Біз тегіміз – түрік, дініміз — ислам екенін ұмытпауымыз керек» Н. Ә. Назарбаев

Кеше Нұра кенті аудандық мәдениет үйінде  Қадір түнінен кейінгі ең құнды, Ислам дініне тиеселі  мейрамның бірегейі  Мәуліт мерекесі тойланды. Мәуліт араб тілінен аударғанда туылған күн деген мағына береді. Мәуліт күнін атап өтудің басты мақсаты күллі адамзаттың асыл тәжі саналатын Мұхаммед пайғамбарды біз, яғни үмбеттері ескеріп Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтып, құран бағыштап ізгі амал жасағанымыз абзал.  Тәлім мен тәрбиеге толы рухани бас қосуға Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қарағанды облысы бойынша өкілі Әнет баба мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен Шахтинск қаласы мешітінің наиб имамы Есенбек Байболсынов  арнайы келді. Сондай-ақ, алыс-жақын ауылдардан келген имамдар мен қалың көпшілік қатысты.

Мереке мәдениет үйі қызметкерлерінің адами қасиет пен ізгілікке негізделген «Әкеме айтып қоймаңызшы» қойылымымен басталды.Туған анасынан айырылып өгей шешесін өз шешесіндей қабылдауға мәжбүр болған  қыз бала жан азабын әкесінің көңілінің садақасы етті. Өлім атты анасынан айырған қасіретке кейінгі шешесінің жазығы жоқ екенін мойындаған баланың  көңілі мен  жалтақ әрекеті көрермендердің көзіне еріксіз жас ұялатты. Өз ролін шебер сомдаған  Даптар Жансезім  ізгіліктің  адам өмірінде басты қасиет екенін таныта алды.

Шахтинск қаласы мешітінің наиб имамы Есенбек Байболсынов  Мұхаммед пайғамбарымызға және дүниеден өткен күллі мұсылмандар рухына арнап құран бағыштады. Нұра ауданының мәслихат хатшысы Төлеген Хамзеұлы мерекеге жиналған қалың көпшілікті мейрамдарымен құттықтап Мәуліт мерекесінің зайырлы қоғамдағыдәстүрге айналған ерекше мереке екеніне тоқталды. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміздің барлық аймақтарында бұл мерекенің тойлануы үрдіске айналғаны айтылды.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Қарағанды облысы бойынша өкілі Әнет баба мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы уағыз айтты. Мәулітке жиналған барша имамдардың қосылуымен найб имамЕсенбек Байболсынов  мәуліт оқыды. Ата бабамыздан мұра болып қалған құнды дүниелерімен қауышқан жастар рухани азық алды. Кеш соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің «Өлшеулі өмір», «Зікір Алла» әні мен Ахметов Адияттың «Сәби бақыты» әніне  ұласты.

Иә, біздің ауданымызда Мәуліт күні мерекеге ұласып жұрт арасында насихатталып келе жатқанына да оншақты жыл болды. Әр жылы әр түрлі тойланып келе жатқан мейрам биылғы жылы жоғарғы деңгейде тойланды. Алдын ала тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Барлығы  отыз екі жасөспірім қатысып, он сегіз жеңімпазға сый-сияпат берілді.Қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып жүз отыз екі мың теңгеге көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешекпен көмек көрсетілді.

Нұра ауданы орталық мешітінің бас имамы Құмар Қоныскерей зал толы көпшіліктің басым бөлігі жастар екендігін, сондай-ақ, демеушілік көрсеткенА.Есмағанбетова, А.Мусин, А.Исабеков, Д.Бекмағанбетов, А.Шомбин, М.Айдарханов, С.Мамыртаев, И.Кудебеков,Б.Мұқаналиев, Ш.Балташева, Б.Маденова, Н.Аубакиров, А.Шахарбаев, Қарагөз Шәріпқызы мен Дауытовтар отбасына шексіз алғысын айтып, ризашылығын жасыра алмады.Пайғамбардың үмбетімін дейтін әрбір мұсылман баласы үшін аса маңызды шара соңы түскі асқа ұласты. Шарапаты мол мейрамға жиналған жамағат мамыражай көңіл-күймен тарқасты.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 377.11
Евро 424.21
Рубль 5.91
В Нуринске сейчас: 12°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 34%
  • Қысым: 716
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»