі қалып, ғасырлар бойы жасап, ұрпақтан – ұрпаққа жетеді.
Тың және тыңайған жерді игеру халық шаруашылығының барлық саласында дамуда айтарлықтай жетістіктерді аңғарамыз. Бүгінгі Нұра ауданының әлеуметтік – экономикалық жағдайын сөз қылғанда тың игеру жылдарын айналып өту мүмкін емес. Тың игерушілер біздің облысымызда 1954 – 1955 жылдары Шахтер, Щербаковский, Донской, Киевский, Индустриальный, Пржевальский атындағы, Энтузиаст барлығы 16 тың совхозы ұйымдастырылыпты.Тың игеру жылдары Нұра ауданында мал басы еселеп өскен колхоз, совхоздарда бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе көп астық жинап, материалдық–техникалық базалары нығая түсті. Облыс диқандары Отан қоймасына мыңдаған астық жөнелтіп, тамаша еңбек жемісіне ие болады. Тыңайған жерлердің игеруі Нұра облысы көлемінде астықты аудандардың көш басшысына айналдырды. Өтпелі кезеңнің өкпені қысқан қиындықтары тың совхоздарын да айналып өтпеді. Олардың шаңырақтары шайқалды, уықтары сықырлады. Бірақ, керегелері құлаған жоқ. Естерін тез жинап, нарықтық қатынас заңдарына шапшаң бейімделді.
Халықтың есінде мәңгі ерліктері үшін 1962 жылы қаза болған Москвалық Владимир Котешков және Молдавиядан келген Николай Грибов, нан үшін жандарын қиған тың игерушілерге «Отты тракторшыларға» обелиск қойылған. Нұра ауданы тың игеру шаруашылықтар қазір аудан, облыс экономикасын өркендетуге лайықты үлес қосуда. Алғашқы тың игерушілердің бүгінгі ұрпақтары болса егемен Қазақстанның жарқын келешегі жолында Елбасымыз Н. Назарбаевтың алға ұсынған тапсырмаларын орындау бағытында еселі еңбек етуде.
Нұра жерінен қоғам қайраткерлері, заңгерлер, ақын-жазушылар, үлгілі ұстаздар, еңбек ардагерлері, экономистер шыққан. Олар Нұра ауданында ғана емес Республика бойынша еңбекқорлығымен облыс құрметіне бөленуде.
Осындай дархан жандар Нұра ауданының өңірінде туып–өсіп, өз өлеңдерімен қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосты десе өтірік болмас. Олар туған жер табиғатын, оның өткен–кеткенін, халықтар достығын, махаббатты жер етеді. Осындай ардақтыларымыз, атақты жерлестеріміз, белгілі ақын – жазушылар: Қайып Айнабеков, Қабыкен Мұқышев, Сәйділ Талжанов, Қанат Жойқынбеков, Бүркіт Ысқақов, Жолдекей Нұрмағанбетов, Махмет Теміров, Виталий Туляков, Абдолла Асылбеков, әрі журналистер: Дәулетбек Әкімбеков, Қыздарбек Әкімбеков және т.б.
Нұрлы Нұрадан шыққан Социалистік еңбек ардагерлері: Нүркен Айтуғанов, Александр Бондар, Дәулет Төлебаев, Николай Кузнецов, Рахметолла Ордабаев, Яков Мофа, Ғалия Жұмашева, Александр Применко, Александр Христенко. Жемісті еңбек сіңірген Республика атағына ие болған мұғалімдер: Усабаева Нұрғайша Жағанқызы, Шкенова Раушан Шкенқызы.
Өз алдына жеке аудан болып құрылған 85 жылдың ішінде Нұрадан талай тамаша адамдар шықты. Олардың ішінен ерекше айтатынымыз бұрынғы Кеңес Одағының кезінде ВАСХНИЛ–дің академигі атағын алған, биология саласында қазақтың тұңғыш ғылым докторы Кәрім Мыңбаев. 100 жылдық мерейтойы оның туған жері біздің Нұра ауданында ерекше аталып, аудан орталығында оған ескерткіш орнатылды.
