9 мамыр күні Жараспай ауылында салтанатты түрде жеке кәсіпкер Қимұрат Мазет дәріхана ашты.

Жас кәсіпкер осы мақсатта "Жергілікті дамуды инклюзивті жоспарлау" жобасы аясында 2 күндік оқудан өтіп, Қарағанды облыстық экологиялық "Экоцентр" орталығынан 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алған еді. 

Оған Еуропалық Одақ, "Арго" Азаматтық қоғам қауымдастығы мен "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы" қаржылық қолдау көрсетті. Алынған қаражатқа Қимұрат Мәзет дәрі-дәрмектер мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай ашылған дәріхананың салтанатты шарасында Нұра әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров пен Жараспай серіктестігінің директоры, "Парасат", "Құрмет" ордендердің иегері Сейілхан Қоңырбаев жиналған қауымды құттықтап, дәріхананың ашылу рәсімін жасау үшін қызыл лентаны кесті.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 386.05
Евро 428.25
Рубль 5.84
В Нуринске сейчас: 17°C малооблачно
  • Дымқылдылық: 57%
  • Қысым: 712
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»