Баршын ауылында Нұра ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған көркемөнерпаздар ұжымдарының «Теңіз толқыны» атты аудандық байқау-конкурсы болып өтті

Баршын ауылында Нұра ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған көркемөнерпаздар ұжымдарының «Теңіз толқыны» атты аудандық байқау-конкурсы болып өтті

Баршын ауылында Нұра ауданының 90 жылдығы және Астана қаласының 20 жылдығына арналған көркемөнерпаздар ұжымдарының «Теңіз толқыны» атты аудандық байқау-конкурсы болып өтті.
Халықтың өнерпаздық шығармашылығын одан әрі дамыту, репертуардың көркемдігі мен орындаушылық шеберлікті жақсы деңгейге көтеру және Қазақстан халықтарының мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілген шараға Теңіз өңірінен Құланөтпес, Талдысай, Жанбөбек, Баршын, Тікенекті ауылдары қатысып, 45 минуттық театрландырылған тақырыптық концерттік бағдарлама, бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнер ісмерлерінің көрмесі де қойылды. Шарада орындаушылық шеберлік, сахналық мәдениет, жанрдың жан-жақтылығы, жүргізушілер шеберлігі, сахналық киімдері бағаланды. Дәстүрге айналған сайыста дуэт, ұлттық аспаптағы ансамбль, театрланған көрініс, қазақ биі, үнді биі, т.б. шығармашылық жанрда өнерлерін әділқазыларға паш етті. Жаңа ұжымдар мен дарындарды анықтау барысында Баршын ауылынан Сарина Ақнұр Қайратбекқызы және Құланөтпес ауылынан Сұлтан Гүлдана Дарханқызы ерекше дауыс иесі ретінде танылып, аудан орталығына өнерін көрсетуге шақырылды, Жанбөбек ауылынан «Жігер» ансамблі үздік өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен, Талдысай ауылынан Ахметова Іңкәр Сағатқызы «Бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнер ісмері» номинациясымен марапатталды. Ұйымдастырылған байқауда қатысушылардың жеңіске деген құштарлығы жоғары болды. Нәтижесінде, үздік деп танылған Тікенекті ауылының көркемөнерпаздар ұжымы аудандық кезеңге жолдама алды.
Кеш соңында аудандық ардагерлер кеңесі төрайымының орынбасары, әділқазылар алқасының мүшесі Зарлық Мақсұтұлы байқауға қатысқан ауыл өнерпаздарына, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп:
— «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс”, -деген болатын. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына, сонымен қатар ауданның 90 жылдығы аясында ауданда жастарға тәрбиелік маңызы зор шаралар өтуде. Өтіп жатқан шара да өте дұрыс, себебі байқаудың арқасында ауданымыздың талантты жастарына қолдау көрсетіп, жастардың бойында өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыта аламыз, — деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Осылайша, өнерлі өрендердің басын қосқан бұл байқау жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жас өнерпаздардың шыңдалуына үлкен септігін тигізіп, шығармашылық қабілеттерін аша түсті.

А.А. Накупова
«Нұра ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» ММ


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 361.94
Евро 423.25
Рубль 5.40
В Нуринске сейчас: 22°C ашық
  • Дымқылдылық: 28%
  • Қысым: 709
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»