Жарқыра, Жаңа жыл!

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Нұра кентінің аудандық мәдениет үйінде  «Жарқыра, Қазақстан -  жарқыра, туған жер!» атты тақырыппен Нұра ауданы әкімінің жетім, көп балалы,  аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған  жаңажылдық жасыл шырша тойы өткізілді. Нұра ауданы білім беретін мектептерінен жалпы саны 100 бала шат-шадыман мерекеге бөленді. Аудан әкімі шыршасының кішкентай қонақтарын аңғал Қожанасыр, момын торай, игілік нышаны ит, қу түлкі мен мыстан кемпір сияқты танымал ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Жай қарсы алып қана қоймай, билерімен баурап, әндерімен әрледі.  Шуаққа бөленген жеткіншектерді Нұра ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы  шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

- Құрметті бүлдіршіндер, сендер тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан бақытты баласыңдар. Оқу мен білім алуға бар мүмкіндіктеріңді салып, Қазақстанның адал азаматы болуға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, бағалай білуге ұмтылып келе жатқандарыңды білеміз. Сондықтан әр ізгі бастамаларға әрқашан қолдау көрсетеміз. Өздерің - еліміздің ертеңісіңдер. Ең бастысы, жақсы оқып, зейінді болып, үлкендерді құрметтей біліңдер. Бұл мереке сендер үшін ұйымдастырылып отыр. Жаңа жылда аяулы армандарың орындалсын, сендерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!  Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! 2019 жыл сендерге мол қуаныш, жақсы жаңалықтар алып келсін! – деді.

  Көркем безендірілген шырша тойына аудандық білім беру бөлімінің мамандары мен ұстаздары аянбай тер төккені көрініп-ақ тұрды. Шырша тойына орай әкімшілік тарапынан ұялы телефон мен қыстық киімдер сыйлық ретінде табысталды,  Мешітбай Қайыржанұлымен естелікке суретке түсті.

   Шаттыққа бөленген балаларға  «Береке» мейрамханасынан арнайы мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Аязды күнгі қуаныш жан жүректерін жылытқан бүлдіршіндердің жанарлары  ризашылықтарын жасыра алмады. Жарқыра, Жаңа жыл!

 

 

Нұрыш Нақыпова


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 377.85
Евро 432.00
Рубль 5.63
В Нуринске сейчас: -5°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 86%
  • Қысым: 717
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»