Нұра ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

        E-G-1 санаты үшiн:  Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі біржылдан кем емес;
      3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
    E-G-3 санатына:Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21

желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық айлық ақысы:


Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

 

min

max

E-G-1

122424

164898

E-G-3

69957        

94109

«Нұра ауданы әкімінің аппараты» MM (100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Мынбаев көшесі, 44, анықтама телефоны: 8 (72144) 22685, факс: 8 (72144) 21721, электрондық пошта: a.utemisova@karaganda-region.gov.kz,d.uatay@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  • «Нұра ауданының Нұра кенті әкімінің аппараты» ММ әкімнің орынбасары(1 бірлік, № 0-1-1, E-G-1санаты):

Функционалдық міндеттері:Аудан және кент әкімінің өкімдердің және шешімдердің орындалуына бақылау жүргізеді. Кенттің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді. Шаруа (фермерлік) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша заңдардың орындалуын ұйымдастарады және қамтамасыз етеді. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Табысы аз адамдарды анықтауды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсету ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі– Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша, «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар»  мамандықтары бойынша, «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша, «ветеринария» мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша;                                                   Қазақстан Республикасынның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын,«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

  • «Нұра ауданы Балықтыкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-бухгалтері (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-3).

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік қаржылардың шығын сметасын және олардын есептеуін құрастыру. Штаттық кесте құрастыру. Айлық, тоқсандық баланстарды құрастыру, нышан, салықтар және аудармалар бойынша есеп жүргізу. Кіріс және шығын ордерлердің тіркеуін жүргізу. Зейнетақы аударымын аудару, бухгалтерия бойынша есептерді құрастыру. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарын орындау,  мемлекеттік сатып алу есебін құру және тапсыру. Инвентаризациалауды жүргізу. Инвентарьдың сақталуын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:
Білімі: Жоғары «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша) білімге рұқсат етіледі.                    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 371.31
Евро 419.32
Рубль 5.59
В Нуринске сейчас: -3°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 719
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»