Нұра ауданында бейбiт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы 44 сессиясының № 458 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 3730 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Нұра ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 348 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-14-54 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамыздағы "Нұра" № 32 (5010) газетінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Б.Шайжанов
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушысы Қ. Жүнісбеков


Нұра аудандық мәслихатының
2016 жылғы "18" ақпандағы
№ 458 шешімімен
бекітілген
Нұра ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар:
Киевка кенті: С. Сейфуллин көшесіндегі К.Мыңбаевтың ескерткіш мүсіні орналасқан алаңы;
Киевка кенті: П. Резник және Пушкин көшелерінің қиылысындағы "Шағын сквері".
3. Шерулер мен и демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
Киевка кенті: Тәуелсіздік көшесінен басталады Қонаев көшесіне дейін.
4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
8) алколгольдік немесе есірткімен масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға,қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққашақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға(визуалды, аудио/видео),сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
8. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша сөздер айтуға жол беріледі.
9. Пикетті өзге түрде жалғастыру үшін (митинг/жиналыс/шеру) ауданның жергілікті атқарушы органының белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданныңжергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
11. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.04
Евро 420.99
Рубль 5.58
В Нуринске сейчас: -11°C облачно
  • Дымқылдылық: 90%
  • Қысым: 722
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»