20 сәуір күні «Тірек мектеп (РО) «№3 Киевка жалпы орта білім беретін мектебінде» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талқылау үшін конференция өткізілді.

Елбасы шығармаларына кітап көрмесі ұйымдастырылды.

20 сәуір күні «Тірек мектеп (РО) «№3 Киевка жалпы орта білім беретін мектебінде» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талқылау үшін конференция өткізілді. Елбасы шығармаларына кітап көрмесі ұйымдастырылды.
-Қазақ және орыс тілдерінде публицистикалық стильде жазылған бұл еңбекте елімізді әлемдегі өркениетті 30 мемлекеттің қатарына қосу міндетін жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Еліміздің келешегі — жастар қолында. Білім алу жолындағы жастарға жасалып отырған мол мүмкіндіктерді де осы кітаптан табуға болады, — дей келе, мектеп директоры С.Сагимбеков, — зияткерлік мектептер мен олардың таратып отырған тәжірибелерінің біздің өңірден де байқауға болатынын сөз етті.
Мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары бұл тарихи публицистика жанрында жазылған еңбектің ерекшелігі мол екендігін білді. Оған себеп кітапта еліміздің жаңа тарихы мен оның келешегіне қатысты нақты бағыттар көрсетілген. Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа туындысы егемен еліміздің тарихи энциклопедиясы екендігі анық. Мұнда Қазақстанның 26 жылда еңсерген белестері мен жетістіктері, ішкі және сыртқы сын-қатерлері баяндалған.
Конференция оқушылардың аралас сыныптардан екендігі ескеріліп, қазақ және орыс тілдерінде өтті. Тарих пәнінің мұғалімі А.Алпысов ұлттық құндылықтармен астасқан тарихи басылымдағы деректерге сүйене отырып, шынайылылығын саралап шықты. Тәрбие ісінің орынбасары Т.Н.Юнгенштейн, орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Аубакирова, жас маман А.Балабиева кітап бойынша өз ойларын ортаға салды. Түйіндей келе, бұл еңбек жаңа мемлекетті өз қолымен, өз бастамасымен тұрғызған аса ірі тарихи тұлғаның әрі жылнамасы, әрі дәуірнамасы деген тұжырым жасалды. Біз үшін бұл басылым — дәуірлік басылым болып қала бермек.
Нұрыш Нақыпова


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»