Мамырдың 16 күні Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов іссапармен Нұра ауданында болып, кент ішіндегі тұрғын үй құрылысымен және “Шахтерское” серіктестігінің жұмысымен танысты.

Мамырдың 16 күні Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов іссапармен Нұра ауданында болып, кент ішіндегі тұрғын үй құрылысымен және “Шахтерское” серіктестігінің жұмысымен танысты.

Облыс әкімі ат басын бірінші аудандық ауруханаға бұрды. Осы жерде аудан әкімі Н.Омарханов кезінде басқа мекемелерге беріліп қойған емхана ғимаратын аудандық ауруханаға қайтару туралы сөз қозғады. Облыс әкімі бұл мәселені мақұлдап, республика арқылы жұмыс жасап, қайтаруды облыстық денсаулық басқармасына тапсыратынын айтты.
Екі 24 пәтерлі үй құрылысы жұмыстарын көрген облыс басшысы бөлінген қаржы тиімді іске асырылып, тұрғындар игілігіне бағытталып жатқанына жақсы баға берді. Күзгі айларда тоқтап қалған осы екі үй құрылысына облыс басшысының қосымша қаржы бөлуіне байланысты жұмыс жақсы екпін алды, ал республикалық бюджет арқылы салынып жатқан Ақпасов көшесіндегі үйлер құрылысының алғашқы қадасы 25 сәуірде қағылса, бүгінгі күні 12 үйдің фундаменті құйылып, 2 үйдің қабырғасы да көтеріліп қалды. Облыс әкімі биылғы жылдың күзгі айларына дейін тұрғын үйлер құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.
Аймақ басшысының іссапары ауданымыздың ірі шаруашылығы «Шахтерское» серіктестігінде жалғасып, онда көктемгі дала жұмыстарының барысымен аудан әкімі Н.Омарханов таныстырды. “Шахтерское” шаруашылығының жұмысы туралы серіктестік басшысы Г.Прокоп баяндады. Бұл шаруашылықта заман талабына сай өзгерістер де енгізіп жатыр. Мысалы, бүгінгі күні саланы цифрландыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі және С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетінің өзара келісуімен «Нақты жер» пилоттық жобасы 500 гектарда іске асырылуда. Нарық сұранысына икемделген шаруашылық бидай үлесін жалпы егіс көлемінде 67%-ға дейін азайтып, 2017 жылға қарағанда картопты 200 гектардан 400 гектарға дейін, майлы дақылдарды 5184 гектардан 2294 гектарға дейін көтерген. Аудан бойынша атақты шаруашылықтың 2016 жылы негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 1183,3 млн. теңге болса, 2017 жылы 1494,3 млн. теңгені құрады. Аймақ басшысы осы іссапар кезінде “Шахтерское” серіктестігінде құны 850 млн. теңгеге салынып жатқан 12 мың тонналық картоп сақтау қоймасын және көктемгі дала жұмыстарының ұйымдастырылуын көрді.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»