1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Ғажайыптар елінде» мерекелік шарасы аудан орталығынан, елді мекендерден келген жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары мен балалар спорт мектебінің НОМАД ММА чемпиондары бастаған шерумен бастау алды

1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Ғажайыптар елінде» мерекелік шарасы аудан орталығынан, елді мекендерден келген жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары мен балалар спорт мектебінің НОМАД ММА чемпиондары бастаған шерумен бастау алды. Онда аудандық, облыстық, республикалық дәрежеде жүлделі орын алған ауданның мақтаныштарының есімдері аталынып, әр білім ордасының жарқын жетістіктеріне тоқталды. Аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров бүлдіршіндерді осындай қуанышты да шуақты меремекен құттықтап, жолы ашық, ойлаған армандары айқын болуларына тілек етті. 
Шарада күнді ұрлаған зұлым Саруманға қарсы тұрған ертегі әлемінің кейіпкерлері Фиксики, Джек Воробей, Гиббс, Барбосса өздерімен бірге балаларды ертегі еліне алып барды. Мәре-сәре болған бүлдіршіндер ойын-сауықтық бағдарламасында ойындарға қатысып, ертегі және анимациялық кейіпкерлермен бірге би биледі. Сонымен қатар, мерекелік шарада ұлттық және спорттық ойындар өткізіліп, сыйлықтар берілді. Саябаққа келген бүлдіршіндер үшін тегін балмұздақтар таратылды.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 389.94
Евро 433.50
Рубль 6.10
В Нуринске сейчас: 4°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 46%
  • Қысым: 721
  • Жел: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»