Қызметтік іс – сапарлар жалғасуда

15 ақпанда аудан әкімі Н.Омарханов қызметтік іс –сапармен Майоровка ауылында болып дәрігерлік амбулаторияның, А.Асылбеков мектебінің жағдайымен танысты.

15 ақпанда аудан әкімі Н.Омарханов қызметтік іс –сапармен Майоровка ауылында болып дәрігерлік амбулаторияның, А.Асылбеков мектебінің жағдайымен танысты. Мектеп жаңа компьютерлермен, басқа да жабдықтармен қамтылған. Ал сол жаңа оқыту құралдарын тиімділігін тексеру үшін аудан басшысы бастауыш сынып сабағына қатысып, проектор – экран- компьютер құралының қолдануын көріп жақсы баға берді. Шағын орталық бөлмелері заман талабына сай балаларға тәлім тәрбие беруде. Кітапхана және медицина кабинетіне де оқушыларға қолайлы жағдай жасалған. Бірақ медицина кабинеті денсаулық саласына берілгеннен бері күні бойы жұмыс істейтін медбикелердің жалақысы 50 пайызға төмендеп қалыпты.
Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына қарсы жер бөгетінің шеткі үйлерге тым жақын екенін көрген аудан басшысы бөгетті қайта құру қажеттілігін айтты.
Байтуған ауылының әкімі Қ.Теміров аудан басшысын орта мектептің және мәдениет үйінің жұмысымен таныстырды. Осы екі ауылдың әлеуметтік сала субъектілерінің жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Н.Омарханов оқушылардың білім сапасын жоғарлату мақсатында биылғы жылы аудан мектептеріне компьютерлердің орнына «проектор- экран – компьютер» құралдары алынып, аудан мектептерінің кітапханаларын көркем әдебиет кітаптарімен қамтамасыз ету, облыстық денсаулық басқармасына мектеп медбикелердің жалақысы 50 пайызға азайып қалғаны жөнінде хат дайындау, электрондық журнал, «Білім ал», т.б. жаңа жобалар туралы ақпарат «Нұра» газетіне беру, барлық мәдениет үйлерін «Грюнфос» циркуляциялық насостарымен қамтамасыз ету және Майоровка ауылында көлемді жер бөгетін құру туралы тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
С.Сатыбалдин


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.04
Евро 420.99
Рубль 5.58
В Нуринске сейчас: -11°C облачно
  • Дымқылдылық: 90%
  • Қысым: 722
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»