Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен дүниеге келген «Балапан» бағдарламасы аясында елімізде көптеген игілікті іс-шаралар атқарылып жатқаны баршамызға аян

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен дүниеге келген «Балапан» бағдарламасы аясында елімізде көптеген игілікті іс-шаралар атқарылып жатқаны баршамызға аян. Жаңа жыл қарсаңында Ақмешіт ауылының С.О. Талжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі жанынан  «Балдырған» атты бүлдіршіндер толық күнге баратын шағын орталық ашылды. Салтанатты ашылуына аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Х. Мустафин, ауыл әкімшілігінің маманы Ж.М. Байбейлов, мектеп директоры Г.А. Сулейменова, ауыл имамы К.Ы.Сарсембеков және ауыл тұрғындары мен  ата-аналар келіп, қуанышты сәттің куәгерлері болды. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.Х.Мустафин және ауыл әкімшілігінің маманы Ж.М.Байбейлов  шағын орталықтың лентасын қиып, жылы лебіздерін білдіріп, атаулы мерекемен құттықтады. Шашу шашылып, шағын орталықтың есігі айқара ашылды. Жаңа үлгідегі жиһаздармен жабдықталған бөлмелер келер ұрпақтың сапалы білім алуына зор ықпалын тигізері анық.

 

Мереке барысында сиқыршы ханшайым келіп, бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Бүлдіршіндер сиқыршы ханшайыммен бірге би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп директоры Г.А. Сулейменова ата-аналардың көптен күткен қуанышымен ортақтасып, бүлдіршіндерді алғашқы қадамдарымен құттықтап,  Елбасы Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында, ал сәбидің негізі шағын орталықта, балабақша іргетасында қаланатынын әр Жолдауында қадап айтатынын тілге тиек етті.

 

— Ел қамын ойлаған көрегенді Елбасы «Балапан» бағдарламасын ұсынғанын білесіздер, енді, ауылымыздың кішкентай бүлдіршіндері шағын орталыққа бару бақытына  ие болды, өйткені ол мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы, —  деді. Ауылымыздың  имамы К.Ы.Сарсембеков  бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеп, өзінің жүрекжарды бата-тілегін білдірді.

 

Аталмыш мектепте жастар мен балалардың болашағына көптеп көңіл бөлінеді. Келешекте дәл осы шағын орталық тәрбиеленушілері еліміздің патриоты болатынына сенімдіміз. Ауылымыздағы шағын орталықтың ашылуы ата-аналар мен бүлдіршіндердің көптен күткен қуанышы еді. Бүлдіршіндердің базарлы ошағына бақытты ғұмыр, сапалы білім, сыңғырлаған күміс күлкі тілейміз.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 378.83
Евро 430.99
Рубль 6.04
В Нуринске сейчас: 32°C ашық
  • Дымқылдылық: 31%
  • Қысым: 710
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»