5 сәуір күні аудан орталығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының қатысуымен Елбасы жариялаған 5 әлеуметтік бастаманы талқылауға арналған жиын өтті.

Отырыс басында партия филиалының төрағасы, Нұра ауданының әкімі Н.Омарханов әлеуметтік жаңғыруға бағытталған 5 бастама ел тұрғындарына, әсіресе, ауыл халқына деген қамқорлық екендігін ерекше атап өтті.

Отырыс басында партия филиалының төрағасы, Нұра ауданының әкімі Н.Омарханов әлеуметтік жаңғыруға бағытталған 5 бастама ел тұрғындарына, әсіресе, ауыл халқына деген қамқорлық екендігін ерекше атап өтті. Елбасының бес әлеуметтік бастамасында баспана алудың жаңа мүмкіндіктері, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігін арттырып, студенттердің жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.
Аудандық мәслихат депутаттарының, ауыл әкімдерінің, мекеме және бөлім басшыларының басын қосқан жиында Мәжіліс депутаттары Б.Мамраев, В.Олейник, К.Мұсырман халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастаманың тиімділігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, жоспарға сәйкес аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдады. Сол күні Мәжіліс депутаттары жұмыспен қамту орталығында болып, іссапар аяғында С.Сейфуллин атындағы мектеп мұғалімдерімен кездесті.

С.Сатыбалдин


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»