Кеше Нұра кенті «Тірек мектеп (РО) ЖОББ мектебінде «English for jastar» жобасы аясында Астана қаласы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің пресс-туры өткізілді

Кеше Нұра кенті «Тірек мектеп (РО) ЖОББ мектебінде «English for jastar» жобасы аясында Астана қаласы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің пресс-туры өткізілді. АҚШ және Қазақстан туризм қауымдастығының Президенті Дэвид Валера мен «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев, Inter Press мектебінің өкілі Юлия Миллер бастаған Астана, Қарағанды қалаларынан келген қонақтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мектеп оқушыларының арнайы дайындаған музыкалық  шашуын қызықтады. Сөз кезегінде  Дэвид Валера мырза Қазақстанның сұлу табиғаты мен халқының қонақжайлылығын, «English for jastar» жобасының мүмкіндігінің зор екендігіне тоқталды.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Д.Сүндетбаев АҚШ пен Қазақстан жастары арасындағы алтын көпір болған жобаның мол мүмкіндігін, жобаның басты мақсаты шалғай аудандарда орналасқан ауылды жерлердің 9-11 сынып оқушыларына ағылшын тілін үйренуін жетілдіру, олардың ағылшынша сөйлесу дағдыларын қалыптастыру екендігін тілге тиек етті. Тіл тасушы еріктілердің мақсаты жастарға таза тілдік білім беру, білімді жастарды ынталандыру, Қазақстан мәдениетін барынша зерттеп тану болып табылатынын баян етті.  Яғни, бұл жоба бойынша Қазақстанның төрт облысының ауыл мектептерінде ғана жүзеге асырылып келе жатса, Қарағанды облысына екі ерікті жол тартқан екен. Естеріңізге сала кететіні, бір ай уақыт мерзімінде Нұра ауданы «Тірек мектеп (РО) №3 Киевка ЖОББ мектебінде Лонг-Айленд университетінің түлегі, Нью-Йорктан арнайы келген ерікті Мириам Гринфилд 9-11 сынып оқушыларымен сабақ жүргізіп келеді. Ынталы, қарапайым, жұғымды мінезімен жастар жүрегіне жол тапқан Мириам ханымның ауыл тіршілігіне қызығушылуғы артып отыр. Мектептің оқушы жастарының білім мен ізденушілікке құмарлығын байқағанын да айтып қалды.

АҚШ-тан келген қонақтар жоба қатысушысы  Мириам Гринфилдтің дискуссиялық сабағына қатысты. Бағдарлама бойынша Мириам ханым 9-11 сынып оқушыларынан құрылған топқа сабақ өткізді. Сабаққа оқушылардан бөлек қонақтар мен мұғалімдер де қатысты.

Барысында жастардың қызығушылықтарының мол екендігіне, сөздік қорларының нығайғаны әрі еркін диалог құра алатындықтарына риза болдық. Келесі топқа Дэвид Валера мырза мотивациялық сабақ (4KZ tours) өткізді. Мириам ханым: «Нұраның салқын таза ауасы, халқының ашық-жарқын пейілі мені баурап алды. Мені қарсы алған нұротандықтар мен ұстаздар  шынайылықтарымен ерекшеленеді. Ең бастысы жастар көп білуге құштар.  Сондықтан да мен оларды сыйлаймын, жақсы көремін», — деді. Сабақтан соң ақпарат құралдары өкілдері оқушыларға да микрофон ұсынды. Әңгіме барысында жастар әсерлі кездесу көпке дейін көкейлерінде жүретіндігін де жасыра алмады. Кездесуден  соң коворкинг орталығына экскурсияға барды. Оқушылар аудан тарихы, қазақ халқының басқа ұлтта жоқ, теңдессіз салт-дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтарды ағылшын тілінде жеткізді. Пресс-тур қатысушылары мол мағлұматтарға қанықты.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 383.43
Евро 432.47
Рубль 6.12
В Нуринске сейчас: 32°C ашық
  • Дымқылдылық: 20%
  • Қысым: 708
  • Жел: 1 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»