Нұра ауданына өңірлерге жұмыс сапарымен шығып, жергілікті жерде xалықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы мен Пшембаев Мейрам Құдайбергенұлы келді.

Халық қалаулылары Аудан әкімі Е.Байкенмен алдымен ауданға қарасты Кертінді ауылында болды.

Бұл жерде мектеп ұстаздарымен кездесіп, мектеп мұражайында, Елбасының бағдарламаларының жергілікті жерде іске асу барысымен танысты, сұрақ-жауап түрінде өткен кездесу барысында ұстаздар қауымы ризашылық білдіріп, елімізде жүргізіліп жатқан барлық іргелі істермен таныстығын танытты. Тура осындай кездесу Ахмет ауылында да болды. Аудан орталығы Нұра кентінде №3 мектепте болды. Екі тілде білім беретін бұл білім ордасында депутаттар ІТ кластың техникалық жабдықталуын көріп, инновациялық білім беру, робототехника заманауи қажеттілік екенін де атап өтті. Сондай-ақ мектеп жанындағы 60 орындық интернаттың жағдайымен танысты. Ал, Халыққа қызмет көрсету орталығында болып мекеменің қызмет көрсету барысымен танысты. Сонымен қатар аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесу өткізді.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 379.36
Евро 424.47
Рубль 5.88
В Нуринске сейчас: 18°C ашық
  • Дымқылдылық: 22%
  • Қысым: 723
  • Жел: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»