Түлектерден тамаша тарту.

Баршын ауылдық мектебінің биылғы соңғы қоңырауы өзге жылдарға қарағанда ерекше атап өтілді

Баршын ауылдық мектебінің биылғы соңғы қоңырауы өзге жылдарға қарағанда ерекше атап өтілді. Білім ордасынан 3, 15, 20, 30 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер алтын ұясына естен кетпес көңіл-күй сыйлады. Тарыдай боп кірген сол кездегі мектеп оқушылары бүгінде таудай болып, туған жерлеріне деген махаббатын, бойларына білім нәрін дарытқан алтын ұяларына ришалығын сөзбен ғана емес, іспен де жеткізді. Аталмыш мектепті 2004 жылы бітірген түлектер білім ордасына балалар ойын алаңын сыйға тартса, 1999 жылғы түлектер арнайы 20 жылдыққа арналған эмблема жасап, мектепке тренажерлар, ауруханаға теледидар беріп, ауыл азаматтары арасында кіші футболдан турнир, тай жарысын ұйымдастырды. Тартысты сайыстарда қаржылай және бағалы сыйлықтар ойнатылып, жеңімпаздары мен жүлдегерлері олжалы болып қайтты. Ал, 1989 жылғы түлектер болса, мектеп формасын қайта киіп, ақ бантик тағып, мойындарына пионерлердің алқызыл галстугін байлап, бір сәтке болсын мектеп қабырғасында өткен балалық шақтарына саяхат жасады. Бұл түлектер білім ошағынан 30 жыл бұрын түлеп ұшқандар. Алтын ұяның шәкірттері мектеп мұражайына конференц-үстелін, 12 орындық, кілем, проектор сыйлап, ауыл тойханасында ауызашар берді. Сыңғырлаған соңғы қоңырауда Баршын жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері ауыл әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталып, ұстаздардың ризашылығына ие болды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында кіші Отанға, кіндік қаны тамған өлкесіне құрмет көрсету әр азаматтың бойында болу керектігі айтылған. Оның ішінде «Туған жер» бағдарламасына айрықша зер салынды. Нұра ауданының жомарт жандары да бұл бағыттар аясында өздерінің тараптарынан демеушілік көрсетіп, көмек қолдарын созуда. Мысалы, 2018 жылы аудан азаматтары өз есебінен 60 млн. теңгеге жуық демеушілік көрсетсе, биылдың өзінде 37 млн. теңгеге шамалас жәрдемдескен. Яғни, елді мекендерде спорт алаңдары, мамандарға арналған тұрғын үй, даңқ ескерткіші, асхана секілді нысандар халық игілігіне тарту етілді. Осының барлығы - туған жер алтын бесік мекені екендігінің, оның әрбір арайлап атқан таңы ыстық болатындығының көрсеткіші


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 389.94
Евро 433.50
Рубль 6.10
В Нуринске сейчас: 4°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 46%
  • Қысым: 721
  • Жел: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»