Аудан әкімі Аян Шалмағанбетов Қарой ауылының тұрғыны, телешебер Дос Төлегеновтің шаңырағыңа барып, жанұясын ұлы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында телешебердің өнерлі ұлы Нұрасыл Несіпбаймен танысып, оған заманауи планшетті сыйға тартты.

Кездесу барысында телешебердің өнерлі ұлы Нұрасыл Несіпбаймен танысып, оған заманауи планшетті сыйға тартты.
     

Әңгіме барысында әкесі өзінің жолын қуып келе жатқан 12 жастағы баласының жетістіктерімен бөлісті. Оны мақтан ететіндігін айтты.
     

Нұрасыл 6-сынып оқушысы. Бос уақытында әкесіне қол ұшын беріп, тұрмыстық техникаларды жөндеуге қолғабыс етіп жүр. Өзіне кішкентай кезінен бастап телешеберлікпен айналысқан ұнайды. Қызығушылығы 6 жасынан бастап арта түскен.
     

Нұрасылдың әкесі Дос Төлегенов тағдыр тәлкегіне тап болып, туа біткен сырқатына байланысты мүгедектер қоларбасына таңылған. Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Соған қарамастан 20 жылдан астам техникаларды жөндеп, тұрғындардың ықыласына бөленуде.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 380.84
Евро 419.50
Рубль 6.05
В Нуринске сейчас: -16°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 83%
  • Қысым: 725
  • Жел: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»