Елбасы жыл сайынғы Жолдауында ел ертеңі жастарға ерекше сенім артады. Бұл жолы да ол өз сөзінде: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс», — деген болатын

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында ел ертеңі жастарға ерекше сенім артады. Бұл жолы да ол өз сөзінде: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс», — деген болатын.  Сол себепті бүгінде жастар — таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны болып тұр. Нұра ауданының өскелең ұрпағы да өзінің белсенділігін көрсетіп жатыр. Дәлел ретінде, жас әрі талантты азаматтарды шыңдау үшін Нұра көпсалалалы колледжінде жастарға арналған VI форум өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – жастардың басын біріктіріп, оларға қолдау көрсету. Әсіресе, шалғайда орналасқан өскелең ұрпаққа көмек қолын созу болып табылады. Алтыншы рет өтіп жатқан форумға Нұра ауданы әкімінің орынбасары Мұратбек Тұраров  қатысып, өзінің құттықтау сөзінде еліміздің жарқын болашағы білгір жастардың қолында екендігін атап өтті. Аудан бойынша кәсіпкерлікті дамытып, жастарды бизнеске ынталандыру мақсатында форум аясында алғаш рет «Бизнес және жастар» атты семинар-тренинг өтті.

Аталмыш форумда ұйымдастырушылар жастар үшін мазмұнды бағдарлама әзірлеп, Нұра ауданы жастарының форумына байланысты  «Дарыныңды паш ет!» атты дәстүрлі шығармашылық байқауының қорытындысы анықталды.

Бұл сайыста 14-29 жас аралығындағы жастар өз бақтарын сынады.  Форум аясында үміткерлердің жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Онда ұлттық нақышта тігілген ою-өрнекті көрпелерден бастап, металлдан жасалған әр түрлі пішіндерді, оригамидан істелінген заттарды көруге болады. Ағаштан жасалған бұйымдар мен маймен салынған суреттер, тіпті, көздің жауын алады. Бірінен асқан һас шеберлердің жұмыстарын арнайы комиссия тексерген болатын.

Комиссия шешімімен Думан Ғазизұлы  мен Гүлсая Сайранқызы ІІІ орынмен марапатталып, аудан әкімінің грантын 40 мың тенге көлемінде жеңіп алды. Ал, ІІ орынға  Аян Ғизатұлы мен Борис Алексеевич ие болып,  60 мың тенге көлеміндегі аудан әкімінің грантын ұтып алды. Бас жүлдені, ең жас қатысушы Жанель Жасұланқызына 100 мың тенге көлемінде сертификат табысталды. Жалпы, биыл, аудан бойынша жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 6 млн тенге бөлінді. Конкурс нәтижесі бойынша 10 жас грантқа ие болды.

Шараға жан-жақтан жиналған 200-ге тамам жас қатысты. Жаза кетейік, жастар форумын алғаш рет 2013 жылы бастау алған болатын. Осы күнге дейін бұл дәстүрлі мереке өз жалғасын тауып келеді. Форумда белсенділік танытып жүрген жастарға алғыс хаттар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді. Мерекелік шара шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 377.85
Евро 432.00
Рубль 5.63
В Нуринске сейчас: -5°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 86%
  • Қысым: 717
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»