Біздің Нұрадан шығып, бүкіл республикаға белгілі болып отырған ағалы – інілі Болат пен Оралбай ұлдарын зор мақтанышпен атаймыз. Оралбай Әддікәрімұлы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет қайраткері, Президент аппаратында талай жауапты қызметтер атқарды. Мемлекет басшысы да болды. Ерлі–зайыпты Болат пен Тазагүл екеуі де ғылым докторлары. Мұндай бір отбасынан екі бірдей ғылым докторларының шығуы кісі сүйсінерліктей де, кісі таңғаралықтай сирек кездесетін жағдай.
Қызыл империяның күйреп, Қазақстанның өз алдына дербес мемлекет болуы халқымызды жарылқап, Құдайдың берген тамаша сыйлығы. Кеңес дәуірінде өзіміздің тілімізден де, дінімізден де, әдет–ғұрып, дәстүрімізден де біржолата айырылып қала жаздаған біздер қайта қанаттана бастадық.
Бүгінгі күнде Нұра ауданы облысымызда ғана емес, сондай-ақ Орталық Қазақстан бойынша ірі аудандардың бірі болып саналады.Теңіз аймағымен қоса 5 млн гектар жерді алып жатқан ауданда 25000 мың адам тұрады. 2007 жылы көп халықты қуанышқа бөлеп, нұрлы Нұраның орталығында ашылған жаңа мешітке көп жерлерден қонақтар келіп, жергілікті халық көп жиылып, мешіттің ашылуы өте салтанатты өтті.
Аудан орталығында Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіш орнатылды.
Ауданда ҚР Президентінің «Қазақстан- 2050» стратегиясын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту - 2020», «Ақ бұлақ», «Бизнес жол картасы - 2020», «Саламатты Қазақстан», «Балапан»,2011-2015 жылдарға арналған Нұра ауданын дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар атқарылуда.
«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасының белсенді түрде жүзеге асырылуы, ауданда мал шаруашылығының дамуына мықты серпіліс берді.
2013 жылдың 1 қаңтардың санағы бойынша ауданда асыл тұқымды өгіздер саны 205-тей болды. Сонымен қатар аудан «КазМит» ЖШС лизингі бойынша 30 млн. тенгеге 70 асыл тұқымды өгіздер иемденді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша асыл тұқымды малды көбейту, жалпы шаруа қожалығында «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруда Нұра ауданы облыс бойынша 1-ші орында болса, ал республика бойынша 6 орында. Электр станциялар мен ірі пештерге арналған, сондай-ақ әр түрлі сортты көмір өнімдерін өндіретін, жоғары технологиялы «Шұбаркөл көмір» АҚ кәсіпорны ауданымыздың мақтанышы болып табылады. Көмір Ресей, Болгария, Қырғызстан, Польша, Түркия елдеріне экспортталады.
Жылына 300 мың тонна өнім шығаратын еншілес кәсіпорны «Сарыарқа Спецкокс» ЖШС зауыты «Шұбаркөлкөмір» АҚ – ның жаңашыл жобаларының бірі болып табылады.
Нұра – астық орталығы. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жан – жақты дамып, әсіресе бидай өсіру мәселесіне көп көңіл бөлінуде.Соңғы 30 жыл ішінде ең жоғары астық өнімі 1979 жылы 14,3 гектар болса ,ең төмен көрсеткіш 1965 жылы болған. Ауданда ірі ауыл нысандарының сақталуы, бүгін мен ертенгі күніміздің жарқын болатынана кепіл. Шаруа қожалықтары бидай, ет, сүт өндіреді. Ауданда мәдени-ағарту орталықтары, аурухана, орта және бастуыш сынып мектептері бар.
Нұра ауданы жылдан – жылға көркейіп келеді. Этномәдени байланысты сақтау, халық, ұлт өкілдерінің арасында достық қарым –қатынастың сақталуы біздің ата - бабаларымыздың баға жетпес еңбегі. Біздің күшіміз - бірлікте! Оған ауданымыздың 85 жыл тарихы дәлел бола алады. Өткенімізді қастерлеп, бүгінгі болмыс – тіршілігімізді шыңдай білу – биік парызымыз.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 356.54
Евро 419.43
Рубль 5.42
В Нуринске сейчас: 19°C ашық
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 724
  • Жел: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»