12 қазан күні Нұра ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мешітбай Жұмановтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша аудан активінің жиыны өтті.

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналғанын атап өткен М.Жұманов Жолдау аясында аудан бойынша атқарылар істерге егжей-тегжей тоқталды.

Жолдауда көрсетілген алты бағыттың әр саласы бойынша атқарылар істер аясында нақты тапсырмаларды жауапты сала мамандарына жүктеді.

Сонымен қатар актив  барысында жиынға қатысушылар Президент Жолдауының мақсаттары мен міндеттерін пысықтап, оларды жүзеге асыру бойынша өз ойларын ортаға салды.   Сөз алушылар қатарында «Шахтер» серіктестігі директорының орынбасары Виталий Прокоп Жолдауда көрсетілген талаптарға сай егістік алқаптарында қолданылып жүрген жаңа технологияның мүмкіншіліктерімен бөлісті. Киевка №2 ЖОББ қазақ мектебінің физика пәнінің ұстазы, жас маман Елтай Жанарыс Елбасының ұстаздарға көрсетіп отырған қолдауын нақты дәлелдермен көрсетті. Соның бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапатын тілге тиек етті. Аудан бойынша бүгінде шағын бизнестің ахуалы мықты. Оған жыл артқан сайын осы салаға елеулі үлес қосушылар қатарының қалыңдағанынан аңғаруға болады. Бұл тұрғыда сөз алған кәсіпкер Греф Виктория Жолдаудың осы сала майталмандарына берер қолдауын атап өтті. Келер жылды «Жастар жылы» деп атаған Елбасының бастамасына зор ықыласын білдіре, ауданның жастары атынан Айбек Исабеков ашыла сөйледі.

Сөз соңында Мешітбай Жұманов Елбасы Жолдауына қатысты жан-жақты ұсыныс-пікір білдірген азаматтарға алғысын білдіріп, Жолдауды аудан тұрғындарына жеткізу мақсатында құрылған түсіндіру тобының жұмысын пысықтады.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 386.05
Евро 428.25
Рубль 5.84
В Нуринске сейчас: 17°C малооблачно
  • Дымқылдылық: 57%
  • Қысым: 712
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»