Агенттіктік брифингіне 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.К. Тюлебаевтың тезистері

Құрметті қатысушылар!

Мемлекеттік қызмет институтын жетілдіру, оның ішінде, әрбір мемлекеттік қызметшінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін нығайту бұл Агенттіктің басты мақсаттары.
Бұдан басқа, заңды қатаң сақтауға, сондай-ақ моральдық-этикалық құндылықтарды насихаттауға айрықша рөл бөлінеді, яғни адам құқықтарын сақтау мәдениетін дәріптеу және бақылау мәселесі өзекті.
Агенттікпен жүйелі түрде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жүзеге асырылып, Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдердің қызметін үйлестіру жүргізіліп келеді.
2018 жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен 728 тексеру жүргізілді,. Бұл ретте, барлық тексерістердің 70%азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілгендігінатап өту керек.
Өтініштердің көптеп келіп түсуі халықтың Агенттіктің қызметіне деген сенімділігін артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, бұл халықтың бұзушылықтарға деген төзбеушіліктің көрінісі деп білеміз.
Жалпы, тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және қызметтік әдеп нормаларының 8000-ға жуық (7956) бұзушылықтары анықталды(2017 жылдың 8 айында 9546), оның ішінде: 
- мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасудың конкурстық тәртібі бойынша - 868;
- мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша – 662;
- үстеме жұмыс жасағаны үшін өтем ақы төлеу бойынша – 569;
- мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі бойынша – 562;
- Әдеп нормаларының бұзушылықтары– 417.
Есептік кезеңде тексеру нәтижелері бойыншазаңнама бұзушылығымен қабылданған шешімдердің күшін жою мақсатында мемлекеттік органдарға 396 ұсыныстар енгізіліп, оның 361-і(91,1%)орындалған, оның ішінде заңсыз қабылданған 33актінің және мемлекеттік органдардың 22 шешімінің күші жойылды.216 арызданушылардың құқықтары қалпына келтірілді (58,6%).
Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен қабылданған шаралардың нәтижесінде 419 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 8 айында Агенттікпен және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 243 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкімшілік жазалар бойынша бюджетке 10 528 333 тенге келіп түсті.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің және кеңестердің қызметіне байланысты
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарлатуда және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер және уәкілдер шешуші рөл атқарады. Олардың қызметі толығымен әдептілік бұзушылықтарының алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы алғанда, алдын алу шаралары тәртіптік тәжірибеде оң өзгерістергеәкелді, жекелеген бағыттарда әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды. 
Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерінің, әлеуметтік желілерде әдепсіз мінез-құлыққа байланысты бұзушылықтардың саны едәуір азайды. Ағымдағы жылы тек бірен-саран жағдайлар тіркелген.
Егер 2015 жылдан бастап даму динамикасын бақыласақ, онда әдептік құқық бұзушылықтар санының едәуір азаюын сеніммен айтуға болады (2015 жылы – 338, 2016 жылы – 228, 2017 жылы – 202, 2018 жылы – 139).
Бұл жағымды өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстаным танытуымен тікелей байланысты, және де бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдардың үлесі де аз емес.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басындамемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспар бекітілгенін айта кету қажет. Оныңаясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша шарлар жүзеге асырады. 
Оларөздерінің бастамасымен профилактикалық іс-шараларға қатысып, азаматтарға қабылдау жүргізіп, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратып және мейлінше өзекті мәселелерді қарауға бастама жасауда. 
Мәселен, Қостанай облысының Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен (Д.Ж.Жұмабаевпен) конкурстық рәсімдерді өткізу барысында заңнама нормаларының сақталуы бойынша Қостанай қаласының мемлекеттік органдарының сайттарына ауқымды мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде конкурстық іріктеу барысында анықталған бұзушылықтар үшін ҚРӘҚБтК 99-бабы1 бөлігіне сәйкес 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Тағы бір жарқын мысал, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесімен (М.М. Шур, Қостанай облысы) басшының қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде әдептілік нормаларын сақтамағаны, дөрекілік танытқаныанықталды.Нәтижесінде Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы (К.М. Әбішев)қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай – ақ, бүгінгі күнде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары зерделеніп, нәтижесінде 2500-денастам лауазымдық нұсқаулықтар қайта бекітілді. Қызметіне сай келмейтін және негізсіз жүктемелергеәкеп соқтыратын функциялар жойылды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарындамемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тарту фактілері қарастырылуда.
Заңсыз үстеме жұмысқа тарту фактілерін жою бойынша нақты нәтижелер бар.Орталық мемлекеттік органдарда қызметтік компьютерлердіавтоматты түрде сөндіру жүйесі енгізілді. Бүгінгі күнде бұл тәжірибе аймақтарға да таралуда.
Мемлекеттік Басқару академиясы және оның филиалдарында кадрларды даярлау бағдарламасы аясында басшыларға, сондай – ақ прокрастинацияға биіммамандардарға тайм-менеджмент дағдыларына оқыту курстары енгізілді.
Аумақтарда жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар үстеме жұмысқа тарту фактілерінің 20 пайызға азайғанын көрсетті.
Жылдың соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау бойыншажүргізілетін әлеуметтік зерттеулер қорытындысымен аталған бағыттағынақтыжағдайды көре алатын боламыз.
Бұдан басқа, барлық аумақтарда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша талдау жүргізілді, нәтижесінде50-ден астам еңбек демалысын бермеу фактілері, мемлекеттiк қызметшілерге iссапарда болған уақытында тәулікақытөлінбеуі бойынша 100-ден астам фактілер, мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру жәрдемақысынуақытында төлемеудің130-дан астам бұзушылықтарыанықталып және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға жолдаған кездегі 900 бұзушылық фактілері анықталды.
Осылайша, талдау барысындаӘдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімімен (А.К. Жанабаев, Рубежинский ауылдық округі) әрбір іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерден әкімдіктің қажеттілігіне деген сылтаумен жүйелі түрде ақша қаражатын заңсыз жинаған (5000 мың теңге) анықталды.
Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерден ақша қаражатын заңсыз жинау тәжірибесінің жолы кесілді.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруға қатысты 15 аумақта мемлекеттік қызметшілерге тегін медициналық көмек қамтамасыз етілді және спорттық нысандарғатегін бару мәселесі шешілді.
Бүгінгі күні аталған аумақтарда мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 30%-дан астамы(12495) спортпен шұғылданады.
БұлЕлбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласында көрсетілген («....салауатты өмір салтын ұстану мен кәсіби тұрғыданжетілу – мінез-құлықтың іскерлігі») бағыттарымен ұштасады.
Мемлекеттік қызметшілер қазіргі заман қарқынынан қалыспауытиіс. 

