Изенді ауылына бара қалсаңыз, «Алакөл» қымызханасында болып, дәмі балдай қымыздан дәм татпай шығу мүмкін емес

Изенді ауылына бара қалсаңыз, «Алакөл» қымызханасында болып, дәмі балдай қымыздан дәм татпай шығу мүмкін емес

Изенді ауылына бара қалсаңыз, «Алакөл» қымызханасында болып, дәмі балдай қымыздан дәм татпай шығу мүмкін емес. Дәмі тіл үйіретін қымыздан біз де таттық. Қымызға жетер сусын табылсайшы. Жанға дауа, дертке шипа ұлттық сусынға не жетсін.
Жалпы Изенді ауылы — мал шаруашылығын мықты қолға алған «Отқанжар» серіктестігімен танымал. Серіктестік басшысы Қанат Отарбаев — облыс, республика көлемінде ауылшаруашылығы саласының Шопан ата төлі мен Қамбар ата түлігін баптап отырған теңдесі жоқ серіктестік басшысы. Міне, соның нәтижесі ауыл тұрғындары да осы кәсіптен табысын тауып отыр.
Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Жанар Айдарханова мен Гүлзира Акзамова. Жанар Айдарханова ауыл мектебінде технология пәнінен дәріс берсе, Гүлзира Акзамова- мектеп медбикесі. Қазіргі күнгі заман талабы болар, нарықтық мезгілге сай жаз айларында шағын кәсіппен айналысуда. Ауылдағы «Алакөл» қымызханасын жалға алып, «Отқанжар» серіктестігінен келісім-шарт арқылы алынған сары қымызды сапырып, бизнес ашып, істерін дөңгелетіп отырған жандар.
«Өнерліге өріс кең» демекші, он саусағынан өнер тамған қос кәсіпкер қымыздан бөлек қолдан түрлі ұлттық тағамдарды пісіріп, ауыл халқын қуантып отыр. Мұнда келушілер де көп. Тек қана тұрғындар емес, ауылға келген қонақтарды да осы мекеннен табасыз. Өйткені ұсынған дәмі таңдай қақтырса, қымыздың дәмін бір алған жан қайра келмеуі мүмкін емес. Ұлттық нақышта киіз үй үлгісінде жасалған қымызханаға аттап басқаннан көңіліңіз ерекше әсерде болады. Дөңгелек үстел басына емін-еркін отырып, ыстық бауырсақ пен сары қымыздан алып, шынтақтап жатып, домбыра шертіп, жан сарайыңыз ашылып сала береді.
Мұнан бөлек Жанар Айдарханова — ауыл балаларын қолөнерге баулып жүрген жан. Балалардың қолымен жасалған түрлі ұлттық нақыштағы бұйымдар аудандық, облыстық көрмелерден жүлделі орындар иеленген.
— Ауыл мектебінде 30 жылдан астам балаларды еңбекке баулып келемін. Өнерсіз бала болмайды. Өзімнің негізгі мамандығым болғандықтан болар, балаларды қолөнерге баулудан жалыққан емеспін. Ал мына жаз мезгілінде бастаған ісіміз бастысы өзімізге ұнайды. Табысы да жоқ емес, бар. Осымен екінші жыл қатарынан осы істі бастап, жүргізіп келеміз. Негізі кәсіпке үйренудің ерте-кеші жоқ қой. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халыққа жолдаған Жолдауында айтуда,- дейді Жанар Айдарханова.
Отбасында аяулы ана, сүйікті жар, мейірімді әже атанып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, шаңырағын шайқалтпай, айрандай ұйытып, қазақ әйеліне ғана тән көркем мінезділікпен үйде де, түзде де еңбегімен еленіп отырған Жанар мен Гүлзира ханымдардың берекелі ісіне сәттілік тіледік.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»