Шұбаркөл кенті мектебі жанындағы шағын орталықта салтанатты жиын өтті.

Шұбаркөл кенті мектебі жанындағы шағын орталықта салтанатты жиын өтті.

Шұбаркөл кенті мектебі жанындағы шағын орталықта салтанатты жиын өтті. Бұған себеп болған кент азаматы, “Шұбаркөл” шаруашылығының басшысы Оспанов Мустафа Абуұлы «Нұра ауданының 90 жылдығана – 90 игі іс» акциясын тиімді іске асыру және шағын орталықтың материалдық базасын өркендетуге сыйлық тапсырды (үлкен плазмалық телевизор). Жаны жомарт Мұстафа мырза осыған дейін де мектептен көмегін аяған емес. Сол үшін де өзіне ел риза. «Шұбаркөл көмір» АҚ еріктілері сыйлыққа 9 құс үйшіктерін орнатты.
Шұбаркөл кентінің әкімі Джазалиев К.С. халықтың атынан осы азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 548 Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Жарлығына сәйкес алты бала тәрбиелеп отырған Шекерова Бақыткүл Амангельдиновнаға «Күміс алқаны» салтанатты түрде табыстады. Осындай іс-шаралар Шұбаркөл кентінде өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбевтың Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолында аудан әкімі Н.И.Омарханов біздің шағын орталық алдағы уақытта толық күнге ауыстырылады деп айтқан болатын. Сол күнді үлкен үмітпен күтетінімізді жасырғымыз келмейді. Демеушілік жасар мырзалар барда, іске сеніммен аттауға болады деген үміттеміз.

С.Р. Шамсуарова
Шұбаркөл кенті кітапханашысы


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»