Адамзаттың асыл тәжі

«Біз - мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген.

«Біз - мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.»
Н.Назарбаев
Сәрсенбі күні Нұра ауданының орталығы Нұра кентінің мәдениет үйінде Мәуліт мерекесінің құрметіне «Адамзаттың асыл тәжі» атты рухани кеш өткізілді. Кешке Пайғамбарды үлгі тұтқан адамзат атаулы, жалпы жамағат, аудан басшылары, бөлім меңгерушілері мен ұстаздар, жастар мен оқушылар қатысты. Кеш мәдениет үйі қызметкерлерінің «Аллаға шүкіршілік» қойылымымен басталды.Өз рөлдерін шебер сомдаған қызметкерлер астамшылық пен қарапайымдылықтың, кісілік пен кішіліктің қадір-қасиетін салмақтады. Мәуліт оқудың сауабын тойға ұластырудың қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеген кеш болды. Әуелгі құттықтау сөз кезегі Нұра ауданы әкімінің кеңесшісі Шайжанов Байдолла Қараұлы беріледі.Байдолла Қараұлы тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы, халықтар бірлігі, ұлтаралық татулық екендігін тілге тиек етті.
Шапағаты мол Мәуліт мерекесінде дүниеден өткен ата бабаларымыздың рухына арнап Бұқар жырау ауданы Амангелді ауылының бас имамы Баубеков Аманжан қари құран оқыды. Нұра ауданының бас имамы Құмар Қоныскерей қажы адамгершіліктің асыл қасиеттері туралы уағыз айтты. Теміртау қалалық №2 мешіттің бас имамы Мирзоев Алимбек және Нұра ауданының барлық ауыл имамдары Мәуліт оқыды.
Рухани кеш соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ән кешіне жалғасты. Мәуліт мерекесіне жиналған қалың көпшілік ауыл мешітінің асханасына асқа жиналды. Мол дастарханнан астанған көпшілік бірлік пен береке ынтымақтас-
тықта, шүкіршілік пен қанағатшылдықта екендігін әңгімеледі.
Мереке қарсаңында жасөспірімдерге Мәуліт мерекесінің шынайы мейрам екендігін дәріптеу мақсатында Нұра ауданы орталық мешітінің ұйымдастыруымен жабағы жарыс өткізілді. Жарысқа 18 жабағы қатысты. Бірінші орынды ақмешіттік Мусин Махамбет, екінші орынды кертінділік Козбаков Еркебұлан алса, ақмешіттік Намысов Алисұлтан үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар да, қатысушылар да сый-сияпаттан құр қалмады.Бірінші орынға қой, екінші орынға он бес мың, үшінші орынға он мың, жалпы қатысушыларға жаппай ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ аз қамтылған бес отбасына азық-түлік, киім-кешек берілді. Мәуліт мейрамының ұйымдастырылуына бөлім басшылары, имандылықты серік еткен халық демеуші болды.Алланың рақымы жолындағы қадамдарыңыз сауаптан болсын!
Нұрыш Нақыповам


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.04
Евро 420.99
Рубль 5.58
В Нуринске сейчас: -11°C облачно
  • Дымқылдылық: 90%
  • Қысым: 722
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»