Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы басталысымен, табиғат біткен жадырап

Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы басталысымен, табиғат біткен жадырап, адам атаулының жүзіне жылылық ұялап, асыға күткен әз Наурызға аман-есен жеткендеріне қуанып, жүздеріне шуақ тарай бастады.

Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы басталысымен, табиғат біткен жадырап, адам атаулының жүзіне жылылық ұялап, асыға күткен әз Наурызға аман-есен жеткендеріне қуанып, жүздеріне шуақ тарай бастады. Осы себептен де де халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деп жатса керек. Нұра ауданының Өнер мектебінде «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Қызғалдақтай құлпырған қыздар мың бұралып билесе, күмбірлеген домбыраның көкейінен күй төгілді. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты зерделі ел жыл басы Наурызды қараңғының жарыққа, ызғардың жылыға, қараның аққа, сордың баққа, кесірдің киеге, жоқтың барға ауысатын талайлы табалдырығы деп танығандығын «Жер-Ана» қойылымы арқылы көрсете білді. Жаңа жылдың алғашқы таңы атып, күн шыққанда, күннің «Құты» дарыған кісі мол ырысты болады деп ырымдалып, «Қызыр түнін» күзетіп шығады. Таң бозарып ата бастаған кезде, ауыл-аймақта үлкен-кіші демей биіктеу жерге жиналып, күнге қарап: «Армысың, Қайырлы Күн — Ана! Армысың, кеудесі түкті Жер — Ана!» деп, амандық-саулық біліскенде, Қызыр баба қол жайған барша халыққа батасын беретін болған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері табиғат тағылымдарын кие тұтып, ырым-тыйымдарға сенумен келеді. Соның бірі аластау рәсімін театрландырылған көрініс арқылы жеткізді. Наурыз туа, қазақ халқының дайындығы аластаудан басталады. Пәле-жала, ауру-сырқау, реніш-қайғы өткен жылда қалсын, отпен жанып кетсін деп, аластау рәсімін жасайтын болған. Өнерлі қыздар аластау рәсімін нақышына келтіріп орындады. Би билеп, ән салды, күмбірлеп күй тартылды. Ұлтымызға тән мәдени, рухани маңызы зор дәстүрлер мадақталды. Ұлың оң болсын, ағайын!


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»