4 сәуірде Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов пен Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев Нұра ауданына қарасты Теңіз өңірінің су тасқынына қаупі бар елді мекен жерлерін тікұшақпен аралап өтті.

Мұндағы мақсат — аудан орталығынан 200-300 шақырым қашықтықта орналасқан және бүгінгі күні көлікпен қатынау тек Астана қаласы арқылы ғана мүмкіндігі бар өңірдің су тасқынына қаншалықты дайындығын және қауіпсіздігін бақылау.

Мұндағы мақсат — аудан орталығынан 200-300 шақырым қашықтықта орналасқан және бүгінгі күні көлікпен қатынау тек Астана қаласы арқылы ғана мүмкіндігі бар өңірдің су тасқынына қаншалықты дайындығын және қауіпсіздігін бақылау.
2015 жылғы су тасқынында аудан орталығын Теңіз өңірімен байланыстырып тұрған Кеңжарық көпірі шайылып кеткен. Сол су тасқынынан бері көктемде су жүрген уақыттан бастап, жаздың ортасына дейін бұл өңірге көлікпен қатынау мүлдем мүмкін емес. Астана қаласы арқылы қатынау себебі сонда.
Сапар барысында су тасқыны қауіпті бар Нығман, Ақтүбек, Қарақасқа, Баршын, елдімекендері мен Көң, Жаман көң өзендерінің арнасы, аса қауіпті Қарасай, Файз бөгеттерінің жай-күйі мен Құланөтпес, Баршын өзендерінен өтетін көпірлер қамтылды.
Су қоршауында қалған Құланөтпес ауылдық округінің Нығман ауылының халқымен кездесу өтті. Қорғалжын қорығының Теңіз көліне құятын Көң және Құланөтпес өзендері бойында орналасқан ауыл үшін көктемгі мұндай көрініс тосын емес. Ерте көктемнен әрдайым медициналық көмекті қажет ететін тұрғындар ауылдан шығарылған. Ауыл қажетті азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылған. Осы уақыт аралығына деп аудандық ауруханадан арнайы дәрігер де жіберілген. Бүгінде су деңгейі жергілікті атқарушы органдардың қадағалауында, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылған. Ауылға тек моторлы қайық арқылы ғана қатынайды. Осы сапар барысында моторлы қайыққа қосымша қуат күші жоғары қозғалтқыш та жеткізілді. Осындай алдын алу шаралары су тасу қаупі бар Ақтүбек ауылында да жүргізілген.
Арнайы жұмыс сапарымен шыққан топ Баршын ауылына да тоқтап, бұл жерде жергілікті қауымдастық өкілдерімен қатар, Талдысай, Құланөтпес, Баршын, Жанбөбек, Тікенекті ауыл әкімдерімен кездесіп, көктемгі су тасқынына дайындық шараларын пысықтады.
Кездесу жүрген елді мекендер тұрғындары арнайы келіп, көктемгі су тасу науқанына дайындық пен атқарылған шараларға бақылау жүргізген басшыларға алғыс білдірді.
Жалпы бұл өңірді аппақ қар басып жатқанымен, су тасу қаупі жоғары деп бағаланған Ақтүбек, Нығман, Бестамақ елді мекендері тәуліктік бақылауға алынған. Алдағы күндері, сең қозғалған шақта, тағы да тікұшақпен бақылау сапары жоспарлануда.

Тазагүл Пішенбаева


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»