Ардагерім - асыл ерім!

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін еңгізу туралы шешім қабылданды.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін еңгізу туралы шешім қабылданды. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған ауылымыздың азаматы Ауған соғысының ардагері Исжанов Темірғали Мұқатайұлы.
Ағамыз 1985 жылы әскер қатарына шақырылып, Ауғанстан астанасы Кабул қаласына түскен екен. 1987 жылы Отан алдындағы борышын аяқтап ауылына оралған.
Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің апараты және мектеп ұжымы бірлесіп Ақпан айының 14-ші жұлдызында Темірғали Мұқатайұлын мерекесімен құттықтау мақсатында мерекелік іс-шараға шақырдық. Жиынымыздың басы мемлекеттік әнұранмен басталды. Ауылымыздың әкімі Жеңіс Күлмағанбетов өзінің құттықтау сөзін айтып өтті. Ағамыз оқушыларымыздың дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалап, өзінің ойымен бөлісіп отырды. Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде мектеп оқушылары мерекелік бағдарламасымен қуантты.
Б.Д.Азимбеков


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»