Таяуда Нұра кентінің басты көшелерінің бірі Айнабеков көшесінің бойында «Family Fitness» жаттығу залы ашылды.

Жаттығу залында адам денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған, заманауи талаптарға сай. 

Зал штангалар, гантелдер, турниктер, көлденең жолақтар, барлар, кардиотренажерлар, жүгіру жолы, веложаттығу, элипсойд, тораптар, фитнес жабдықтарымен қамтылған. Онда келушілерге залдың нұсқаушысы  маман Бахытжан Оспанов қызмет көрсетеді.

— Бұл залды отбасымызбен ашып отырмыз. Атауы да соған лайық. Біздің жұмыс күніміз жексенбіден басқа күннің барлығы, яғни, алты күн  күнделікті сағат оннан кешкі онға дейін келушілерді қабылдаймыз. Әрине, бұл меншікті болғандықтан ақылы. Нұсқаушымен бірге дайындалуға, нұсқаушысыз дайындалуға да болады. Келушінің қалауы біледі. Нұра кентінің тұрғындры, оның ішінде мемлекеттік қызметкерер, отбасымен бірге  салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар біздің жаттығу залының үздіксіз келушілері. Жаттығу залын өз қаражатымызға аштық. Дегенмен бүгінгі күнде мемлекет тарапынан  бағдарлама аясында жаттығу залын кеңейтіп, толықтырып алсақ па деп отырмыз. Уақыт көрсетеді. Бұл біздің алдағы жоспарымыз.Келем деушілерге есігіміз әрқашан ашық, сізді«Family Fitness» жаттығу залында күтеміз, — дейді  Бахытжан Кабдуахитұлы.

Аз ғана уақыт ішінде «Family Fitness» залына келушілер саны күннен-күнге артып келеді. Сіздің де сол залда дайындалып, салауатты өмір салтын ұстануыңызға толық негіз бар.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 378.83
Евро 430.99
Рубль 6.04
В Нуринске сейчас: 32°C ашық
  • Дымқылдылық: 31%
  • Қысым: 710
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»