Моральдық-әдептілік құндылықтарды жоғарылатудың тағы бір құралы болып Әдеп жөніңдегі уәкіл институты табылады.
Бүгін, Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің керектігін дәлелдеді. Бұл соңғы екі жыл ішінде оларғакеліп-түскен өтініштер саныныңон еседен астам ұлғаюымен расталады
(2016 жылы - 445 азаматтардың, 2017 жылы - 3461, 2018 жылғы 8 ай ішінде - 7785).
Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынжүргізу болып табылады.
Осы мақсатпен олар жүйелітүрде өңірлергебарып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның барысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сауалнама өткізіп, сондай-ақ, азаматтарды қабылдау өткізеді.
Шара барысында азаматтардың және мемлекеттік қызметшілердің өтініштері тез арада қарастырылып және олар бойынша нақты шаралар қабылдануда. 
Әдеп жөніндегі уәкілдерқазірдің өзінде құқықтарды қорғау бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысты,іссапар және сыйақы беру кезінде, сондай-ақ жанжалды жағдайларын шешутәжірибесі қалыптасқан.
Осылайша, бүгінгі күні Әдеп жөніңдегі уәкілдерімен 104 өтініш берушілердің құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде 21 мемлекеттік қызметкерлер, 65жанжалды жағдайлар шешілді.
Әдеп жөніңдегі уәкілдердің қызметін ынталандыру мақсатында Агенттік Үздік әдеп жөніндегі уәкіл байқауын ұйымдастырады. 
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» екі номинациясы бойынша марапатталады.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз болып танылатын мемлекеттік орган «ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, біз құжаттарды қабылдаудың басталуын жариялаймыз, барлық тілек білдірушілербекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет: 
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) консультациялық көмек көрсету, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, алдын алу және түсіндіру іс-шаралары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп іске асырылатын жобалар сияқты критерийлер бойынша толық ақпаратты қамтитын есеп;
3) «Менің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық құндылықтары дамуына үлесім» тақырыбындағы мотивациялық эссе;
Агенттіктіңkyzmet.gov.kz. ресми сайтында барлық ақпаратты таба аласыздар.

Құрметті қатысушылар!
Бүгінгі күні, қарқынды дамып келе жатқан технология, жетілдірілген бизнес-процестер, жаһандану контекстінде мансаптық ілгерілету, бұл барлығы мемлекеттік қызметшілерден жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті талап етеді. 
Айти сауаттылық және шет тілдерін білуден басқа, сын тұрғысынан ойлау, тез тіл табыса білу,клиентке бағытталу және бастамашылдықбүгінтрендті дағдылар деп айтуға болады.
Бүгін, Агенттіктің алдындағы үлкен және жауапты міндет ол - инновациялық мемлекеттік қызметіне көшу, әрине, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсызоған қол жеткізу мүмкін емес. 
Біз жоғарыда аталған әлеуетті дамытудыңтиімді құралдарының бірі - екі жақтың интеллектуалдық дауға түсуі деп санаймыз.
Осыған байланысты,«Парасаттылық және заң үстемдігі - ұлттың табысты болуының кепілі» тақырыбындағы мемлекеттік қызметшілер және студенттер арасындағы республикалық дебат турнирінің басталуын жариялаймыз.
Республикалық дебат турнирі а.ж. 1 қазанында мемлекеттік қызметшілер мен студенттерден құралған32 команданыңарасындаөткізілетін болады.
Ұйымдастырушылар Агенттік, ҚазГЗУ және «Орда» дебат клубы болып табылады.

Құрметті қатысушылар!
Қорытындылай келсек, Агенттікпен қабылданып жатырған шаралар мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, олардың құқықтары мен мүдделерінің толығымен жүзеге асырылуына, қызметшілердің бойында адалдық және әдептілік қасиеттерін дәріптеуге бағытталған.

Назарларыңызға рахмет.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 369.35
Евро 421.47
Рубль 5.57
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 88%
  • Қысым: 719
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»