Есептік кездесулерден кейінгі іс -сапар.

Ақпанның 13 күні аудан әкімі Н.Омарханов Балықтыкөл, Қантай, Алғабас, Ақмешіт, Кертіндіде болып ауыл әкімдерінің жұмысымен, көктемгі су тасқынына дайындық және жылыту мауысымының тұрақты өтуімен танысты.

Ақпанның 13 күні аудан әкімі Н.Омарханов Балықтыкөл, Қантай, Алғабас, Ақмешіт, Кертіндіде болып ауыл әкімдерінің жұмысымен, көктемгі су тасқынына дайындық және жылыту мауысымының тұрақты өтуімен танысты.
Жөндеуден өткен Балықтыкөл ауылына баратын жол көлік қатынасына өте қолайлы жағдайда. Ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау ұйымдастырылып, мектеп жылумен қамтамасыз етуі тұрақты жағдайда. Шағын орталықта 16 бала мектепке дейінгі дайындықпен қамтылған.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері бұл ауылға аяқ баспаған сияқты. Ауыл кітапхана жұмысы заман талабынан қалып қойған екен. Стеллаждарда сарғайып кеткен ескі газеттер арқылы елімізде болып жатқан саяси және мәдени жаңалықтарды ауыл тұрғындарына толық жеткізуге мүмкіншілігі жоқ. «Орталық Қазақстан» және «Нұра» газетінен басқа ешқандай басылымдар кітапханаға қарастырылмаған.
Қантай ауылындағы Д.Шалабеков атындандағы шағын мектептің қазандықты су айналдыратын насоспен қамтылмағандықтан мектеп басшылары аязды күндері көп қиыншық көрген сияқты. С.Талжанов және М.Сүлейменов мектептерінде жылыту маусымынан тұрақты өтіп жатыр, бірақ Ақмешіт ауылы мектебінің спортзалы және қосымша бөлме шатырын жөндеу мәселесі анықталды.
Ауылдар тынысымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді.
Балықтыкөл мектебінің балалар шағын орталығын толық күнге ауыстыру үшін дем алатын қосымша бөлмені жөндеп, балаларға лайықты жағдай жасауын, мектепке су тартуын және спортзалға тиімділігі көп жарық шамдарын орнату. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшы мамандары Балықтыкөл ауылының кітапханасына тиісті әдістеме және басқада көмек көрсету.
Мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшылары жалпы барлық аудан кітапханаларына барып, әдістемелік көмек көрсетіп, оқырмандармен тематикалық түсіндірме кездесулерін өткізу. Қантай ауылының мектеп қазандығына электр қуатын үнемдейтін су айналдыру насосын және вентилятор орнату. Демеушілер арқылы мектеп қоршауын айырбастау. С.Талжанов мектебі спортзалының және қосымша шағын бөлменің шатырын жөндеу сметалық құжаттар дайындау. М.Сулейменов мектебінің бастамасын «Нұра ауданының 90 жылдығына -90 игі іс» жоспарына еңгізу. (М.Сулейменовқа арналған естелік композиция). Барлық аудан мектептері қазандықтарының жұмысын тексеру. Аудан білім беру бөлімінің алдында барлық мектептер қазандықтарына қосымша үнемді циркуляциялық 1 фазалық насостар орнату жұмысы тұр. Аудан мектептерінің, клубтарының, емханаларының жылыту жүйесін кешенді зерттеп, кемшіліктерді жою және қазандықтарын үнемді жабдықтармен қамтасыз ету.
С.Сатыбалдин


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»