25 қараша күні жұмыс сапарымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Н.Нүкенов жұмыс сапарымен Нұра ауданына келді

Аудан әкімі Аян Шалмағанбетов Абзал Нүкеновті алдымен «Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында 41 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, оқушылар игілігіне қызмет атқарып келе жатқан аудандық өнер мектебінің жұмысымен таныстырды

Аудан әкімі Аян Шалмағанбетов Абзал Нүкеновті алдымен «Ауыл –Ел бесігі» жобасы аясында 41 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, оқушылар игілігіне қызмет атқарып келе жатқан аудандық өнер мектебінің жұмысымен таныстырды. 165 бала білім алатын бұл өнер ордасының іші-сыртына түгелдей жөндеу жұмысы жүргізілген. Мектеп қабырғасында өтетін сегіз үйірменің тақырыбына сай бөлмелері жабдықталған. Сонымен қатар аудан орталығының Мәдениет үйінде, Орталықтандырылған кітапханасында болды. Бүгінгі таңда атқарылып жатқан идеалогиялық маңызды іс-шаралар легімен танысып, аталмыш мекемелердің жұмыс барысын пысықтады. Аудан орталығындағы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы негізінде ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан аудан орталығынның «Тәуелсіздік» саябағы мен ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған аудандық «Нұра» стадионында болды. Бұл жерде бағдарлама негізінде стадион ғимаратының қасбеті, футбол алаңы мен жүгіруге арналған резинадан жасалған тартан жолы жаңадан орнатылған. Аудан орталығының көп салалы колледжінде болып, ауылшаруашылығы саласы мен аспаздық және тігінші мамандықтары бойынша білім беретін мекеме жұмысымен танысты. Колледж студентерінің дәнекерлеуден, тігіншілердің киім-кешек пішу мен ас әзірлеу сәтінің куәсі болып, мамандықтары бойыша пікір алмасты. Колледж жатаханасында болып, студенттерге жасалған жатахана жағдайымен танысты. Нұра ауданының тірек ауылдарының бірі Шахтер ауылында «Шахтерское» серіктестігінің ауылдың әлеуметтік саласын нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Бұл ауылда «Нұра» бассейіні мен бірлесе қаржыландыру арқылы салынған «Шахтер» денешынықтыру – сауықтыру спорт кешенінің жұмысымен танысып, күрделу жөндеу жұмыстарына сұранып тұрған ауыл мектебінің бүгінгі жай-күйін көрді. Ұстаздар қауымы мен мектеп оқушыларымен жүздесті. Ауылдың әлеуміттік саласына зор үлес қосып келе жатқан аталмыш серіктестіктің өткен жылы ауыл әкімдігіне арнап, заманауи үлгіде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сыйға тартқан ғимаратта болды.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 411.66
Евро 465.92
Рубль 5.81
В Нуринске сейчас: 26°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 716
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»