Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысының түсіндіру тобы К.Мыңбаев ауылында болып, халықпен кездесті.

Нұра ауданы әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов ашып жүргізген кездесуге Қарағанды облысының «Мемлекеттік сатып алу басқармасының» бастығы Мұрат Кадеков, Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Нелдібаев қатысты

Нұра ауданы әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов ашып жүргізген кездесуге Қарағанды облысының «Мемлекеттік сатып алу басқармасының» бастығы Мұрат Кадеков, Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Нелдібаев қатысты.
— Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы биылғы Жолдауы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін жедел жүзеге асыуы тиіс 10 жаңа міндетті белгілеп берді. Ел дамуының кезең-кезеңін сатылап жүйелеп келе жатқан үндеулермен салыстырғанда кезекті Жолдаудың басты ерекшелігі – қоғам өмірінің түрлі салаларында ІТ технологияларын тереңдей енгізіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолданысқа енгізуге бағытталуында. Елбасы өнеркәсіптік озық технологиялардың әлемдегі үздік стандарттарын қабылдау арқылы дамудың жаңа сапасына көшудің басты тетіктерін атап көрсетті,- деп кездесуді бастады түсіндіру тобының жетекшісі Мұрат Кадеков. Жолдаудың 10 бағытына жеке-жеке тоқталып, осыған сай өңір бойынша атқарылып жатқан істер жайлы кең ауқымда мағлұмат беріп өтті.
Кездесу барысында Ерлан Нелдібаев Н.Ә.Назарбаевтың 5 наурызда жарық көрген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жайлы жан-жақты мағлұмат беріді. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесінің қолжетімділігі, әсіресе осы бастама негізінде жүзеге асқалы тұрған «7-20-25» бағдарламасына кеңінен тоқталды. Елбасы ұсынған бастама бойынша жыл сайынғы 54 мың грантқа 20 грант қосылатыны, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бөлінетіні, студенттердің жағдайын жақсарту мақсатында 25 мыңнан астам орынға арналған студенттік жатаханалар салынуы да халық назарарына ұсынылды.

.
Т.Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 367.06
Евро 416.17
Рубль 5.56
В Нуринске сейчас: -6°C ашық
  • Дымқылдылық: 78%
  • Қысым: 724
  • Жел: 1 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»