«Таза ауыл - таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды

Ауданымыздың 90 жылдығына арналған «90 игі іс» акциясы жалғасып жатыр. 

Нұра кентінде «Таза ауыл –таза жағалау» экологиялық шарасы ұйымдастырылып, Құндызды өзенінің жағалауы қалдық-қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына мемлекеттік және жеке меншік нысандағы кәсіпорындардың жұмысшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері атсалысты. 
- Жағалауда қоқыстың көп болуы – тұрғындардың қоршаған ортаға деген немқұрайлығы. Сондықтан біз осы акция арқылы жұртшылықты тазалық сақтауға шақырамыз, - дейді шараға қатысқан еріктілер. 
Жағажайда демалғанды бәрі жақсы көреді. Бірақ көбіне осы жағажайды лас деп сынға алып жатады. Адамдар оны ескермей, жағажайды бүлдіріп кетіп жатады. Елімізді көгалдандыру, елімізді таза сақтау біздің ең басты мақсатымыз болып табылады. Таза ауыл дегеніміз - ол тек Нұра ауданында ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатқан науқан. Бастау жасап, басқа жастарға үлгі беріп, бұл науқан одан әрі жалғасады деп ойлаймын.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 378.17
Евро 429.11
Рубль 5.88
В Нуринске сейчас: 8°C облачно
  • Дымқылдылық: 76%
  • Қысым: 717
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»